You are here

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ (Астана қаласы, 2012 жылғы 29 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұған дейін хабарланғандай, 2012 жылғы 11 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамалы кентінің Сейфуллин көшесіндегі № 98 үйде жарылыс болып, нәтижесінде 9 адам қаза болған еді. Қаза болғандардың төртеуі әйел адам, бесеуі балалар.

Тексеру кезінде үйден және шаруашылық жайлардан Калашников қол пулеметі, 4 автомат, 2 тапанша, 2 револьвер, «Вепрь» карабині, шолақ мылтық, үлкен көлемдегі оқ-дәрілер, 7,5 қапшық селитра және қолдан жасалатын жарылғыш құрылғының басқа компоненттері, жанғыш сұйық қоспасы бар 5 ыдыс, 4 рация және полицейлік әбзел табылған.

Бұл факт бойынша сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 233 баптарымен (терроризмге дайындалу) қылмыстық іс қозғалған.

Қылмыстық істі тергеу барысында бұл фактіге басшысы және белсенді мүшелері Таусамалы кентіндегі жарылыстан жәбірленбеген және құқық қорғау органдарынан бой тасалап қашып үлгерген ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы бар екендігі туралы объективті дәлелдер табылды.

Көрсетілген қылмыстық топтың құрамына 13 адам кірген, оның 9 бұған дейін ауыр қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған.

Атап айтқанда, топтың есірткіге тәуелді басшысы «Четыре брата» ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған және қаруды заңсыз сақтағаны және бопса жасағаны үшін екі рет сотталып, 10 жылдан астам уақыт бас бостандығынан айыру орнында болған.

Діни экстремизм идеологиясына бой ұрған қылмыстық топтың мүшелері өздерінің заңға қайшы әрекеттеріне сылтау тауып, жаңа қылмыстар, соның ішінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарында террористік актілер жасауды жоспарлаған.

Өздерінің қылмыстық пиғылдарын іске асыру мақсатында топ мүшелері бой тасалауды қатаң ұстанған, бір-бірімен тек лақап аттарымен тілдескен, тұрғылықты жерлерін үнемі ауыстырып отырған, жалған құжаттарды немесе бөтен адамдардың жоғалған құжаттарын пайдаланған.

Құқық қорғау органдарымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы мен мүшелері 2012 жылғы 16 тамызда Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округінің «Таң» саяжай алабы үйлерінің бірінде екендігі анықталды.

Берілу жөніндегі бірнеше қайталанған ұсыныстарға олар қарсылық білдіріп, арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарулардан оқ ата бастаған.

Бұл ретте арнайы бөлімшенің бір қызметкері оқ тиіп, жарақат алды.

Осыған байланысты, дереу терроризмге қарсы операция жүргізу жөнінде шешім қабылданды, жақын тұрған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге жеткізіліп, оқшаулау ұйымдастырылды.

Арнайы операция кезінде қылмыскерлер жасырынған үйде өрт шығып, төбе жабындысының құлауына және үй-жайдың едәуір бөлігінің жануына әкеп соқты.

Бүгінгі күнге оқиға болған жерден 13 адамның өртеніп кеткен мәйіттері табылды.

Барлық мәйіттер бойынша өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық және жеке бастарын анықтау үшін геномдық сараптама белгіленді.

Оқиға болған жерден бірнеше атыс қаруы және үлкен көлемдегі оқ-дәрілер, әскери жабдық элементтері, сондай-ақ діни тақырыптағы кітаптар табылды.

Сондай-ақ, терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде үйде қылмыскерлерден басқа адамдар бар екендігі жөнінде деректер болмағанын атап өтеміз.

Алайда, арнайы операцияның аяқталу барысында үйде қылмыскерлермен бірге кәмелетке толмаған адамның болғаны белгілі болды.

Қылмыстық топ мүшелерінің анықталған әйелдерінің жауаптарына қарағанда, олардың күйеулері өз балаларын аналарымен араластырмай, ұзақ уақыт бойы және күштеп ұстап отырған көрінеді.

Сонымен қатар, өздерінің әйелдерін өздігінен далаға шығуларына және туыстарымен байланысуларына тыйым салып, құжаттарсыз және ақшалай қаражаттарсыз Алматы қаласындағы және қала маңындағы әртүрлі жалдамалы пәтерлерде қамауда ұстаған.

Атап айтқанда, 2012 жылдың 20 шілдесінен 12 тамызына дейін қылмыстық топтың мүшелері 6 әйелді балаларымен бірге Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағы аумағындағы таулы-орманды жерде салынған берік жертөледе ұстаған.

Бұл әйелдердің жауаптары бойынша осы жертөленің ішінде қылмыскерлердің әйелдерінің біреуі 2012 жылғы 4 тамызда босанған.

Қазіргі уақытта тергелудегі іс бойынша куә ретінде өтіп жатқан осы әйелдермен дәрігерлер және психологтар жұмыс жасауда.

Қылмыстық іс бойынша тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.

Қылмыстық топтың жойылған мүшелерінің Ақсай шатқалында жасалған жаппай кісі өлтіру оқиғасына қатыстылығы жөніндегі болжам тексерілуде.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес ашылмайды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.