You are here

Баспасөз ақпараты (Алматы қаласы, 28 қыркүйек 2012 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Чех Республикасының Әділет министрі Павел Блажек және Бас прокуроры Павел Земанның Қазақстан Республикасына іссапары болды.

Чех делегациясының іссапары барысында Алматы қаласында П.Блажек пен П.Земанның Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевпен екіжақты кездесуі өтті.

Қонақтарды қарсы ала отырып, Қазақстанның Бас Прокуроры осы сапар өзара қалыптасқан жемісті қарым-қатынастардың ары қарай дамуы үшін маңызды қадам болып табылатынын, сондай-ақ 2009 жылы қол қойылған Қазақстан және Чехия Бас прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумда көрсетілген ұстанымдарды практикалық жүзеге асыруды қуаттайтынын атап өтті. Ол әріптестерін қадағалау органдары қызметінің басым бағыттары, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту саласындағы атқарылып отырған жұмыстар туралы хабардар етті.

Кездесу барысында өзекті ведомствоаралық мәселелер бойынша, атап айтқанда, қылмыстылыққа төтеп беру және шарттық-құқықтық базаны кеңейту саласында сұхбат және пікір алмасу орын алды. Сұхбаттасушылар атап өткендей, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи стратегиялық мақсаттар шеңберінде трансұлттық қылмыспен күрестегі бірлескен мақсаттарды шешудегі күш-жігерді ары қарай нығайтудың өзектілігі артуда.

Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Чех Республикасының Әділет министрлігі арасындағы кездесу хаттамасына қол қойылды.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.