You are here

Бас Прокурордың наразылығы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысы қаулысының күші жойылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданарлық сотының 2011 жылғы 9 қарашадағы үкімімен бұрын сотталған Б.Рахымбаев мүліктерін тәркілей отырып 11 жылға бас бостаныдығынан айыруға, қатаң режимдегі түзету колониясында жазасын өтеуге соттталды. Сотталушының әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылған.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысының қаулысымен сот үкімі өзгертілген, Рахымбаевтың әрекеті қайта квалификацияланған және оған жалпы режимдегі түзету колониясында 4 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалған. Үкімге енгізілген өзгерістерді ескере отырып, сот сотталушыны есірткі заттарын сату мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау және билік өкілдері – полиция қызмткерлерін олардың қызметтік мәндеттерін орындау барысында көпшілік алдында балағаттауға кінәлі деп таныған.

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры қаулыға енгізген наразылығында көрсеткендей, айыптының әрекеті қате қайта квалификацияланған, ал тағайындалған жаза қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді. Сотталушының аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сату пиғылының дәлелденбегені туралы апелляциялық сот сатысының қорытындысы оралған есірткі заттарын табу және алу олардың дәл сату үшін дайындалғанына дәлел бола алмайды және сотталған адамды сатып алу немесе сату барысында ұстау керек еді деп негізделеді.

Сотталушының аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтауы туралы деректі назарға ала отырып, бірінші сатыдағы сот алынған героиннің салмағы тек қана жеке басына пайдалануын жоққа шығарады, дозаға бөлу және орау, сотталушының өзінің нашақорлықпен ауырмайтыны сатуға дайындалуды білдіреді деп үкімде дұрыс көрсеткен, осыған орай есірткі заттарын заңсыз алу және сақтау туралы негізді түрде қорытынды жасаған.

Бас Прокурордың наразылығымен келіскен Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасы 2012 жылдың 19 маусымында Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысының Рахымбаевқа қатысты қаулысының күшін жойды және қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.