You are here

Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы
№                Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2013 жыл


  1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы
18 желтоқсандағы № 449 Жарлығымен  бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 80-тармағы

Бағдарламаның әзірленуіне жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Бағдарламаның іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдар

орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары

Бағдарламаның мақсаты

Елдің құқық қорғау жүйесін жаңарту арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін тиімді қорғау

Бағдарламалық мақсаттар

  1. Қоғамның құқық қорғау жүйесіне сенім деңгейін арттыру;
  2. Құқық қорғау органдар мен сот-сараптама қызметі жұмысының тиімділігін арттыру

Міндеттер

  1. Құқық қорғау органдарының беделін арттыру;
  2. халықтың, азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылының нысандарын дамыту;
  3. халықты құқықтық тәрбиелеу, құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру жөніндегі шаралар жүйесін жетілдіру;
  4. сот актілерін және өзге де актілерді орындаудың тиімді жүйесін құру;
  5. құқық қорғау қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру;
  6. құқық қорғау органдарының нақты міндеттерді орындаудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметін оңтайландыру;
  7. пенитенциарлық сипаттағы шаралардың, оның ішінде қоғамның құқық қорғау органдарымен топтасуы кезінде тиімділігін арттыру;
  8. ювеналдық әділет жүйесін жетілдіру;
  9. құқық қорғау органдарының ақпараттық-талдамалық жүйелерін жетілдіру;
  10.  жоғары кәсіби кадр құрамын қалыптастыру;
  11.  құқық қорғау органдарындағы ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру;
  12.  сот-сараптама қызметін аккредиттеудің халықаралық стандарттары деңгейіне  дейін жетілдіру

Мақсатты индикаторлар

 

  1. азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімі деңгейі 2020 жылы 60 %-дан төмен болмайды;
  2.  «Полиция қызмет көрсетуінің сенімділігі» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ-дегі рейтингінде Қазақстан Республикасының позициясы 2020 жылы               56 орынға дейін жақсарады;
  3. 2020 жылы құқық қорғау органдары көрсететін қызметтердің 100%-ы уақтылы және сапалы болады;
  4. сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша «Transparency International» рейтингіндегі Қазақстанның позициясы 2020 жылы 80-ші орынға дейін жақсарады;
  5. 2020 жылы сот сараптамасы органы зертханаларының 85%-ы халықаралық аккредиттеуге ие болады;
  6. 2020 жылы құқық қорғау органдары кадрларын іріктеудің, аттестаттаудың және лайықты жоғарылатудың ашықтығы мен объективтілігі 100%-ға қамтамасыз етілетін болады

Іске асыру мерзімі

2014-2020 жылдар

бірінші кезең: 2014-2016 жылдар

екінші кезең: 2017-2020 жылдар

Қаржыландырудың көздері мен көлемі

Бағдарламаны 2014 – 2020 жылдары қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджеттің қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

Бағдарламаны іске асыруға арналған жалпы шығын 34 162,5 млн. теңгені құрайды.

Қаржы қаражатының көлемі 2014-2020 жылдары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде нақтыланады

II. Кіріспе

Мемлекеттің егемендігін, оның құқықтық жүйесін қылмысқа қарсы іс-қимыл тұрғысында нығайту және дамыту – мемлекеттің және Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты қамқорлық нысанасы.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет деп бекіту мемлекеттің, оның органдары мен арнайы уәкілетті тұлғаларының заңдылық пен құқық тәртібін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қылмысқа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күресті тұрақты әрі дәйекті қамтамасыз етуіне объективті түрде байланысты. 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы құқықтық реформа процесіне айтарлықтай серпін мен нақтылық берді, онда құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың арнаулы бағдарламасы негізінде құқық қорғау органдарын жүйелі түрде одан әрі реформалау міндеті қойылған.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) адам құқығының бастау тұғырына айналып, негізгі орын алатын,  әлемдік стандарттарға жауап беретін сенімді құқық қорғау жүйесінің құқықтық негізін қалайды.

Жүргізіліп отырған жаңғыртумен қатар  Қылмыстық (бұдан әрі – ҚК), Қылмыстық іс жүргізу (бұдан әрі – ҚІЖК), Қылмыстық-атқару (бұдан әрі – ҚАК) кодекстерінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) жаңа редакциясын енгізу жоспарлануда.

Бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған әлеуметтік тұрғыдан осал адамдар санаттарына байланысты қылмыстық саясатты ырықтандырып, ізгілендірумен қатар, қылмыстың жаңа нысандарына қарсы күресу үшін негіз қаланады, криминалдық қызметтің жандануы байқалатын салалардағы жазалау қатаңдатылатын болады.

Қылмыстық жазаланатын әрекеттердің – қылмыстық теріс қылықтардың жаңа санаттарын енгізу жоспарланып отыр, оған санкция ретінде бас бостандығынан айыру көзделмейтін неғұрлым елеулі әкімшілік құқық бұзушылықтар мен аса ауыр емес қылмыстарды жатқызу жоспарланады. Бас бостандығынан айыруға балама жазалау шараларын неғұрлым кеңінен қолдану көзделуде.

Қылмыстық процестерге реформалау жүргізіледі. Сотқа дейінгі іс жүргізудің ұсынылып отырған моделінде тергеуге дейінгі тексеру мен қылмыстық іс қозғау алып тасталатын болады, бұл өтініштер тіркелген кезден бастап процеске қатысушылардың құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қылмыстық-атқару саласында жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қылмыстық жазалауды орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдем көрсету мен қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына, сондай-ақ жазасын өтеген адамдарды қайта әлеуметтік ортаға тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру болжанады.

Бағдарлама шеңберінде құқық қорғау органдарының қызметін бағалауды қайта қарау жоспарланады. Бұл ретте оның негізгі өлшемдері құқық қорғау органдарының қызметіне халықтың сенімі деңгейін айқындау болады.

Құқық қорғау органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер  стандартталатын болады, сондай-ақ халықты құқықтық тәрбиелеу, құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады. Халықтың, азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылының жаңа нысандары одан әрі дамытылады. 

Сот актілерінің және өзге де актілердің орындалу тиімділігіне орындаушылық іс жүргізудің жаңа тетіктерін жасау арқылы қол жеткізу болжанады.

Жоғары кәсіби кадр құрамын қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Ведомстволық білім беру жүйесі мен құқық қорғау органдары қызметін ғылыми қамтамасыз ету одан әрі дамытылады.

Сот-сараптамалық қызметтерді бір ведомствоға біріктіру мен олардың қызметін аккредиттеудің халықаралық стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру көзделеді.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2020 жылға қарай азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сондай-ақ елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бүкіл жүйенің жұмыс істеуі халықтың сенімділігін арттыру мақсатында ашықтық пен айқындылық призмасы арқылы жүзеге асырылады.

III. Ағымдағы ахуалды талдау

Егемен Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде (1991-2001 жж.) құқық тәртібі мен сот төрелігінің жаңа жүйесіне түбегейлі көшу, сол уақыт кезеңінде қабылданған ҚК, ҚІЖК, ҚАК, ӘҚБтК шеңберінде мемлекеттің құқық қорғау органдары қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздерін жетілдіру жүзеге асырылды.

Қабылданған бағдарламалық құжаттар шеңберінде (Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы) қоғамның заң саласын реформалау жүзеге асырылды, мемлекеттің норматүзушілік және құқық қорғау қызметін жетілдіру жалғастырылды.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жаңа құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдау келесі кезең болып табылады, онда құқық қорғау мен сот жүйелерін, сондай-ақ құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

Құқық қорғау жүйесін қызметтің сапалы жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік берген құқық қорғау қызметі саласында бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер, нақты практикалық шаралар қабылданды.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалауда бастапқы іс-шаралардың бірі болды. Қылмыстық істерді тергеу тәртібі оңтайландырылды, құқық қорғаудың бүкіл қызметін үйлестіру қамтамасыз етілді, құқық қорғау органдары құзыретінің аражігін нақты ажырату және оларды өздеріне тән емес функцияларды орындаудан арылту жүргізілді, құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің бірыңғай стандарттары белгіленді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдарының барлық жеке құрамын кезектен тыс аттестаттау жүзеге асырылды.

Қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл деңгейі қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің сапалық сипаттамасы мен міндеттеріне жете алмай отыр, бұл тұтастай алғанда халықтың құқық қорғау жүйесіне сенімінің төмендеуіне алып келді.

Заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі

Тұрақты криминогендік ахуалда 2012 жылы елдегі тіркелген қылмыстың саны едәуір болып, 2011 жылмен салыстырғанда 39%-ға өсті және 288 мыңнан астамды құрады. Мұндай өсудің негізгі себебі - соңғы бес жыл ішіндегі қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар болды. Бұл нақты қылмыстық статистиканы қалыптастыруға, елдегі қылмыстың шынайы ауқымын айқындауға мүмкіндік берді. 

Өз кезегінде объективті тіркеу қылмыстың құрылымы мен серпініндегі өзгерістерге уақтылы ден қоюға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарын ұтымды бөлуге ықпал етті.

Прокурорлық қадағалау шараларымен өтініш пен хабарлама бойынша іс жүргізу шешімін үш күн мерзімде қабылдау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптары қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні 100 өтініш берушінің 80-нен астамы өз өтінішіне 3 күн ішінде жауап алады, бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда 30%-ға көп. Бұған қашықтықтан байланыс жасау түрлері де ықпал етті, ендігі жерде өтініш берушілер құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен байланысқа шықпай-ақ, интернет немесе мобильді байланыс арқылы электрондық талонмен ақпарат ала алады.

Бұдан басқа, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс орталықтарындағы және ірі қалалардағы ішкі істер органдарында келушілерді электрондық есепке алу енгізілді.

Сотқа дейінгі іс жүргізуді заңнамалық тұрғыдан оңайлатуға байланысты Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) желісі бойынша қылмыстық істердің төрттен бірі он күн мерзімде-ақ тергеледі.

Сонымен бірге, қолданылған шараларға қарамастан, қылмыс серпінінде теріс үрдістер байқалады. 2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда қылмыс жасаған адамдардың саны 25,7%-ға өсті.

Өңірлік бөлініс бойынша алғанда қылмысты тіркеудің едәуір өсуі Астана (3887-ден 17852-ге дейін өскен), Алматы (14830-дан 42816-ға дейін өскен) қалаларында, Қостанай (8101-ден 19716-ға дейін), Қызылорда             (3423-тен 8545-ке дейін), Оңтүстік Қазақстан (9669-дан 18586-ға дейін) облыстарында байқалады.

Талданып отырған кезеңде қылмыс құрылымында шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстың басымдығы жалғасуда, олардың үлес салмағы 82,1%-ды құрайды.

Тіркелген жалпықылмыстық , оның ішінде алкогольмен және есірткімен масаңдану жағдайында жасалған ауыр қылмыс екі есе өсті (2008 жылғы 6 192-ден 2012 жылғы 13 086-ға дейін).

