Баспасөз ақпараты (Астана қ- сы 5 маусым 2012 ж.)

05 маусым 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мыналарды хабарлайды:

2012 жылдың 5 айында елдегі тіркелген қылмыс деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 78,0%, оның ішінде ауыр қылмыс 27,0% өскен.

Қылмыстылықтың бұрынғы жылдары есептен неғұрлым көбірек жасырылатын қылмыстардың мынадай түрлері бойынша артқаны байқалды: ұрлық - 102,6% (34 775-тен 70 454-ке), бұзақылық - 127,2% (2 851-ден 6 478), алаяқтық - 88,2%(4 415-тен 8 309-ке), тонау - 48,2%(5 855-тен 8 677-ке) өскен.

Қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстардың басым бөлігін (83%) құрайды.

Қылмыс құрылымында аса ауыр қылмыс 1,3% (1 439), ауыр– 11,7% (13 277), ауырлығы орташа 79,2% (89 559), аса ауыр емес - 7,8% (8791) құрайды.

Еліміздің барлық аймақтарында қылмыстың өсуін 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап республиканың құқық қорғау органдарында арыз бен өтініштердің барлық түрін бірыңғай тіркеудің енгізілуімен, сондай-ақ қылмыстарды, оның ішінде орташа және жеңіл қылмыстардың жалпы ашылуына көрсеткіш қууға, ақыр соңында қылмысты жасыруға алып келетін өлшеммен баға беруден бас тартумен түсіндіруге болады.

Жалпы, еліміздегі қылмыстылық ахуалы қалыпты, өйткені керісінше ауыр қылмыстар деңгейі 2,8%, кісі өлтіру 3,6% төмендеді.

Сөйтіп, тіркеудің ашықтығы мен қылмыстың ашылу көрсеткішін көтермелеуге мүдделіліктің жоқтығы қылмыстарды тіркеудің нақтылығын қамтамасыз етіп, қылмыстылық үдерістерге әсер ететін шарттар жиынтығын алға тартты.

ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу