Баспасөз ақпараты (Астана, 25 қыркүйек 2012 жыл)

25 қыркүйек 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы қыркүйектің 18-22-і аралығында Президент Әкімшілігі, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер және Әділет министрліктері басшылығының құрамындағы қазақстандық делегация Германия Федеративтік Республикасында іссапармен болды. Қазақстандық заңгерлер Қазақстанның Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясы жобасының ережелерін талқылауға қатысты.

Шақырушы тарап – Германдық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры – ГФР құқық қорғау және сот органдарының басшылығымен, қылмыстық құқық саласындағы жетекші сарапшылармен бірқатар кездесулердің өтуін ұйымдастырды.

Еуропа қылмыстық құқықтық жүйесін реформалау тәжірибесі, Қазақстанның қылмыстық сот өндірісін жаңарту бағыттары, оның қылмыстық құқық саласындағы көпшілікке танымал әлемдік стандарттарға сәйкестігі сұхбаттың басты тақырыптарына айналды.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу