You are here

Жаңа Азаматтық процестік Кодекс және прокурордың азаматтық процеске қатысуы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының әрекет етуші Азаматтық процестік кодексі 15 жылдан астам уақыт бұрын қабылданды және сот төрелігін іске асырудың берік процестік негізін қалады.

Егер өткенге аздап шолу жасайтын болсақ, онда 1999 жылдан бастап Кодекске 50 реттен астам өзгеріс енгізілген. Кейінгі үш жылдың өзінде өзгерістер енгізу туралы 20 заң қабылданған. Сондықтан жаңа редакцияны әзірлеу мәселесі айқын болды.

31 қазанда Мемлекет басшысы жаңа Кодексті қабылдады, ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Оның ең түбегейлі өзгерісі – Мемлекет басшысының Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт Жоспарының 16-қадамын орындау аясында үш сатылы сот жүйесіне көшу болып табылады: аудандық соттар – бірінші саты, облыстық сот – апелляция, Жоғарғы Сот – кассация.

 Прокурордың азаматтық процеске қатысуын қысқарту туралы 26-қадамды жүзеге асыру да неғұрлым маңызды болып табылады.

Конституциялық деңгейде прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру мәселелері нақты реттелген. Бүгінде прокурор өзінің процессуалдық өкілеттіктерін төрт әдіспен жүзеге асырады, олар: шағым беру, қорытынды беру үшін сот отырысына қатысу, наразылық енгізу, қосымша тексеріс жүргізу.     

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде даулардың жекелеген санаттары бойынша прокурорлардың қатысуы қысқартылды, олар – үй-жайдан шығару, жалақыны өндіріп алу, жұмысқа қайта орналастыру, денсаулыққа келтірілген залалды өтеу туралы даулар.

Расында да осылар жеке-құқықтық даулар, оларға прокурорлардың қатысуы мақсатқа сай емес, өйткені мұндай істерге еліміздің экономикалық белсенді азаматтары қатысады және олар өз құқықтарын өздері қорғай алады. Бұл ретте прокурор бұрынғыдай халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын бөлігінің, сондай-ақ мемлекеттің мүддесін қорғайтын болады.

26-қадамды жүзеге асыру прокурордың міндетті түрде қатысуы тиіс істердің санатын қысқартуды көздейді, бірақ қажет болатын болса, прокурордың кез-келген процеске қатысуға құқығы болады.

Прокурорлар мемлекеттің экономикалық мүдделері тікелей қозғалатын істерге бұрынғыдай белсенді қатысатын болады.      

Кейінгі үш жылда азаматтық істер бойынша сот актілеріне прокурорлардың наразылық енгізуі арқылы бюджеттің 133 миллиардтан астам теңгесін жоғалтуға жол берілген жоқ.    

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.