Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас прокуратурасы «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 32-қадамын орындау аясында «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын жасау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жоба қолданыстағы «Қылмыстылық картасы» ақпараттық сервисінің негізінде жүзеге асырылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер порталдың негізгі ақпараттық көзі болып табылады.

Қазіргі уақытта Комитеттің «Қылмыстылық картасы» сервисін (http://service.pravstat.kz) облыс орталықтары  мен  19 моноқала  ұсынып отыр. Жобаны толыққанды жүзеге асыру үшін, 8 моноқала және 250-ден астам аудан орталығында осындай географиялық карта құру жоспарланған.

Бұл ақпараттық сервис мемлекеттік органдармен қатар, қарапайым азаматтарға да қажет.

«Жазылу» функционалының көмегімен кез-келген азамат өз қалауы бойынша белгілі бір радиуста (мысалы, тұратын немесе жұмыс істейтін жері) тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты электрондық пошта  арқылы ала алады.

Қаланың картасында криминогендік жағдайының көрініп тұруы   өздеріне есеп беретін жергілікті полиция қызметін құруға байланысты жергілікті атқарушы органдар және азаматтар үшін аса пайдалы да қажетті болмақ.

Әрі қарай «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» порталының мүмкіндіктері Ұлттық геоақпараттық жүйемен, ел бойынша географиялық карталармен, қалалардың және елді мекендердің географиялық деректерінің базаларымен, қылмыстық құқық бұзушылықтарды көруге арналған Жерді қашықтан барлап қарау ғарыштық жүйесімен ықпалдастыру арқылы кеңейтілетін болады.

ҚР  БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.