You are here

Баспасөз ақпараты (3 қазан 2012 ж., Киев қаласы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кеше Киев қаласында ТМД қатысушы мемлекеттері Бас прокурорлары Үйлестіру Кеңесінің (БПҮК) кезекті отырысы болды, оның жұмысына Бас Прокурор Асхат Дауылбаев қатысты.

Отырыста Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина жоғары қадағалау органдарының басшылары қатысты.

Форумда бүгінгі таңдағы қауіп-қатерлерге қарсы әрекетке бағытталған қадағалау органдары өзара іс-қимылының маңызды мәселелері талқыланды. Отырысқа қатысушылар атап өткендей, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі стратегиалық мәселелердің контекстінде трансұлттық қылмыстармен күрестің ортақ мәселелерін шешуде бас прокуратуралардың өзара тиімді іс-қимыл жасасуы және күш-жігерді онан әрі біріктірудің өзектілігі артып келеді.

Отырысқа қатысушылар қылмысқа, терроризм және экстремизмге, есіркі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес және заңсыз миграцияға тосқауыл қою бойынша шаралардың бірлескен мемлекетаралық бағдарламаларының орындалу мәселелерін талқылады.

Осыған қоса, отырыстың күн тәртібіндегі адам саудасына, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша, азаматтардың, соның ішінде өз мемлекетінен шетте жүрген адамдардың құқықтарын қорғаудағы прокуратура қызметін жоғарылату, прокуратура органдарының адам құқығы және негізгі бостандықтары туралы Еуропалық конвенцияның баптарымен сәйкес қатігездік қатынас туралы шағымдарды тиімді тергеу стандартының сақталуы сияқты өзекті тақырыптар бойынша пікірталас орын алды.

Сондай-ақ, форум шеңберінде А.Дауылбаев Украина, Ресей, Армения, Беларусь Бас прокурорларымен, сонымен қатар, БПҮК атқарушы хатшысымен екіжақты кездесулер өткізіп, кездесу барысында алдағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Сонымен бірге, қадағалау органдарының басшыларын Украина Президенті Виктор Янукович қабылдады. Кездесуде трансұлттық қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықтың стратегиалық мәселелері талқыланды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.