You are here

Бас Прокурордың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарымен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 12 шілде 2012 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Навенетхем Пиллэймен кездесті.

Кездесуді аша отырып, Бас Прокурор адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі ұсыныстарын жүзеге асыру саласындағы Қазақстан қабылдап отырған нақты шараларға тоқталып, біздің еліміз адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық келісім-шарттарға қосылғаннан кейін бұл тақырыпқа прокурорлар тарапынан ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Н.Пиллэй ынтымақтастыққа ризашылығын білдіріп, бұл кездесуді өте маңызды санайтынын атап өтті және адам құқықтарын қорғау ісіндегі өзара белсенді іс-қимылға көңілі толатынын жеткізді.

Адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның жасап отырған қадамдары біздің көңілімізден шығуда, – деді Н.Пиллэй. Азаптауға қарсы ұлттық превентивтік тетікті дайындау идеясын біздер үлкен ризашылықпен қабылдадық және азаматтардың негізгі конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған өзге де прогрессивті бастамаларды қолдауға дайынбыз, – деді ол.

Кездесу барысында Қазақстанның адам құқықтарын сақтау мәселелері бойынша мазмұнды әңгімелесу болды. Атап айтқанда, Жаңаөзендегі оқиғаны тергеу, сондай-ақ азаптауға қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды.

А.Дауылбаев тергеу нәтижелері туралы қонаққа жан-жақты мағлұмат беріп, орын алған оқиғаны тергеу барысындағы прокуратура органдарының ашықтығын ерекше атап өтті. Сот мәжілістері сотталушылардың туыстары, қорғаушылары, халықаралық бақылаушылар, қоғамдық ұйым өкілдері және БАҚ-тың қатысуымен ашық өткізілді. Сот мәжілісінің залына бейнебақылау камералары, акустикалық жүйелер және микрофондар қондырылды, бейнематериалдарды қарау үшін экран және проектор қойылды.

Жаңаөзен және Ақтаудағы Уақытша ұстау абақтыларын «Халықаралық түрме реформасы» (PRI) қоғамдық бірлестігінің және қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері барып көрді және олар қамауға алынғандардың ұсталу шарттарының барлық қойылатын талаптарға сай екендігін, қинау және азаптау фактілерінің орын алмағанын атап көрсетті.

Өз тарапынан Н.Пиллэй орын алған оқиғаларға тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізуді ұсынды.

Азаптаулармен күрес мәселелеріне тоқтала отырып, Бас Прокурор азаптауларға тосқауыл қою бойынша қабылданып отырған заңнамалық және практикалық шаралар туралы айтып берді. Атап айтқанда, пенитенциарлық мекемелердегі тұлғалардың құқықтарының қорғалуын толық қадағалауды қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі ескеріле отырып, Бас прокуратурада бас бостандығынан айыру және ұсталғандарды уақытша қамауға алу орындарындағы қадағалау жөніндегі арнайы департамент құрылды. Тергеудің және соттың азаптау нәтижесінде алынған дәлелдер мен мәлімдемелерді назарға алмауы тиіс екендігі, ал қамауға алынған азаматтардың ұсталу шарттары халықаралық талаптарға жауап беруі керектігі жөніндегі әңгімелесушілердің пікірлері бір арнада тоғысты.

Н.Пиллэй орын алған сұхбатқа ризашылығын білдірді және оның сапарының басты мақсаты – адам құқықтарын қорғау саласында неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату екенін атап көрсетті. Сондай-ақ А.Дауылбаев Қазақстан Бас прокуратурасы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілетті органдарымен сұхбатқа және бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.