You are here

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің сөзінің мәтіні (Астана, 9 қазан 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарымен тұрақты негізде азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұрыңғысынша, негізгі екпін еңбекке ақы төлеудің уақтылығы мен толықтығына арналды.

2012 жылдың 9 айында прокурорлармен 1 мыңнан астам заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныстар мен ұйғарымдар енгізілді, 700-ден аса заңды түсіндіру берілді.

Осы прокурорлық ықпал ету шараларымен 122 мың жұмысшыға еңбекақы бойынша 6,6 млрд. теңге берешектің төленуі қамтамасыз етілді.

Мысалы, прокурорлық қадағалау актілері негізінде Батыс-Қазақстан облысында «Жайықтехсервис» АҚ-ның өзінің 86 жұмысшысының алдындағы берешектің толықтай төленуіне қол жеткізілді, Ақтөбе облысында «Теміржол жөндеу» АҚ-ның филиалында 346 жұмысшыға еңбекке ақы төлеу бойынша 24,9 млн. теңге берешек төленді.

Азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі прокурорлардың аса бақылауында тұр.

Жалпы, өткен кезеңде прокурорлармен қарастырылып отырған санаттағы 8 қылмыстық іс қозғалды, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 2 мыңға жуық тұлға тартылды.

Прокурорлардың бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылуда.

***

Прокуратура органдарымен мемлекет пайдасына өндіру жөніндегі атқару өндірісінің заңдылығына тексерулер жүргізілді.

Сот орындаушылардың қызметінде мемлекеттің экономикалық мүдделеріне елеулі залал келтірумен ұштасқан жүйелі заң бұзушылықтар анықталды.

2011 жыл мен ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығы аралығында олардың өндірісінде мемлекет пайдасына 219 млрд. теңгені өндіру туралы 535 мың материал болды.

Іс жүзінде 13,4 млрд. теңге немесе 7% өндірілді.

Өндірілуге жататын 24 млрд. теңге айыппұлдың небәрі 3,4 млрд. теңгесі немесе 14% төленді.

Оның себептері көп.

Оның ішінде жауапсыздық, ал кейбір кезде сот орындаушылардың өкілеттіліктерін теріс пайдалануы бар.

Мысалы, Алматыда қызметтік орындарда және сейфтерде 2010 жылдан бері атқару өндірістері қозғалмай жатқан 400 млн. теңгеге 60 мың әкімшілік материалдар табылды.

Сондай-ақ, тәркіленген және тыйым салынған мүлікті жымқыру, иеленіп алу және ысырап ету, сот орындаушылардың кінәларынан борышкерлермен мүлікті өндіруден жалтару, мүліктерді арзандатылған бағамен сату, жалған төлем құжаттар негізінде атқару өндірістерін қысқарту, статистикалық деректерді бұрмалау фактілері және басқа да заң бұзушылықтар анықталды.

Жалпы мемлекет пайдасына өндірілуге жататын мүлікті ысырап етудің 18 дерегі анықталып, қылмыстық істер қозғалды.

Мазмұндалғанмен қатар, мемлекет пайдасына өндіру туралы шешімдерді орындау тиімділігінің төмендігіне ықпал ететін бірқатар объективті себептер анықталды.

Ол сот орындаушылар кадрларының үнемі «тұрақтамаушылығы» мен шектен тыс жеке жүктелуінің жиынтығы, нашар материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, олардың санының судьялар штатына сәйкес келмеуі.

Жеке сот орындаушылардың әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды, олармен бар-жоғы 3,4 млрд. теңгеге 1 400 құжат орындалған.

Сондықтан, бізбен жеке сот орындаушылардың қызметі саласын кеңейту, оларды мемлекет мүдделерін қозғамайтын жеке және экономикалық даулар бойынша сот актілерін орындауға белсенді қатыстыру ұсынылды.

Қазіргі заманғы технологиялар дамуы жағдайында сот орындаушыларды мемлекеттік органдардың біріктірілген деректер базаларын пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз ету қажет болып көрінеді. Бұл қамтамасыз ету шараларын жедел қолдануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бізбен тәркіленген мүліктерді тікелей республикалық меншікке айналдыруға, тыйым салынған мүлікті сататын сауда ұйымдарының қызметін нақтырақ реттеуге бағытталған заңнамалық түзетулерге бастамашылық етілді.

Қалыптасқан жағдай жекелеген кездерде құқық қорғау органдарының осал жұмысымен түсіндірілетіндігін атап өту қажет.

Учаскелік полиция инспекторларымен залалды өндіруден жалтарған тұлғаларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды бұзу мәселесінде бастамышылық танытылмайды.

Дегенмен, соңғы бір жарым жыл ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан мемлекет алдында 3,5 млрд. теңге берешектері бар 3 мыңнан астам тұлға мерзімінен бұрын босатылған.

Кемшіліктер қозғалған қылмыстық істер шеңберінде күдіктілер мен айыпталушылардың мүліктеріне тыйым салу бойынша шаралар қолданбай, иеліктерінен айыруға жол берілген қылмыстық қудалау органдарының жұмысында да анықталған.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарымен сотталғандардың еңбекақыларынан өндіру қамтамасыз етілмейді.

