You are here

Бас Прокурордың наразылығы бойынша сотталғанға қатысты түзеу мекемесінің түрі өзгертілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысы Қаратал аудандық сотының 2010 жылғы 5 қарашадағы үкімімен бұрын ұрлық жасағаны үшін екі рет сотталған Михаил Котов ірі мөлшерде есірткі заттарын сату мақсатында заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін, мүліктерін тәркілеу жолымен 7 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталған.

Сотталғанның қылмыстық әрекетіне қатысты кінәсінің дәлелденгеніне және оның әрекетінің дұрыс квалификация жасалғанына күмән келтірмей, түзеу мекемесінің түрін тағайындаудың негізділігі туралы мәселені қоя отырып, Бас Прокурор Жоғарғы соттың атына наразылық келтірді.

Наразылықта көрсетілгендей, Қылмыстық кодекстің талаптарына сәйкес Котовтың барлық соттылықтары алынғаны туралы соттың дәйегі негізді болып табылады. Сонымен қатар, сот оны бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген адамға санай отырып, қатаң режимдегі түзеу мекемесіне жазасын өтеуді дұрыс тағайындамаған.

Бірақ қылмыстық заңнамаға сәйкес соттылықтың алынуына байланысты соттылықпен байланысты барлық құқықтық салдарлар күшін жоғалтады. Осыған орай сотталушы бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталып отырған тұлғадай, жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеуі тиіс.

Бас прокуратура наразылығының дәлелдерімен келісе отырып, Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасы 2012 жылғы 26 маусымдағы өз қаулысымен М.Котовқа қатысты Қаратал аудандық сотының үкімін және Алматы облыстық сотының апелляциялық сатысының қаулысын өзгертіп, оған жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеуді тағайындады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.