Баспасөз орталығы | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

You are here

Баспасөз орталығы

Адамдарды саудалаумен айналысқан күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Астана, 2018 жылғы 11 тамыз. Бүгін Бас прокуратураның және Қазақстанның ІІМ Интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адам саудалаған күдікті Иордания азаматы Амер Саламехты Грузиядан экстрадициялады. Ол Қарағанды облысы ІІД іздестіруінде болды.

Істің материалдары бойынша Саламех 2016 жылы Қарағандыда бойжеткендерді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде есірткі делдалдары ретінде пайдаланбақ болған.  

Пікірлер саны: 0

Прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар

Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың а.ж. 9 шілдедегі бұйрығы негізінде Бас көлік прокуроры болып М.К. Дүйсенов, Шымкент қаласы прокуроры – М.А. Қожабаев, Түркістан облысынң прокуроры Н.М. Әбдіров, Манғыстау облысы прокуроры болып Е.М. Абаев  тағайындалды.

Барлығы Президенттік резервте облыс прокуроры лауазымында тұрған.

 

Пікірлер саны: 0

Бас Прокурор Президентке еліміздегі заңдылықтың жай-күйі туралы баяндап берді

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас Прокурормен кездесу өткізді.

Елбасы прокуратура органдарына азаматтар құқықтарының, заңды мүдделерінің  сақталуы және заңнамалардың орындалуы үшін жоғары қадағалауды жүзеге асыру міндеті қойылғанын айтты.

Пікірлер саны: 0

Түркістан облысындағы кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлау ісі аяқталды

Бас прокуратураның Тергеу тобы Түркістан облысы Абай ауылындағы жас баланы жыныстық зорлау туралы қылмыстық ісі бойынша терегеу әрекеттері өндірісін аяқтады.

Іс бойынша объективті шындықты анықтауға байланысты барлық мүмкін болатын сот сараптамалары: медициналық, психология-психиатриялық, биологиялық және молекуларлы-геномдық және т.б. жүргізілді.

Пікірлер саны: 0

БАҚ-тағы жарияланымға қатысты:«Франциядағы «Le FIGARO» атты танымал басылым М.Қ. Әблязовты қазақстандық прокурорға жауап алуға шақырды»

2018 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы өзінің ресми сайтында М.Қ. Әблязовты «БанкТұранӘлем» АҚ бұрыңғы Басқарма төрағасы Е.Н. Тәтішевті қасқана өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу әрекеттеріне қатысу үшін прокуратураға келу туралы хабарландыруды орналастырды. 

Пікірлер саны: 0

Бас прокуратура М.Әблязовты жауап алу үшін шақырады

Бас прокуратура аса ауыр қылмысты жасау фактісі бойынша М.Қ. Әблязовқа қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу барысында Е.Н. Тәтішевті қасақана өлтіруді ұйымдастыруда күдіктінің әрекетін құқыққа қарсы деп бағалайтын дәлелдер табылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 208-бабы 1-бөлігіне сай күдікті жауап алуға шақырылады.

Пікірлер саны: 0

Әзірбайжаннан экстрадициялау

Астана, 2018 жылғы 30 шілде. Бүгін Бас прокуратура және Астана қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Әзірбайжаннан Ирада Рустамованы экстрадициялады.

Оған алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бірлесіп, мүлікті бопсалап қорқытып алу мақсатында күш қолдану арқылы азаматты ұрлады деген күдік тағылды. Аталған қылмыс өткен жылы Астана қаласында орын алды.

Пікірлер саны: 0

Бас прокуратура өкілдері Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы Заң қағидаларын түсіндірді

2018 жылғы 27 шілде, Астана қаласы. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда  Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіруге бағытталған Заңның негізгі қағидалары туралы айтты.

Пікірлер саны: 0

Бас Прокурор жәбірленушілерге өтемақы қорына өндіріп алуларды қамтамасыз ету туралы нұсқау берді

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» қаңтардағы Заңның нормалары қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі адамдардан мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бөлігінде 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстанда алғаш рет жәбірленушілерге қажетті материалдық көмекті жылдам көрсетуге бағытталған институт құрылды.

Қордан өтемақы төлеу біржолғы қаржылық төлем түрінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, жәбірленушінің одан әрі толық шығынды кінәлі адамнан өндіріп алу мүмкіндігі сақталады.

Пікірлер саны: 0

Денис Тенді өлтіру бойынша іс Бас Прокурордың бақылауына алынды

Бүгін Алматы қаласында Денис Тенді өлтіруге қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 
 
Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ және ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел тергеу тобы құрылды. 
 
Іс бойынша процестік прокурорлар тағайындалды. Тергеу барысы Бас Прокурордың бақылауына алынды.
 
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Пікірлер саны: 0

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.