Тексеру нәтижелері Бас прокуратураның алқа мәжілісінде Жоғарғы Сот, әділет және ішкі істер министрліктері, салық қызметі және қаржы полиция органдары өкілдерінің қатысуымен талқыланды.

Мемлекет пайдасына өндіру туралы құжаттарды орындау тиімділігін жақсарту бойынша бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылданды.

Үкіметтің және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың атына заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізілді.

***

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласында басымдық болып табылады.

Бұл ретте, прокурорлардың аса назары тағайындалған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталушының жеке басына сәйкес болуына аударылуда.

Қылмыстық жауапкершілікті және жазаны жеңілдететін мән-жайлар бола тұра, шектен тыс қатаң жаза тағайындауға әкеп соқтырған қылмыстық заңды дұрыс қолданбау фактілері анықталған жағдайларда бізбен мұндай үкімдердіге наразылық келтіру бойынша шаралар қолданылады.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында Жоғарғы Сотпен Бас прокуратураның сотталғандардың жағдайын жақсарту мақсатында келтірілген 24 наразылығы қанағаттандырылды.

Мысалы, Шығыс-Қазақстан облысының Абай аудандық сотының 2012 жылғы 30 қаңтардағы үкімімен Д. Әсетқазыұлы ұрлықтары үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

2011 жылғы 28 қарашадағы рақымшылық актісінің 3 бабына сәйкес тағайындалған жаза тең жартысына қысқартылған.

Дегенмен, Әсетқазыұлына рақымшылық актісінің 4 бабына сәйкес, оны негізгі жазадан толықтай босататын ережесі қолданылуы қажет екендігі анықталды.

Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасының 2012 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен Бас Прокурордың наразылығы қанағаттандырылып, сотталған тұлға жазадан босатылды.

Енді, республика соттарымен қылмыстық істерді қарау тақырыбын жалғастыра келе, кешегі, Ақтау қалалық сотының 2012 жылғы 8 қазандағы Владамир Козловқа, Серік Сапарғалиге және Ақжанат Аминовқа қатысты шығарылған үкіміне қысқаша тоқталып кеткім келеді.

Сот шешіміне сәйкес Козлов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164 бабының 3 бөлігімен (әлеуметтік араздықты қоздыру), 170 бабының 2 бөлігімен(өкіметті күштеп құлатуға шақыру, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру) және 235 бабының 1 бөлігімен (қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 7,5 жылға бас бостандығынан айыру мен мүлкін тәркілеу түріндегі жаза тағайындалды.

Козловтың меншігіндегі 3 қымбат бағалы автокөліктер, Алматы қаласында және Қазақстанның әрбір облыстық орталықтары мен кейбір үлкен қалаларында орналасқан 11 пәтер, 5 үй құрылыстары, 2 жер учаскесі және 1 гараж тәркіленуге жатады.

Серік Сапарғали сотпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 бабының 2 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде тағайындалды, сондай-ақ 300 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)мөлшерінде айыппұл салынды.

Аминов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164 бабының 3 бөлігімен, 170 бабының 2 бөлігімен және 235 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін сотталып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде тағайындалды, сондай-ақ 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Алдын ала тергеу және сот талқылауы көрсеткендей, тіркелмеген «Алға» партиясының басшысы Владимир Козловтың және басқалардың жұмыстан босатылған мұнайшыларды наразылық акцияларын жалғастыруға және билікке қатаң қарсы тұруға бейімдеу жөніндегі белсенді әрекеттері Жаңаөгендегі жаппай тәртіпсіздіктердің себептерінің бірі болып табылған.

Козловтың тапсырмасы бойынша жұмыстан босатылғандар арасында таратылған үндеухаттарында, сотталушылардың үндеулері мен әңгімелерінде сарапшылармен әлеуметтік араздықты қоздыру, билікті күштеп құлатуға шақырулар белгілері анықталды.

Қазақстандық сарапшылардың бұл тұжырымдары филология ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының Добролюбов атындағы Нижегородтық мемлекеттік лингвистикалық университетінің профессоры, лингвист-сарапшылар Гильдиясының мүшесі Михаил Грачевпен қуатталды.

Қорғау тарабымен тартылған ресейлік сарапшы Дмитрий Старостин сотта Козловпен және басқалармен айтылған сөздерге қатысты айтқаны, сөздәйегін келтірейін: «адамның және адамдар тобының ақыл-ойын, ой-пікірін, байымдауын, мінез-құлқын өгертуге ықпал ете алады»; оларда, сөздәйегін келтіремін: «қоғамдық қатынастардағы шиеленістерді шешу мақсатында күш қолдану қауіпін қамтитын материалдар бар».

Сот жан-жақты қарау, айтысу және тараптардың тең құқылығы принциптерін сақтай отырып, барынша ашық жағдайда өтті.

Процеске түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ, халықаралық байқаушылар қатысты.

Айыптау және қорғау тараптарымен ұсынылған барлық дәлелдер сотпен зерделенді.

Аминов пен Сапарғали кінәларын мойындағандарын атап өту қажет.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Тараптар оған апелляциялық тәртіпте шағым келтіруге құқылы.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.