You are here

«Арқан Керген» уақытша шекара бекетінде орын алған қайғылы оқиғаның тергелу барысы туралы Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың сөзінің мәтіні

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өздеріңізге белгілі, Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан «Арқан Керген» уақытша шекара бекетінде әскерилер мен аңшылық шаруашылық қызметкерінің қазасына алып келген қайғылы оқиға орын алғандығы белгілі.

Тағы да қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын.

Осы факт бойынша қозғалған қылмыстық іс Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.

Тергеу жұмыстары прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен жүргізілуде.

Орын алған оқиғаның барлық жағдайларын, қылмыстың себептері мен шарттарын анықтау бойынша түбегейлі шаралар қабылдануда.

Осы оқиғаға және тергеу барысына қатысты әртүрлі қоғамдық пікірлерге байланысты тергеу мүдделеріне қарамастан тергеу амалдарының жекелеген бейнекадрларын көрсетуді шештік.

Сонымен қатар, сіздерге көрсетілетін бейнекадрлар тергеудің және өзге де тергеу амалдарының жекелеген үзінділері. Себебі оларды толық көрсету ұзақ уақытқа созылады.

Қазіргі уақытта анықталғандай, 2012 жылғы 10 мамырда 15 адамнан, оның ішінде 1офицер, 3 келісім-шарт бойынша әскерилер және 11 мерзімді әскерилерден тұратын қызметкерлері «Арқан Керген» уақытша шекара бекетінде мемлекеттік шекараны күзету бойынша кезекшілікке түскен.

Тергеу мәліметтері бойынша қылмыс 28 мамыр күні таң алдында болған.

Қылмыс жасалу сәтінде әскери қызметшілер шекара бекетінде 17 күн, ал қаза болған Ким аңшылық шаруашылықта сәуірдің аяғынан, яғни, шамамен бір ай болған.

«Сары Бөктер» шекаралық заставасының бастығы Фомин «Арқан Керген» бекетіне ағымдағы жылғы 30 мамырда байланыстың жоғалуына байланысты кезекші құрам жіберген.

Бұрын хабарланғандай, шекарашылар оқиға орнына келгенде өртеніп кеткен казарма, офицерлік құрам үйі мен шаруашылық құрылыстарға тап болған.

Сіздердің назарларыңызға оқиға орнын тексерудің кейбір кадрлары ұсынылады.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы өртенген казарма жайында 13 адамның күйген қалдықтарын табады. Бекет аумағына жақын жердегі ағып жатқан өзен бойынан тағы бір жанып кеткен мәйіт табылады, кейін анықталғандай, ол кезекші болған.

Бекетке көршілес орналасқан аңшылық базасының аумағында аңшылық шаруашылық күзетшісі Кимнің бірнеше оқ атумен өлтірілген мәйіті табылды.

Геномдық сараптама 11 әскеридің тұлғасын анықтады, қалған үш мәйіттің жеке бастарын анықтау жұмыстары жалғасуда. Осы жұмысқа шетелдік сарапшыларды тарту да жоққа шығарылмайды.

Оқиға орнында капитан Кереевтің «Макаров» тапаншасынан өзге шекарашыларда болған барлық қарулар табылды.

4 маусымда шекара жасағы «Арқан Керген» бекетінен 24 км қашықтықта орналасқан жергілікті шопандар қыстағының бірінде 1992 жылы туылған, қатардағы жауынгер Челах Владислав Валерьевич табылып, ұсталды.

Ұстау сәтінде ол Кереевтің азамттық киімдерінде болды, сонымен қатар онда бекет бастығына тиесілі «Макаров» тапаншасы, екі ұялы телефон, ноутбук, 12 000 теңге, сондай-ақ кейбір қайтыс болған әскерилердің үш ұялы телефоны және аңшылық шаруашылық күзетшісі Кимнің фотоаппараты болды.

Тергеу барысында Челах қаза тапқан бір әріптесінен сақинаны алып кетіп, кейін оны ұстаған кезде тасыған автокөлікте қалдырып кеткені туралы айтты.

Сол көлікті қарау барысында сақина табылды, кейіннен сақинаны қаза тапқан Сәрсембаевтың жұбайы таныды.

Көпшілікті, соның ішінде тергеуді де Челахтың осы қылмысты бір өзі жасағаны туралы сұрақ толғантады.

Ол адвокаттың қатысуымен болған бірінші тергеуде–ақ өзінің 14 қызметтесін және қылмыстың куәгері ретінде аңшылық шаруашылық күзетшісі Кимді өлтіргенін мойындады.

Өз дәйектерін ол оқиға орнында айғақтарын тексеру барысында да растады. Челах сыбайластарының және қылмысқа қатысушылардың болғанын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.

