БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

17 тамыз 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, 2012 жылғы 17 тамызда Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округінің «Таң» саяжай алабы үйлерінің бірінен құқық қорғау органдарының қызметкерлері лаңкестік әрекетке қатысы бар күдікті тұлғаларды анықтады.

Ұстау кезінде олар қарулы қарсылық көрсетіп, арнайы бөлімшелердің бір қызметкері жарақат алды.

Осыған байланысты, сағат 05.30-да лаңкестікке қарсы операция (лаңкестерді залалсыздандыру) жарияланды. Оны өткізу аймағында ерекше құқықтық режим енгізілді, жақын тұрған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге жеткізілді.

Арнайы операция нәтижесі бойынша 5 қылмыскер жойылды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға болған жерді зерттеу және басқа да шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тұрғындар арасында құрбандар мен жәбірленгендер жоқ.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу