Аңдатпа (Астана, 2 шілде 2012 жыл)

02 шілде 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекеттік органдарда өтініштердің қаралу мерізімдері, онда қойылған мәселелердің дұрыс әрі толық шешілу жәйттері алаңдатарлық жағдайда.

Мәселен, үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік органдарға берілген 4 миллионнан астам өтініштің 1 272-сінің қаралу мерізімі бұзылған.

Мұндай жағдайды ретке келтіру және өтініштердің қаралуын ашық ету мақсатында Бас прокуратура өтініштермен жұмыс тәртібін жетілдіру және олардың қаралу үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Айқын» деп аталатын жаңа жоба жасалып, енгізілуде.

Ертең, 2012 жылдың 3 шілдесінде сағат 11.00-де ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (Мәскеу көшесі, 34) мәжіліс залында ҚСжАЕК төрағасының қатысуымен «Айқын» жобасын енгізуге байланысты брифинг өтеді.

2012 жылдың 2 шілдесі күнгі сағат 18.30-ға дейін журналистерді аккредитациялаутөмендегідей байланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

e-mail: press-sluzhba@pravstat.kz

байл. тел: 8 (7172) 31-71-24

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу