You are here

Бас прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің жиналысы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 26 маусым 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің төрағалығымен қылмыстық заңнаманы жаңғыртуға байланысты өзекті мәселелерді талқылау, Бас прокуратура әзірлеген Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің жаңа редакциясы шеңберінде мемлекеттің қылмыстық саясатын жетілдіру сұрақтарына байланысты Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, құқықтанушы-ғалымдар, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәжілісте тергеу мерзімі мен нысанын, тергеуге дейінгі тексеру институтын оңайлату, тұлғаларды ұстау және қамауға алу институттарына деген жаңа көзқарасты енгізу, қылмыстық жаза жүйесін қайта қарастыру, қылмыстан жәбір шеккендерге зардабын өтеу қорын құру сияқты қылмыстық үрдіс тиімділігін жетілдіруге бағытталған мәселелер қаралды. Жазасын мойындау туралы мәміле жасасу, тергеу соты институттарын және қылмыстық теріс қылық жөнінде құқыққа қарсы әрекеттер санатын енгізу сияқты новеллалар белсенді түрде талқыланды.

Сонымен қатар, терроризм және экстремизмге, мемлекет қауіпсіздігі мен конституциялық құрылым негіздеріне қарсы қылмыстармен күрестегі қылмыстық-құқықтық мәселелер, экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар үшін жауаптылық жөнінде пікір алмасу орын алды.

Мәжілісте аталып өтілгендей, ұсынылып отырған жаңалықтар сотқа дейінгі өндіріс уақытын қысқартуға, тергеу органдарының жұмысын жеңілдетіп, ыңғайландыруға, қылмыстық үрдіске тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын барынша қорғауға ықпалын тигізбек.

Жиналыс қорытындысы бойынша қылмыстылықпен күресудегі мәселелерді шешу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау тиімділігін күшейтуге бағытталған шешім қабылданды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.