You are here

Бейнеконференциялық байланыс жүйесі арқылы азаматтарды қабылдады (Атырау, 12 маусым 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысы прокуратурасында жеке қабылдау жұмысы жаңаша әдістермен ұйымдастырылуда.

Осындай әдістердің бірі ретінде бейнеконференциялық байланыс жүйесі арқылы азаматтарды қабылдауды айтуға болады.

Жеке қабылдаудың бұл түрі шалғай елді-мекен азаматтарын тұрғылықты жерінен ұзамай, облыс прокуратурасы басшыларымен нақты уақыт режимінде тілдесіп, көтерген мәселелерін шешуге бағытталған жауаптар алуларына мүмкіндік береді.

Осындай кезекті қабылдау барысында облыс прокуроры Сайфулла Кемалов Құрманғазы ауданы азаматтарының көтерген мәселелерін тыңдап, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді және кәсіби кеңестер берді.

Мысалы, жеке қабылдауға келіп, ұлын жоғары оқу орнына оқыту үшін материалдық көмек көрсетуді сұраған М.Жұмахметоваға білім туралы заңнаманың талаптары, сонымен қатар, баласын жоғары оқу орнына жіберуге көмек көрсету сұрақтарымен аудан әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның көмегіне жүгіну мүмкіндігі түсіндірілді.

Бұдан басқа, облыс прокуроры жеке қабылдаған С.Кайрмеденова, А.Ташекенова және Г.Абдраимоваға Қазақстан Республикасының «Жер туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңнамалары бойынша түсініктер берілді.

Азаматтардың прокуратура органдарына сенімін арттыру бағытында жұмыстар жалғаса бермек.

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.