You are here

Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың Ресей Федерациясы Бас прокурорының орынбасары Виктор Гриньмен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 5 қазан 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың Ресей Федерациясы Бас прокурорының орынбасарыВиктор Гриньмен кездесуі болып өтті.

Кездесуге сондай-ақ Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасы С.Айтпаева қатысты.

Бас прокуратура дайындаған Қылмыстық іс жүргізу кодексі жаңа редакциясының жобасы аясындағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жаңарту мәселелерін талқылау әңгіменің негізгі өзегі болды.

Кездесуде аталып өткендей, сотқа дейінгі өндіріс проблемасы қылмыстық іс жүргізу құқығын жетілдірудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. 1997 жылдан бері әрекет етуші Қылмыстық іс жүргізу кодексі бірнеше мәрте өзгерістерге түсіп, толықтырылды, бірақ та ол сотқа дейінгі өндірістің ескірген қағидалары мен тетіктеріне негізделген және қазіргі заман талаптарына жауап бермейді. Сондықтан да Қылмыстық іс жүргізу кодексін түбегейлі жаңарту, сотқа дейінгі өндіріс проблемасын шешудің жаңа әдістерін жүзеге асырудың қажеттілігі туындады.

Кездесуге қатысушылар қылмыстық процесс тәжірибесіне енгізу ұсынылып отырған бірқатар маңызды инновациялар бойынша пікір алмасты. Қылмыстық іс жүргізу саласындағы танымал сарапшы болып саналатын Виктор Гринь заңнаманың негізгі бағыттары, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалаудың жолдары, сот өндірісінің жаңа нысандарын енгізу, қылмыстық істерді тергеуді оңтайландыру бойынша өз көзқарасын білдірді.

Асхат Дауылбаев ресейлік әріптесіне жемісті ынтымақтастық пен қылмыспен күрестегі өзара көмектің қалыптасқан дәстүріне, екі елдің қадағалау органдары қалыптасуының тәжірибесімен алмасу және бірлесіп талқылау мүмкіншілігіне ризашылығын білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.