You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 12 шілде 2012 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамалы кенті, Сейфуллин көшесі, 98-үй мекен-жайында өрт болды, өрттің алаңы 100 шаршы метрді құрады.

Өрт орнында сегіз адамның, оның ішінде төрт баланың өртенген мүрделері табылды.

Жедел-тергеу тобы оқиға болған жерді қарауды кеше бастап, бүгін жалғастырды, оның барысында үйдің гаражынан атыс қаруы және оған оқ-дәрілер, полицейлік киім-кешек және діни әдебиет табылды.

Бұл факт бойынша Алматы облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 24-бабының 1-бөлігімен – 233-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен (терроризмге дайындалу)қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қажетті сот сараптамалары тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, қаза болғандардың жеке бастары анықталуда, сондай-ақ табылған атыс қаруының, оған оқ-дәрілердің, полицейлік киім-кешектің пайда болу көздері тексерілуде.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.