Бұл ретте соңғы бес жылда наркологиялық есепте тұратын адамдар санының (26%) төмендеу үрдісіне, есірткіге тәуелді азаматтарға медициналық көмек көрсету жөнінде мемлекет қабылдаған шараларға қарамастан, оларды толық емдеп шығару мүмкін болмай отыр. 

Жыл сайын әрбір өңірде орта есеппен бұрын қылмыс жасаған адамдар жасаған 940 қылмыс тіркеледі.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың өсу үрдісі сақталуда (2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы

Мемлекеттің бақылауы мен  есепке алуынан тысқары тұрған, қоғам мен мемлекеттен жасырын экономикалық қызмет (бұдан әрі – бейқалып экономика) - сыбайлас жемқорлық үшін қолайлы болып табылады, ол экономикалық өсу әлеуетін едәуір тежейді және елдің экономикасына ғана емес, ұлттық қауіпсіздігіне де нақты қатер төндіреді. Global Financial Integrity сарапшыларының бағалауы бойынша 2000 жылдан бастап 2008 жыл кезеңі аралығында Қазақстаннан заңсыз шығарылған капиталдың көлемі 126 млрд. Америка Құрама Штаттары (одан әрі – АҚШ) долларын құрады.

Бейресми экономиканың жоғары деңгейі, бірінші кезекте, бақыланбайтын қолма-қол ақша көздерінің ұлғаюын туындатады. Ұлттық Банктің деректері бойынша, 2013 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда жалпы ақша көлеміндегі қолма-қол ақшаның үлесі 14%-ды құрады. Бұл ретте Ұлттық Банк халық арасында кең тараған жинақ ақшаны АҚШ долларымен сақтау практикасын есептеп отырған жоқ. Экономикада есепке алынбаған қаражаттың едәуір көлемінің болуын, халықтың айналымдағы қолма қол ақшасының өсуі де дәлелдейді (2000 жылдан бастап 2013 жыл аралығындағы кезеңде аталған көрсеткіш 15 еседен астам - 95,8 млрд. теңгеден 1424,8 млрд. теңге дейін өсті).

Бейресми экономика көлемі елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауға тікелей әсер етеді. Мәселен, Transparency International-дың жыл сайынғы зерттеулеріне сәйкес сыбайлас жемқорлықтың деңгейі дәстүрлі түрде төмен елдерде (Сингапур, Швейцария, Жаңа Зеландия, Дания, Швеция және басқалар) көлеңкелі айналымның көрсеткіштері салыстырмалы түрде алғанда онша көп емес - ІЖӨ-нің 15% шегінде. Қазақстандағы бейресми экономиканың ауқымын аталған ұйымның сарапшылары ІЖӨ-нің 45%-ы деңгейінде бағалайды, тиісінше, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 133 позицияда тұр (176 мемлекеттің ішінде). 

Қылмыстың мұндай жай-күйі құқық қорғау органдары қызметінің ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілерін қайта қарауды, қылмысқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға түзету енгізуді, профилактикалық негіздерді күшейтуді, сондай-ақ «Transparency Internatoinal» халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (яғни сыбайлас жемқорлыққа жұртшылықтың төзбеуін) арттыру бойынша шаралар қабылдауды талап етеді.

Құқық қорғау қызметінің құқықтық және ұйымдастыру аспектілері

Дүниежүзілік экономикалық форум айқындайтын, 2012 жыл ішіндегі Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есептің рейтингіне сәйкес «полиция қызмет көрсетуінің сенімділігі» көрсеткіші бойынша Қазақстан небәрі                 15 позицияға ғана жақсарған (111-ден 96-ға дейін). Сонымен бірге, 2005 жылы осы көрсеткіштің - 68, 2008 жылы 97 болғанын атап көрсеткен жөн.

Мұның себебі құқық қорғау жүйесіне азаматтардың сенімсіздігі болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша 2012 жылы жүргізілген сауал нәтижелері бойынша 356 мың респондентің 12 мыңы (3,5%) қылмыс құрбаны болғанын мәлімдеді, олардың 46%-ы немесе сұрау салынғандардың жалпы санының 1,6%-ы ғана құқық қорғау органдарына жүгінген. 

Құқық қорғау органдарының қоғамның әлеуметтік институттарымен, оның ішінде қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу саласында өзара іс-қимылы бойынша жұмысының тиімділігі де жеткілікті дәрежеде емес. Азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды соттан тыс реттеу институттарының рөлі төмен. 2011 жылдың екінші жартысында енгізілген қылмыстық процестегі медиация институтының әлеуеті іске қосылған жоқ.

Кең ауқымды құқықтық түсіндіру жұмысы, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметі туралы құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілмейді.

Мемлекеттік орган не оның құрылымдық бөлімшесі құқық қорғауға жатқызылуға тиіс құқық қорғау функцияларының критерийлері осы уақытқа дейін нормативтік тұрғыдан айқындалған жоқ, құқық қорғау қызметін өткерудің қағидаларын толық біріздендіру жүргізілмей отыр. Ресімдерді сөзбұйдаға салушылық, есептілік нысандарының көптігі, дереккөздердің, оның ішінде жеделдік пен тиімділікке әсер ететін халықаралық сипаттағы дереккөздер интеграциясының жеткіліксіздігі құқық қорғау қызметіне тән нәрселер.

Бүгінде инновациялық технологияларға негізделген қылмысқа және қылмыстық істерді тергеуге алдын ала әсер етудің осы заманғы әдістеріне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылуда.

«Қылмыстың электрондық картасы» криминогендік аудандарды, көшелер мен үйлерге дейін көрнекі түрде көрсетеді және елді мекендердегі құқық тәртібінің күштерін ұтымды бөлуге мүмкіндік береді.

49 дереккөзді интеграциялаған құқық қорғау органдарының ақпарат алмасу жүйесі өздерінің жұмысын едәуір жеңілдетті. Ендігі жерде бөлмеден шықпай-ақ, санаулы минутта қылмыстық істің нөмірін алуға, адамды соттылығы тұрғысынан тексеруге, іздестіруге, психиатриялық және наркологиялық мекемелерде есепке алуға және басқа да маңызды ақпараттар алуға болады. 

Сонымен бірге, ғимараттың сәулеті, коммуникациялық құрылыс желілері, геологиялық және географиялық карталар, қала халқы туралы статистикалық деректер (оның ішінде үй-жайда тұратын адамдардың жынысы мен жасының санаттары бойынша бөле отырып, әрбір үй-жай бойынша нақты) және басқалар бойынша деректерді кеңейту және біріктіру арқылы құқық бұзушылық пен төтенше жағдайлардың барлық түрлеріне арналған өзара ақпарат алмасу мен жедел ден қою саласын одан әрі кеңейту мәселесін қарастыру талап етіледі.  

Құқық қорғау органдарының трансұлттық және жасырын сипатқа ие жоғары ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарға (киберқылмыс) қарсы іс-қимыл бойынша қызметі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді. Істің мұндай жағдайы құқық қорғау органдарында білікті кадрлардың, қазіргі заманғы техникалық жарақтандыру мен сараптамалық мекемелердің болмауынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының осы салада шетелдегі әріптестерімен тиісінше ведомствоаралық өзара іс-қимылдың болмауынан туындап отыр. Соңғы 5 жыл ішінде (ҚК-нің 227-бабы бойынша) тек ресми түрде 329 қылмыс тіркелген (2008 ж. – 58, 2009 ж. – 43, 2010 ж. – 107, 2011 ж. – 70, 2012 ж. – 54).

Көші-қон ағынын, әсіресе Кеден одағы жағдайында бақылаудың жаңа нысандары мен әдістерін тұжырымдау қажет.

Қазақстан Республикасындағы сыртқы және ішкі көші-қон процестері жоғары белсенділігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге, көші-қонды бақылау саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету бүгінгі күні барлық міндеттер тізбесін шешуге кешенді қарауға мүмкіндік бермейді, бұл қолда бар ақпараттық ресурстардың шашыраңқылығы мен орталықтан алуынан туындайды.

Осындай ахуалда көші-қон полициясының ақпараттық жүйесін құру қажет, бұл көші-қон ағынын бақылауды автоматтандыруға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұруы мен оған уақытша келу қағидаларын, сондай-ақ сыртқы еңбек көші-қоны саласында белгіленген қағидаларды сақтауына мүмкіндік береді.

Әлеуметтік профилактика саласы

Әлеуметтік профилактика бойынша нормативтік құқықтық база жасалды. «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы», «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Сонымен бірге, құқық бұзушылық профилактикасының өңірлік бағдарламалары, жалпы, декларативтік ережені қамтиды, аумақтық ерекшеліктерді ескермейді. Оларда айқындалған                    іс-шаралардың негізгі көлемі уәкілетті органдардың күнделікті қызметі сипатына ие, атқарушы органдар оларды қаржыландырмайды.

Нәтижесінде елде құқық бұзушылық профилактикасының халыққа және азаматтық қоғам институттарына нақты арқа сүйейтін тиімді жалпымемлекеттік жүйесі құрылмаған.

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың профилактикалық әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды (25 мыңнан астам адамды біріктіретін 4,6 мыңнан астам қоғамдық құралым).

Қауіпсіздіктің интеллектуалдық жүйесін, адамдар көп жиналатын объектілерді қашықтықтан электрондық бақылауды дамыту арқылы құқық бұзушылық профилактикасы мен оның жолын кесу жүйесін дамыту өзекті болып отыр.

Құқық қорғау органдары қызметінің бағытын құқыққа қарсы әрекеттің салдарына ден қоюдан олардың алдын алуға және жолын кесуге, профилактикалық бастауларды бірінші кезекті міндеттер дәрежесіне көтеруге, осы жұмысқа барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылықты тартуға қайта бағдарлаудың өткір қажеттігі туындайды.

Ювеналдық әділет саласы

Қабылданған шараларға қарамастан, жасөспірімдер арасында қылмыстың өршуі жалғасуда. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар санының азаюы аясында (2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға азайған), соңғы үш жылда олар жасаған қылмыс санының өсуі байқалуда. Бұл ретте, әрбір екінші қылмысты жалпы білім беретін оқу орындарының кәмелетке толмаған оқушылары жасайды. Мұндай жағдай полицияның «мектеп» инспекторлары институтын одан әрі дамытуды талап етеді, оны әрбір қала мен ірі ауыл мектептерінде енгізу қажет.

Тергеу кезеңінде уақытша оқшаулауды қажет ететін кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстау орындарын құру жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдау, сондай-ақ оларды ұстауға арналған ерекше режимдегі арнаулы ұйымдар талап етіледі.

Қазіргі кезде осы мәселелердің шешілмеуі қылмыс жасаған және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін кәмелет жасына жетпеген жүзден астам балалардың жыл сайын жасөспірімдер арасында қалуына және басқа кәмелетке толмағандарға сөзсіз теріс ықпал етуіне әкеп соғуда.

Тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдануды ерекше режимде ұстай отырып білім беретін бірден-бір ұйым – «Қылмыстық жауаптылық пайда болатын жасқа жеткенге дейін қылмыстық жазаланатын әрекет жасаған кәмелетке толмағандарға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етеді (Белоусовка кенті, Шығыс Қазақстан облысы), ол жергілікті бюджеттен қаржыландырылады және республиканың басқа өңірлерінен бала қабылдамайды. Ерекше режимде ұстай отырып білім беретін қыздарға арналған арнаулы ұйым жоқ, бұл осы санаттағы кәмелетке толмағандарға қатысты заңды күшіне енген сот актілерінің орындалмауына әкеп соғады.

Соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың актілерін орындау саласы

Соттың үкімін, соттың шешімін немесе өзге де сот актілерін қасақана орындамағаны үшін борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жөніндегі құқық қолдану практикасын талдау осы норманы қолданудың тиімділігінің төмен екендігін көрсетті.

Егер 2000 жылдан бастап 2001 жыл аралығында қылмыстық жауаптылыққа 700-ге жуық адам тартылса, 2001 жылдан бастап (көрсетілген қылмыстар туралы істерді ішкі істер органдарының тергеуіне беру)  қылмысқа тартылған адамдардың 2012 жылы 39-ға дейін күрт азайғаны байқалады. Ал бұл кезде сот орындаушыларының ішкі істер органдарына жіберетін материалдарының саны жыл сайын 1700-ден 2000-ға дейінгіні құрайды.

Орындаушылық құжаттардың үздіксіз өсуі және қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетін материалдардың ұлғая түсуі жағдайында, сот актілерін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған борышкерлер санының азаюының кері үрдісі байқалуда.

Қалыптасқан жағдайдың себебі борышкерлерге әсер етудің жеткілікті тұтқасының болмауы, мәжбүрлеу әдісін дербес пайдалану мүмкіндігі, сот орындаушылар мәртебесінің төмендігі болып табылады.

Әлемдік практиканы талдау сот орындаушыларының тергеуді борышкерлерге түрмеге қамау немесе оны борышын өтеу үшін қажетті мерзімге қоғамдық жұмыстарға мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып жүргізетінін көрсетеді. Ресей Федерациясында сот актілерінің орындалмауына байланысты істер бойынша анықтау функциясын Сот приставтарының федералдық қызметі жүзеге асырады, бұл олардың қылмыстық-әкімшілік тетігін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік береді.

Сот орындаушылары сот актілерін орындау процесінде тап болатын проблемалар - сонымен қатар олардың қызметіне қол күшімен қарсылық жасауға, орындамауға, талаптарына құлақ аспауға дейін кедергі келтіру, келмеу, тұратын жерін қасақана өзгерту болып табылады.

«Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сот приставтарының сот орындаушыларына орындаушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға жәрдем көрсетуі көзделген.

Сот приставтарына заңнамалық тұрғыдан өкілеттіктер берілген, осындай өкілеттіктер сот орындаушыларының қажетті орындаушылық іс-әрекеттерді кедергісіз жүргізуіне мүмкіндік берер еді.  Дегенмен аталған іс-әрекет Сот актілерін орындау жөніндегі комитетте штат бірліктерінің болмауынан  іс жүзіне асырылмайды.

Сот орындаушылары процессуалдық адамдар болып табылады, олардың іс-әрекетімен орындаушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сақтау жүзеге асырылады.

Шетелдік тәжірибені зерделеу нақты құқық қорғау мәртебесінің болуы  орындаушылық іс жүргізу органдарының  өздеріне жүктелген функцияны тиімділікпен іске асыратынын көрсетеді, өйткені олардың талаптарына кедергі жасау және ден қоймау тәуекелі едәуір төмен болады.

2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес сот актілерін мүлтіксіз орындауға, оның ішінде сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін жауаптылықты күшейтуге, жосықсыз борышкерлерге қатысты шектеу шараларын одан әрі қолдануға, орындаушылық іс жүргізуге іс жүргізушілік сот бақылауын күшейтуге қол жеткізу қажет.

Осылайша, бүгінгі күні сот актілерін және өзге де актілерді мәжбүрлі түрде орындатудың тиімді жүйесін жасау үшін ұйымдастырушылық, нормативтік сипаттағы өзекті шаралар қолдану қажеттігі туындайды. 

Қылмыстық-атқару жүйесі

Мемлекет басшысы тапсырған қылмыстық заңнаманы ізгілендіру және рақымшылық жасау саясаты Қазақстанның халықаралық индекстегі рейтингін 18 позицияға жақсарта отырып, «түрме халқын» 25%-ға                  (2009 жылғы 55 мыңнан 2012 жылы 42 мыңға дейін) азайтты.

Соттардың жазалау практикасы өзгерді. Өткен жылы соттар бас бостандығынан айырудың орнына бостандығын шектеуді 25%-ға дейін көп қолданды, ол бұрын небәрі 2% болатын. Тұтастай алғанда, сотталған адамдардың саны 15%-ға қысқарды.

Жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етумен қатар, тетігі әлі де жетілдірілмей отырған жәбірленушіге келтірілген залалды өтеу халықтың құқық қорғау органдарының қызметін бағалауының маңызды көрсеткіші болып табылады.

2011-2012 жылдар ішінде жеке және заңды тұлғаларға 194 миллиард теңге соманың залалы өтелген жоқ. Пайдакүнемдік-күштеу бағытындағы қылмыстар туралы істер бойынша ғана өтелмеген залалдың орташа көрсеткіші соңғы үш жыл ішінде 30%-ды құрады.

Бұл ішінара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын еңбекке қабілетті сотталғандардың жартысынан астамының еңбекке қамтылмауынан туындайды. Нарықтық қатынастарға көшу, шаруашылық байланыстардың үзілуі түзеу мекемелерінің өндірістік әлеуетін іс жүзінде қиратты, өндірістік қуаттардың 30%-ы ғана пайдалануға жарамды, ал кейбір мекемелерде олардың тозуы 100%-ды құрайды.

Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өзіндегі негізгі қорларды тікелей жаңғырту талап етіледі. Аталған мәселелерді шешу үшін мемлекеттік-жекеше әріптестік институтын енгізу өзекті болып табылады.

Қылмыстың қайталану деңгейі әлі де жоғары. Бұрын сотталғандар жасаған қылмыстың үлес салмағы ел бойынша орта есеппен 15%-ды құрайды, бұл бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтудың толыққанды жүйесінің жоқтығымен түсіндіріледі. Осыған байланысты мемлекеттік және қоғамдық институттардың өзара іс-қимылының қажеттігі іс жүзінде пісіп-жетілді.

Кадрлық және ғылыми-білім беру саласы

Құқық қорғау органдары, сот сараптамасы органдары жұмысының тиімді болуының жеткіліксіздігі кадр ресурстарындағы кемшіліктерден, сабақтастықтың болмауынан және кадрлардың көп ауысуынан туындап отыр. Бірқатар проблемалардың: кадрларды жоспарлаудың және орналастырудың нақты жүйесінің болмауының (орта есеппен алғанда әрбір 2 жылда қызметкер жұмыс учаскесін ауыстырады); қызметке кандидаттарды зерделеу сапасының төмендігінің (әрбір оныншы жас қызметкер қызметтің алғашқы жылы ішінде-ақ органдардан кетеді, олардың әрбір төртіншісі теріс себептермен кетеді); қызметкердің жұмыс нәтижелерін бағалаудың нақты критерийлерінің болмауының, бұл кадрларды жоғарылату кезінде аттестаттаудың атүсті жүргізілуіне, уәждеудің төмендігіне, тамыр-таныстыққа әкеп соғады (кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарының жоғары басшы құрамының үштен бірі жаңарды); қызметкерлердің кәсіби және дене даярлығына үстірт қараушылықтың (қызметкерлердің қызметтік және дене даярлығын өткізуге арналған оқу-материалдық базамен әрбір төртінші бөлімше ғана жарақтандырылған); ұйымдық-штаттық жұмыстың тиімсіздігінің, функциялардың қайталануының (соңғы 3 жыл ішінде құқық қорғау органдарында жүзден астам ұйымдастыру штаттық жаңартулар жүргізілді, бұл ретте штат саны өзгеріссіз қалды); тәрбие жұмысының жеткіліксіздігінің (соңғы 3 жыл ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты 1591 қылмыстық іс қозғалды және бұл цифр жыл сайын өсуде) барлық құқық қорғау органдарына ортақ болып қалуы жалғасуда. 

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету мен әлеуметтік қорғалу мәселелерін одан әрі шешу талап етіледі, олардың жеткіліксіз қамсыздандырылуы кадрлардың кері ағымына әкеп соғатын факторлардың бірі болып табылады (2008-2012 жылдар ішінде құқық қорғау органдарынан 20 мыңнан астам қызметкер өз еркімен кетті; құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету орта есеппен 15%-дан аспайды).

Құқық қорғау органдарының ескірген әдістемелік база жағдайында дамып келе жатқан ғылыми-білім беру саласы реформалауды қажет етеді.

Ғалымның әлеуметтік мәртебесінің және ғылым беделінің төмендеуі, ғылыми-білім беру саласы қызметкерлерінің одан әрі кәсіби өсуіне уәждеудің болмауы жоғары білікті кадрлардың коммерциялық сала мен өзге де қызмет салаларына кетуіне әкеп соғады.

Ғылыми зерттеудің жай-күйі құқық қорғау практикасы мен өрт қауіпсіздігі проблемаларының барлық спектрлері толық қамтылмай отырғанын, ведомствоаралық кешенді зерттеулердің жоқтығын көрсетеді. Жүргізіліп отырған зерттеулер тез алмасу үстіндегі жедел жағдайлардан артта қалуда, практиканың және оқу процесінің нақты қажеттіліктеріне жеткілікті түрде бағдарланбаған. Жүргізіліп отырған зерттеулердің қолданбалы сипаты ведомстволық міндеттердің ерекшеліктерінен туындайтын шеңбермен объективті түрде шектелген. Ғылым мен практикалық қызметтің өзара байланысы қамтамасыз етілмейді, ал зерттеу тақырыбы көбіне құқық қорғау органының өзекті міндеттерін шешуге бағдарланбаған. 

Қылмысқа қарсы күрестің қазіргі заманғы міндеттері ведомстволық тар шеңбердегі проблемалардан шығып кетеді. Құқық қорғау ведомстволарының қазіргі заманғы, іс-әрекетке қабілетті ведомствоаралық моделін, білім берудің, ғылыми зерттеу мен практиканың бір тұтастығының бірлескен идеясын құруға бірыңғай, кешенді тәсіл мен күш-жігерді үйлестіру қажет.

ЖБИ көрсеткіштері бойынша «білім беру жүйесінің сапасы» және «ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы» жөнінен Қазақстан тиісінше 101 және 108 позицияларда болса, «инновацияға қабілеттілік» жөнінен – 92, «жаңа технологияларға қолжетімділік» жөнінен 90-позицияда.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласы

Республикада жыл сайын 16 мыңнан астам өрт болады, материалдық шығын 5,5 млрд. теңгеден асады, өрттен 600 адамға дейін көз жұмады, оның ішінде  50-дей бала болған.

Бұл ретте өрттің 40%-дан астамы отпен абайсыз жұмыс істеуден, 18%-ы электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдаланудың қағидаларын бұзу нәтижесінде туындайды, өрттің 14%-ы қасақана от қоюдан болса, 12%-ы пешті салу мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу себебінен болады және өрттің шамамен 16%-ын, балалардың отпен ойнауын, электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталмауын қоса алғанда, басқа себептер құрайды.  

Бұл мән-жайлар, соның ішінде өрт қауіпсіздігі саласында баспа-плакат өнімдерін шығару, үнпарақтар, брошюралар тарату жолымен,  халықтың арасында өрт-профилактикасының рөлін күшейтуді талап етеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде ғылымды дамыту, алынған нәтижелер негізінде азаматтық қорғау бөлімшелерінің жедел қызмет процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін, қолданбалы ғылыми зерттеулер алу жағына бағытталған. Қазіргі кезде өрт қауіпсіздігі саласында жекелеген зерттеулер жүргізілуде, алайда кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу қажет, оларды шешу қосымша қаржыландыруды талап етеді.

Қазақстанда соңғы 11 жыл ішінде өрт қауіпсіздігі саласында Қазақстан Республикасының 84 ұлттық стандарты қолданысқа енгізілген, ол әзірленгендер елде қазіргі заманғы құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды, сондай-ақ өрт сөндіру құралдары мен өрт-техникалық қаруларын шығаруға басымдық беріле отырып жүзеге асырылады.

Кеден одағының елдерінде техникалық реттеудің бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы келісімді іске асыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласындағы халықаралық нормалар мен бірыңғай техникалық талаптарды үйлестіруге бағдарланған Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын әзірлеуді жалғастыру қажет.

Кеден ісі саласы

1999 жылдан бастап 2011 жылдар аралығындағы кезең ішінде кеден органдарының кедендік төлемдер мен салықтар өндіріп алуы 38,2 млрд. теңгеден 1,1 трлн. теңгеге дейін өсті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша кеден органдары бюджет кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін 1 трлн. 146,9 млрд. теңге сомасында қамтамасыз етті.  

Кеден рәсімдерін оңайлату мен үйлестіру, шекарадағы өткізу пункттерінде талап етілетін рұқсат құжаттарын қысқарту, кедендік тазалаудың ашықтығын қамтамасыз ету және тарифтік және тарифтік емес реттеуде қолданылатын шараларды оңайлату және т.б. жөнінде шаралар қолданылуда.

Сонымен бірге, кедендік тауарларды декларациялау кезінде кедендік операциялар процестерінің толық автоматтандырылуына байланысты әкімшілік кедергілер сақталуда, бұл кеден саласында қызмет көрсету сапасының жеткіліксіз болу себептерінің бірі болып табылады.

Анықтаушылар лауазымы жоқ кеден органы бөлімшелерінде қылмысты тергеу тетіктерін айқындау қажеттігі туындайды.

Шекара маңындағы кеден бекеттерінің лауазымды адамдарына анықтаушылардың тиісті өкілеттіктері  мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесін беру штат санын көбейтуді болдырмайтын оңтайлы нұсқа болып табылады.

Сот-сараптама қызметі саласы

Құқық қорғау практикасы қоғамдық қатынастың түрлі салаларында сараптамалық қорытындының қажеттігін көрсетті. Сараптамалық қызметтің өсе түскен көлемі сот сараптамасының баламалы жекеше секторын енгізуге негіз болды.

Сот-сараптамалық қызмет саласында сот сараптамасының тәуелсіздігін қамтамасыз ететін заңнамалық база құрылды, сот сараптамасының сапасын бақылау құралдары енгізілді.

Сонымен бірге сот-сараптама қызметі саласы одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Сараптама саласын халықаралық аккредиттеу зертханасы, сот сарапшыларын даярлау мен олардың біліктігін арттыру жөніндегі арнаулы оқу орындары жоқ.

Бұдан басқа, Әділет министрлігінің (бұдан әрі – ӘдМ) «Сот сараптама орталығы» (бұдан әрі – ССО) мемлекеттік мекемесі аумақтық бөлімшелерін және Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицина орталығы» (бұдан әрі – СМО) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдарын материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерін шешу талап етіледі.

ССО-ның сот сарапшыларына жүктеме 2012 жылы 1997 жылмен салыстырғанда 4,7 есе, СМО-да 1,5 есе өсті, бұл ретте сот сараптама органдарының штат саны аталған кезеңде өзгерген жоқ.

ССО-ның сот сараптама кадрлары - 15 ауданда және облыстық маңызы бар 9 қалада, сот-медицина сарапшылары 86 ауданда бар.

Жекеше сот сараптама институты, әсіресе аудан орталықтарында жеткіліксіз дамыған, сондай-ақ ішкі істер органдарының, денсаулық сақтау саласында аккредиттелген тәуелсіз сарапшылардың осы саладағы әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды.

Әділет министрлігінің Сот сараптама тізіліміне сәйкес жекеше секторда сараптамалық қызметті жүзеге асыратын 97 ғана лицензиат бар, бұл халықты сот сараптамасы қызметімен қамтамасыз етуге мүлдем жеткіліксіз. 