Көрнекілік үшін біздер тергеу және айғақтарды тексерудің кейбір үзінділерін көрсетеміз.

Челах ұсталған күннен бері қа­зіргі уақытқа дейін мойындауын жалғастырып келеді. Ол өзінің тергеу өндірісіндегі сөзін растап отыр.

Тергеу әрекеттерінің нәтижесі мен Челахтың мойындауларын сараптау оның қылмысты нақты жасағанын, яғни, болған оқиғаның қалай орын алғанын бүге-шігесіне дейін білетін адамның ғана айтып отырғанын дәлелдейді.

Мәселен, геномдық сараптау нәтижесі шекарашыларды атқан кездегі олардың қалай жатқандығы Челахтың айтқаны­мен сәйкес келді. Пайдаланылған автомат қаруы оқиға болған жерді қарау барысында Челах көрсеткен тұстан табылды.

Сондай-ақ ол сақшыны өзен жағасында бекет бастығы Кереев­тің «Макаров» тапаншасымен қа­ра­­­­құстан атқанын айтады. Соған сәйкес сот-медициналық сараптама жәбірленушінің басына 9 мм калибрлі қарудан атылғанын анық­тады.

Оған қоса сот-медици­налық сараптама сақшы өлтіріл­ген жерден табылған гильза бекет бастығы Кереевтің «Макаров» тапаншасынан атылғанын дәлел­деді.

Аңшы шаруашылығының кү­зет­шісі Ким, Челах көрсеткендей, автоматтан атылған. Сот-меди­ци­налық сараптама негізінде Кимнің өлімі 5,45 мм калибрлі қарудан бірнеше мәрте атылғаннан бол­ғандығын көрсетті.

Оқиға орнынан алынған гильзалар мен оқтар Челах кейін көрсеткен жерден табылған автоматтан атылғанын криминалистикалық сараптама ай­ғақтады.

Одан әрі, оның көр­сетуі бойынша, қылмыс жасап болған соң ол «Макаров» тапаншасын, марқұмдардың жеке заттарын алып, өзен жағасында өлтір­ген сақшы денесіне және казарма мен шаруашылық құрылысына бен­зин шашып, өрт қойған да, қыл­мыс орнынан жасырынған.

Ал қазір сіздерге Челахтың тауда жасырынып жүрген сәтінде жасаған бейнетүсірілімдері көрсетіледі.

Оның қандай киімде екеніне және онда қандай заттар бар екеніне назар аударуларыңызды сұраймын. Бұл бейнежазбаларды ол Кимді өлтіргеннен кейін одан алған фотоаппаратқа түсірген.

Челахтың мойындаула­рының растығын дәлелдейтін мұндай деректер істе жетерлік.

Тер­геудің мүддесіне орай олардың барлығын жариялауға менің құқығым жоқ.

Айта кету керек, Челах өзінің бұл қылмыстарды жасағанын анасымен кездескенде де мойындады. Мұның да бейнежазбасы бар.

Ал ең бастысы – қылмысты жасаудың себебі болып табылады.

Енді Челахтың өзін тыңдауды ұсынамын.

Қазіргі күні қылмыстық жағ­дайдың орын алуының шынайы себебі мен нақты себебін анық­тау мақсатында тергеу әрекеті әлі де жалғасуда.

Челахтың көрсе­тулерін, оның әрбір дәлелдерін тергеушілер тиянақты тексеруде.

Сонымен қатар қазіргі уақытта кешенді психологиялық-пси­хиа­тр­иялық сараптама өндірісі үшін тергеу құжаттары дайындалуда.

Челахтың аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін айғақтар жет­кілікті жиналды. Оған ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігінің «а» тар­мағы бойынша айып тағылды, ал оның кінәлі екендігін тек сот қана белгілейді.

Тергеушілер тергеудің толық , объективті және жан-жақты жүруі үшін, соның ішінде қылмыс жасауға итермелеген себептер мен шарттарды анықтау бойынша бар­лық шараларды қамтып отыр.

Сөз соңында келесіні тағы да атап өткім келеді, мен Бас әскери прокурор ретінде аталған істің тергелуіне жеке қа­дағалау жүргізудемін, сондықтан ол іс тек заң талаптарына сай ғана қатаң түрде тексерілетініне ке­пілдік беремін.

Бұған қо­сымша айтарым, аталған деректер бойынша Ұлттық қа­уіпсіздік комитеті жүргізген қыз­меттік тергеу нәтижесінде «Шы­ғыс» аймақ­тық басқармасы, Үшарал шекара отряды мен «Достық» шекара ко­мендатурасының басшылары лауазымдарынан босатылды. ҰҚК Төрағасының орын­­басары – Шекара қызметінің директоры генарал-майор Н.Мырзалиев Мемлекет басшының атына өзін қызмет­тен босату туралы баянат берді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.