You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 25 қыркүйек 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен мемлекет кірісіне өндіріп алу бойынша атқарушылық өндіріс саласындағы, сондай-ақ сот актілерін қасақана орындамау фактілері бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау барысындағы заңдылықтың жай-күйіне арналған Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті.

Алқа жұмысына Жоғарғы Сот, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ішкі істер министрлігі, өзге де министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, бейнеконференциялық байланыс арқылы аумақтық прокурорлар және облыстардың ішкі істер, атқарушылық өндіріс органдарының өкілдері қатысты.

Алқада атап көрсетілгендей, атқарушылық өндірістегі қанағаттанарлықсыз жағдайдың басты себептерінің бірі сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастырудағы кемшіліктерде, олардың өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауында, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіре отырып өкілеттіктерін асыра пайдалануда болып отыр.

Тергеушілер осы санаттағы қылмыстарды тергеуге ерекше мүдделілік танытпайды. Жергілікті жерлердегі прокурорлар да сәйкес ықпал ету шараларын үнемі қабылдай бермейді. Ал заңнамадағы кемшіліктер көбінесе кінәлі тұлғаларға жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде сот шешімдерін қасақана орындамау туралы арыздардың бір пайызы бойынша ғана қылмыстық істер қозғалады, ал олардың жартысынан азы ғана сотқа жіберіледі. Мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы сот актілерінің жартысынан азы нақты орындалады. Ал өндірілген соманың 5 пайызы ғана бюджетке түседі. Мысалға, ағымдағы жылдың бірінші жартысында сот орындаушылары 850 040 атқарушылық құжаттан тек 392 051 құжатты, немесе 46,1%-ын ғана өндіріспен аяқтаған. Бюджетке өндірілуге жататын 1,5 трлн теңгеден 73 млрд теңге өндірілген.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тәркіленген мүліктерді республикалық меншікке тікелей берудің ерекше тәртібін енгізуге, тыйым салынған мүлікті комиссиялық негізде сататын сауда ұйымдарының, сондай-ақ аукцион формасындағы саудалардың қызмет тәртібін заңды түрде реттеуге қатысты заңнамаға өзгерістер енгізуге бастама көтеру ұсынылды. Сонымен қатар тәркіленген мүлікті ысырап қылу және оларды төмендетілген бағасымен беру фактілері бойынша сәйкес жауапкершілік шараларын қабылдау ұсынылды.

Борышкерлерге құқықтық әсер ету тетіктерінің бірі қылмыстық жауапкершілікке тарту болып табылады. Бірақ сот актілерін орындаудан қасақана жалтару туралы қылмыстық істерді тергеудің жағдайы да күрделі болып отыр. Қылмыстық қудалау органдары сот актілерін қасақана орындамау фактілері бойынша қылмыстық істі өте аз қозғайды. Мысалы, сот қаулыларын қасақана орындамау туралы тіркелген 4 085 хабарлама бойынша небәрі 84 іс қозғалған.

Осыған орай прокуратура органдарына сот шешімдерін қасақана орындамау жөніндегі істер бойынша заңнаманы бұзғандары үшін полиция қызметкерлеріне прокурорлық қадағалаудың әрекет ететін шараларын қабылдауды, уәкілетті органдардың күш-жігерін сот шешімдерін қасақана орындаудан бас тартып жүрген тұлғалардың мүліктері мен ақшалай қаражаттарын анықтауға бағыттауды тапсырды.

Ішкі істер министрлігіне қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, формализм және сөзбұйдаға салу фактілерін болдырмау қажеттілігі көрсетілді.

Бас Прокурор анықталған бұзушылықтарды жоюға және атқарушылық өндіріс тиімділігін арттыруға, мемлекеттің экономикалық мүдделерін бұзу фактілерін болдырмауға бағытталған үйлесімді әрекеттер жасауды талап етті.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.