You are here

«Каспий итбалығы: қазіргі жағдайы және келешегі» атты семинар-мәжіліс туралы баспасөз ақпараты (Ақтау қаласы, 5 маусым 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Эко Маңғыстау» Үкіметтік емес ұйымымен бірге Бас прокуратураның, Атырау облысы прокуратурасының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің, сонымен қатар, Қазақстан және Ресейдің жетекші ғалымдарының, мұнай, кеме қатынасы компанияларының қатысуымен «Каспий итбалығы: қазіргі жағдайы және келешегі» атты семинар-мәжіліс өткізді.

Осы семинарды өткізуге себеп болған жағдай – Каспий итбалығының популяциясы санының күрт азаюы. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін популяция саны айтарлықтай азайған. 1996 жылы Каспий итбалығы IUCN (International Union for Conservation of Nature) тізіміне осал түр ретінде енгізілген болатын. 2008 жылы Халықаралық табиғат қорғау одағы Каспий итбалығын Қызыл кітабына «жойылу қаупі төнген түр» санаты тізіміне енгізді.

Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, осы уақытқа дейін итбалықтардың азаю оқиғалары әлі де жалғасуда. Жалпы алғанда, табиғат қорғау ұйымдарының мәліметтері бойынша Солтүстік Каспий аралдарындағы және Қазақстан, Ресей Федерациясы (Дағыстан) және Әзірбайжан жағалауларындағы итбалықтың қырылуы шамамен 25-30 мыңды құраған, бұның дәл себептері әлі де белгісіз болып қалып отыр.

Өкінішке орай, жаппай қырылу оқиғалары 2006, 2007, 2009, 2010 жылдары да орын алды. Бұл итбалықтардың қырылу оқиғаларын анықтаудан тұратын жұмыстың, зерттеулерді тек итбалықтардың қырылу оқиғалары бойынша жүргізудің жеткіліксіз екенін көрсетеді және анағұрлым батыл шаралар қолдануды қажет етеді.

Осыған орай, Каспий итбалығының жойылу қаупінің аса жоғары дәрежесін ескере отырып, осы семинар ұйымдастырылды, онда Каспий итбалығын сақтау мәселесін шешу жолдары талқыланды.

Семинар-мәжілістің нәтижелері бойынша Каспий итбалығын толық ауқымды зерттеуді өткізу және әрі қарай мониторинг жасау, мұнай өндіруші және кеме қатынасы компанияларыныңэкологиялық заңнама талаптарын сақтауын бақылауды күшейту, кемелердің жағымсыз әсерін азайту мақсатымен олардың жүзу бағдарларына түзету енгізу, Каспий теңізінің қайраңында мұнай өндіру кезінде, сонымен бірге қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдау кезінде қоршаған ортаның ластануын азайту және техногенді апаттар қаупін болдырмау мақсатымен компаниялардың заманауи технологияны қолдануын талап ету, Каспий теңізінің аквоториясында браконьерлерге қарсы тұрақты шараларды қолдану туралы ұсыныстар қабылданды.

Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.