You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 14 қыркүйек 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурордың төрағалық етуімен Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда терроризмге және діни экстремизмге тосқауыл қою мәселелері талқыланды.

Жиналыс жұмысына сондай-ақ Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, ҰҚК, ЭҚСЖКА, ішкі істер, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Дін істері жөніндегі агенттіктің басшылары қатысты.

Бейнеконференциялық байланыс арқылы өңірлік құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, сонымен қатар облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Отырыста атап көрсетілгендей, бүгінде экстремизм еліміздің ұлттық қауіпсіздігі үшін айтарлықтай қауіпке айналып отыр. Сондықтан қалыптасқан жағдай туындап отырған қауіп-қатерлердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі күш-жігерді одан әрі біріктіруді, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруды, осы бағыттағы жұмыстардың әрекет ететін жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеуді талап етеді.

Осыған байланысты экстремистік діни идеологияның таралуына тосқауыл қою бойынша тиімді әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін қабылдаудың, ақпараттық-ағартушылық іс-әрекеттің белсенділігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша терроризмге қарсы іс-әрекетті үйлестіру тетіктерін жетілдіруге, терроризм мен экстремизмнің алдын-алу мен жолын кесудің тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтар мен қоғамның террористік қауіп-қатерден сенімді түрде қорғалуын қаматамасыз етуге бағытталған бірлескен шешімдер қабылданды.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.