You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 1 қараша 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елордадағы «Рэдиссон» қонақ үйінде Қазақстан Бас прокуратурасы мен Германдық халықаралық ынтымақтастық қорының (IRZ) ұйымдастыруымен «Банк саласындағы қылмыспен күрес: заңсыз жолмен алынған қаржыны заңдастыру және жылыстату» тақырыбында семинар болып өтті.

Семинар жұмысына IRZ қорының сарапшылары, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ банк саласының өкілдері қатысты.

Семинарды аша отырып, Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев банк саласындағы қылмыстармен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және барлық мемлекеттік органдардың мұқият назар аударуын қажет ететін сала екенін атап өтті. Қылмыстық кірістерді банк активтерін пайдалана отырып жылыстату қаржы жүйесінің ғана емес, тұтас елдің экономикалық қауіпсіздігінің сенімділігі мен тұрақтылығына едәуір қатер төндіре отырып, қауіпті трансұлттық қылмыстың таралуына септігін тигізеді. Осыған орай құқық қорғау және өзге де уәкілетті органдар үшін заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру және жылыстатуға тосқауыл қою бойынша келісімді жұмыс істеу басты мақсат болып қала бермек.

Семинар барысында банк саласындағы қылмыспен күрестің өзекті мәселелері, әрекет етуші инструменттерді заңсыз қаржы ағымдарының жолын бөгеуге пайдалану жолдары талқыланды.

Атап айтқанда, банктік қылмыстармен күрестегі құқық қорғау органдарының қызметі, банк қызметі саласындағы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы, банк қызметі саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу, банк саласындағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік тәрізді өткір тақырыптар бойынша талқылаулар мен пікір алмасулар болды. Сондай-ақ ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің халықаралық стандарттары, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру және жылыстатуға қарсы күрестегі халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

Семинар жұмысына қатысқан неміс сарапшысы – Штутгарт қаласы прокуратурасының аға прокуроры Ганс Рихтер Германиядағы қылмыстық қудалау және қылмыстық әділетті ұйымдастыру мәселелеріне, сондай-ақ банк саласындағы қылмыстардың ұлттық ерекшеліктеріне тоқталды. Германия Жоғарғы федералдық сотының аға прокуроры Анке Хадамитцки Германиядағы экономикалық қылмыстық құқық және экономикалық қылмыстармен күрес туралы айтып берді.

Іс-шараға қатысушылар семинардың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру және жылыстатуға қарсы күрестегі барлық мүдделі органдардың күш-жігерін біріктіру жолындағы маңызды қадам болатыны туралы ортақ пікірге келді.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.