You are here

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ (Астана, 16 тамыз 2012 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасының қызметкерлері София қаласындағы (Болгария) ҚР ІІМ Интерпол ҰОБ қызметкерлерімен бірлесе отырып Қылмыстық кодекстің 177-бабының «б»-тармағының 4-тармақшасында қарастырылған қылмыстарды (алаяқтық, яғни алдау және сенімге кіру арқылы бөтен адамның мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау) жасағаны үшін құқық қорғау органдары іздеу жариялаған Максим Шульгинді Астана қаласына экстрадициялады.

Шульгинді қайтару туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандыру туралы шешімді София қаласының апелляциялық соты үстіміздегі жылдың 31 шілдесінде қабылдаған болатын.

Осындай мәселені реттейтін халықаралық келісімнің жоқтығына қарамастан, европалық мемлекет мұндай шешімді біздің елдеріміздің арасында қылмысқа қарсы күрес жөнінде қалыптасқан өзара қарым-қатынасты ескере отырып қабылдады. Осының өзі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанды адам құқығын сақтауға басымдық берілген, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқықтық механизмдер қалыптасқан мемлекет ретінде бағалап, оның құқық қорғау жүйесіне білдірген сенімі екендігіне тағы бір дәлел.

Жасалған қылмысқа тиісті жазаның болмай қоймайтындығы ұстанымын қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратура құқықтық көмек көсету және іздеу жарияланған тұлғаларды экстрадициялау жөнінен шет мемлекеттермен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отыратын болады.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.