You are here

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Душанбе қаласына сапары туралы баспасөз ақпараты (6 маусым 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2012 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Душанбе қаласында сапармен болып, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 10-шы жиналысына қатысты.

Отырыс жұмысына ШЫҰ мүше мемлекеттері – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан жоғары қадағалау органдарының басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысының және ШЫҰ Өңірлік антитеррористік құрылымы атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою және терроризм мен экстремизм көздерін залалсыздандыру мәселелері талқыланды.

А.Дауылбаев жиналысқа қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бойынша Қазақстанда жүргізіліп отырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аталған мәселелер қазіргі замандағы жедел және жан-жақты назар аударуды талап ететін өзекті сұрақтардың бірі екенін атап өтті.

ШЫҰ мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 10-шы жиналысының қорытындысы бойынша трансұлттық қылмыстылықпен күрестегі бірлескен күш-жігердің белсенділігін арттыруға және осы бағытта тиімді әрі үйлесімді саясат жүргізуге бағытталған Хаттама қабылданды.

Душанбеде Қазақстанның Бас Прокуроры Тәжікстан, Қытай және Қырғызстан Бас прокурорларымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында қылмыспен күрес саласындағы өзекті мәселелер мен ынтымақтастық қырлары талқыланды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.