You are here

Баспасөз ақпараты (12 қыркүйек 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2012 жылғы 5 қыркүйекте Атырау қаласының Молдағұлова көшесіндегі жеке үйлердің бірінде қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы орын алғаны белгілі.

Жарылыс нәтижесінде алған жарақаттарынан оқиға болған жерде 1991 жылы туылған Сакауов Нурлыбек Амангалиевич қаза болды.

Қарау кезінде 3 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, сондай-ақ осындай құрылғыларға компоненттер табылып, алынды.

Сакауов күштік құрылымдардың қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеттерін жасау идеяларын ұстанып жүргені анықталды.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 233 баптарымен (Терроризмге дайындалу) қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Тергеу шеңберінде осы қылмыстың 4 қатысушысы анықталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Бүгін, 2012 жылғы 12 қыркүйекте Атырау облысы Құлсары қаласының 1-ші шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен көрсетілген террористік топтың қызметіне қатысы бар тағы бірнеше тұлғалар анықталды.

Осыған байланысты, оларды ұстау және залалсыздандыру мақсатында терроризмге қарсы операция жарияланды, оны өткізу аймағында ерекше құқықтық режим енгізілді, тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп, оқшаулау қойылды.

Арнайы құрылымдардың қызметкерлері қандай да бір әрекеттер жасауды бастағанға дейін оқшауланған тұлғалар бірнеше жарылғыш құрылғыны жарып, оқ ату қаруларымен арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарай ата бастады. Бір қызметкер жарақат алды.

Арнайы операция нәтижелерімен оқиға болған жерден 5 мәйіт және ауыр жарақат алған бір тұлға табылды.

Бейбіт тұрғындар арасында құрбандар мен жәбірленгендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға болған жерді қарау және басқа да күттірмейтін тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.