Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 32-қадамын жүзеге асыру мақсатында «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құру жөніндегі дайындық жұмыстарын жүргізуде.

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы бүгінде жұмыс істеп тұрған «Қылмыстылық картасы» ақпараттық сервисі негізінде жүзеге асырылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер порталдың негізгі ақпараттық көзі болып табылады. Ол Қылмыстық-процестік кодексте қарастырылған.

Осылайша, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат СДТБТ-ға мәліметті енгізгеннен кейін 3-4 минут өткен соң порталда көрсетілетін болады.

Қазіргі уақытта «Қылмыстылық картасы» сервисі барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ 12 моноқаланы қамтып отыр. Жобаны толыққанды жүзеге асыру үшін 15 моноқала (бірінші кезең) және 250-ден астам аудан орталығы (екінші кезең) бойынша осындай географиялық карта құру қажет.

Карта ҚСжАЕК сайтына орналастырылған және ол ішкі істер органдарына, әкімдерге, білім беру органдарына, сонымен қатар қарапайым интернет пайдаланушыларына да қажет болып табылады.

Қазірдің өзінде кез-келген облысты ашып, қылмыстардың жалпы санын, қылмыстылықтың 10 мың тұрғынға шаққандағы деңгейін көруге болады.

Нақты қаланы ашып, қылмыстарды нүктелер түрінде көруге болады: қызылмен барынша криминогенді, қызғылт сарымен және жасылмен –криминогендігі төмен аймақтар белгіленген.

Қазіргі уақытта портал жасалып жатыр және ол 2 бөлікке бөлінетін болады: ашық бөлігі – азаматтар үшін, жабығы – құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін.

Ашық бөлікте белгілі бір жердегі немесе мекенжай (ғимарат), уақыт, түрі, ауырлығы бойынша қылмысты жете көру жүзеге асырылатын болады.

«Жазылу» функционалының көмегімен кез-келген азамат өз қалауы бойынша «Қылмыстық құқық бұзушылық картасында» тұратын немесе жұмыс істейтін жерін көрсетуге және белгілі бір радиусты қоюға мүмкіндік алады, нәтижесінде азаматқа ол көрсеткен кезеңділікпен электрондық пошта мекен-жайына тіркелген құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар келіп түсетін болады.

Көрсетілген ақпараттық сервистерді Интернетке қосылу мүмкіндігі бар кез-келген азамат пайдалана алады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құруға байланысты қала картасында криминогендік жағдайды көрсетіп отыру қызметінің жергілікті атқарушы органдарға және азаматтарға қажеттілігі болуы мүмкін.

Бұдан әрі «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» порталының мүмкіндіктері Ұлттық геоақпараттық жүйемен, ел бойынша географиялық карталармен қалалардың және елді-мекендердің географиялық деректерінің базаларымен, қылмыстық құқық бұзушылықтарды көру үшін Жерді қашықтан барлап қарау ғарыштық жүйесімен интеграциялау арқылы кеңейтілетін болады.

Мысалы, шетелдерде геоақпараттық жүйелердегі ғарыштық түсірілімдер жиі қолданылады (googlemap, yandexmap және т.б.). Ғарыштық түсірілімді қолдану мониторинг саласындағы мәселелерді сәтті шешуге, картадан жылдам бағыт алуға жағдай жасайды, сонымен қатар объектілерді көрсету кезінде жоғарғы көрнекілік әсерін береді. 

А.ж. 25 қарашада Мемлекет басшысы «Ақпараттандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, соның нәтижесінде «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заң қылмыстық құқық бұзушылықтар мәселелері бойынша электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділіктің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе ретіндегі «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы туралы ережемен толықтырылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.