You are here

БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осыған дейін хабарланғандай, бүгін, 2012 жылғы 17 тамызда Үлкен Алматы ауылдық округінің «Таң» саяжай алабында терроризмге қарсы операция жүргізілді.

Бұдан бұрын, 2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысының Таусамалы кентінде орын алып, адамдардың өліміне әкеп соқтырған жарылыс фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 24-233 бабымен (терроризмге дайындалу) қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен жоғарыда аталған саяжай алабындағы үйлердің бірінде осы қылмысты жасады деп күдіктелген тұлғалар анықталды.

Ұстау кезінде берілу жөніндегі бірнеше қайталанған ұсыныстарға олар қарсылық білдіріп, оқ ату қаруларымен арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарай ата бастады. Бір қызметкер жарақат алды.

Белгіленген тәртіппен дереу жақын тұрған үйлердің тұрғындарын эвакуациялау жасалды, оқшаулау ұйымдастырылды және террористерді залалсыздандыру бойынша операция басталды.

Оқиға болған жерді қараумен қазіргі уақытқа қосымша 4 мәйіт табылды.

Жалпы арнайы операция нәтижесі бойынша 9 тұлғаның мәйіті табылып, олардың жеке бастарын анықтау және тану жүргізілуде.

Оқиға болған жерді қарауды және басқа да күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу жалғасуда.

Тұрғындар арасында құрбандар мен жәбірленгендер жоқ.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.