You are here

Бас Прокурордың наразылығымен облыстық соттың апелляциялық сатысының қаулысы бұзылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласы Жетісу ауданының № 2 сотының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы үкімімен А.Узланов Қылмыстық Кодекстің 178-бабы 2- бөлігінің «а,в» тармақшалары, 120-бабы 2-бөлігінің «б» тармақшасы, 126 бабы 2-бөлігініің «а» тармақшасы, 58 бабы 3 бөлігімен 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу жазасына сотталған.

Алматы қаласының апелляциялық сот сатысының 2012 жылғы 25 қаңтардағы қаулысымен Узлановқа қатысты үкім өзгертіліп, оның әрекеттері Қылмыстық Кодекстің 120-бабының 2-бөлігі «б» тармақшасынан 120 бабының 1- бөлігіне дәрежеленіп, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мөлшері 6 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейін төмендетілген.

Алматы қаласының прокуроры Бас прокуратураға сот актісіне наразылық келтіру туралы ұсыныс енгізіп, жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмейтіні туралы уәждер келтірді.

Аппеляциялық сот сатысы Узлановтың айыбынан өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан зорлау саралау белгісін жоққа шығарып, жәбірленушіге зорлау кезінде сотталушы тарапынан өлтіру қаупі төнбегенін, тіпті соңғының өлтіруге бағытталған қаруының да болмағанын, тек жәбірленушінің қарсылығын басу мақсатында ауызша қорқыту орын алған деп көресетті.

Бірақ, апелляциялық сот сотысы, қылмыстың түнгі уақытта елсіз жерде жасалғанын, сотталушының қылмысты мас күйінде және жәбірленушіні соққыға жығып үзақ уақыт аралығында босатандығын шектеп, оны өлтіремін деп психикалық әсер тигізіп жасағанын, осы себепті жәбірленуші өзіне өлім төніп тұрғанын шынайы сезінгенін ескермей қалған.

Осы жағдайларды ескере отырып, өлтіремін деп қорқыту ауызша айтылып, шынайы әсер тигізген деп бірінші сатыдағы сот дұрыс шешімге келген. Ауызша қорқыту орын алған кезде, қарудың немесе әсер ететін өзге құралдардың бар-жоқтығы шарт емес, өйткені, кінәлі өзінің қылмысын онсыз да жүзеге асыруға барлық жағдай жасаған (мысалы, тұншықтыру жолымен),- деп көрсетілген наразылықта.

Бас Прокурордың наразылығында келтірілген уәждермен Жоғары Сот келісті. Қадағалау сот алқасының 2012 жылғы 22 мамырдағы қаулысымен Алматы қаласының апелляциялық сот сатысының Узлановқа қатысты қаулысы бұзылды.

Алматы қаласы Жетісу ауданының № 2 сотының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы үкімі өзгетусіз қалдырылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.