Бұдан басқа, қылмыстың жаңа түрлерінің пайда болуына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты инновациялық сот-сараптама технологияларын енгізу, сондай-ақ сот-сараптама зерттеулерінің жаңа әдістемелерін әзірлеу талап етіледі.

Қазіргі кезде жалақының төмендігіне, жұмыс көлемінің көптігіне, әлеуметтік қорғалудың болмауына орай сараптамалық қызметтің беделі төмендегені және сарапшы кадрлардың саладан кетуі байқалады.

Сот сараптамасының жекелеген түрлерін белгілеудің орындылығы мәселесін пысықтау толық көлемде тұжырымдалмаған, бұл сараптамалық жүктеменің артуына әкеп соғады.

Осылайша, құқық қорғау жүйесіндегі ахуалға талдау мыналарды көрсетеді.

Күшті жақтары:

қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдағы қалыптастырылған тәжірибе;

тиімді нормативтік құқықтық базаның болуы;

құқық қорғау қызметінің нақты айқындалған басым бағыттары;

қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды барынша толық тіркеуді қамтамасыз ету;

барлық құқық қорғау органдарының функцияларын, құрылымын және санын оңтайландыру (құқық қорғау жүйесінің 100 мыңнан астам қызметкерін ауқымды қайта аттестаттау аяқталды);

құқық қорғау органы қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті ұлғайтылды;

қылмыстық саясат ізгілендірілді.

Әлсіз жақтары:

«Полиция қызмет көрсетуінің сенімділігі», «сот тәуелсіздігі» көрсеткіштері бойынша халықаралық рейтингтердегі; «Transparency International» жемқорлыққа қарсы рейтингтегі, білім беру саласындағы төмен көрсеткіштер;

қоғамның әлеуметтік институттарымен өзара іс-қимылдың тиімсіздігі;

дауларды соттан тыс реттеу институттарының төмен рөлі;

қылмыстық процестегі жәбірленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жетілдірілмеген тетіктері;

құқық қорғау органдарының қызметі туралы кең ауқымды құқықтық түсіндіру жұмыстарының болмауы;

құқық қорғау функцияларын бағалаудың нормативтік белгіленген критерийлерінің болмауы;

құқық қорғау қызметі рәсімдерінің сөзбұйдалығы;

құқық қорғау қызмет көрсетулерін ұсыну стандарттарының болмауы;

есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тиімділігінің жеткіліксіздігі;

жоғары ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша тиімділіктің төмен болуы;

халықтың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі;

мемлекеттік қаржылық және банктік бақылау органдарымен өзара іс-қимылдағы төменгі деңгей;

құқық бұзушылық профилактикасының тиімсіздігі, соның ішінде, қоғамдық құрылымдардың профилактикалық әлеуетін жеткіліксіз пайдалану;

жасөспірімдер ортасының қылмыстануы;

атқарушылық іс жүргізу жүйесі қызметінің тиімсіздігі;

сараптау қызметінің, жеке сот сараптамасы институтының жеткіліксіз дамуы.

Мүмкіндіктері:

ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

қолданыстағы заңнамаларды халықаралық стандарттардың деңгейіне дейін жетілдіру;

инвестициялық климатты жақсарту;

халықаралық рейтингтерде Қазақстанның көрсеткіштерін арттыру;

құқық қорғау органдарының азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын арттыру;

құқық қорғау жүйесіне қоғамның сенімі деңгейін арттыру;

құқық қорғау органы қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;

еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;

құқық қорғау жүйесінің сенімділігі;

азаматтардың құқықтық санасын арттыру, халықты құқықтық мәдениетке тәрбиелеу;

сот төрелігі сапасын арттыру;

құқық қорғау жүйесінің құқықтық негіздерін жетілдіру;

жаңа технологияларға қолжетімділік;

құқық қорғау органдары қызметін бағалаудың ашық жүйесін қалыптастыру;

халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру;

құқық қорғау органы қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуы;

кадрларды даярлау және қайта даярлау процестерін жетілдіру;

құқық қорғау жүйесінде ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін жаңғырту;

құқық қорғау органдарын жарақтандыру жүйесін жетілдіру;

сот-сараптамалық зерттеу ісін жүргізу сапасын арттыру;

қоғамда құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімділік қалыптастыру.

Қатерлер:

құқық қорғау органдары кадрлары даярлығының төмен деңгейі;

«бейресми экономика» деңгейінің артуы;

инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі;

халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі және әлеуметтік шиеленістің өсуі.

IV. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және көрсеткіштері

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңғырту жолымен тиімді қорғау.

Бағдарламалық мақсаттар:

  1. Құқық қорғау жүйесіне қоғамның сенімі деңгейін арттыру.
  2. Құқық қорғау органдары қызметі мен сот-сараптамалық қызметі жұмысының тиімділігін арттыру.

Мақсатты индикаторлар:

1) құқық қорғау органдарына азаматтардың сенімі деңгейі 2020 жылы 60%-дан төмен болмайды;

2) «Полиция қызмет көрсетуінің сенімділігі» көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде Қазақстан Республикасының позициясы 2020 жылы 56 орынға дейін жақсарады;

3) 2020 жылы құқық қорғау органдары көрсететін қызметтің 100%-ы уақтылы және сапалы болады;

4) «Transparency International» рейтингінде жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстанның позициясы 2020 жылы 80 орынға дейін жақсарады;

5) 2020 жылы сот сараптамасы органдары зертханаларының 85%-ы халықаралық аккредиттелді;

6) 2020 жылы құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу, аттестаттау және лайықтыларын жоғарылату процестерінің ашықтығы мен объективтілігі 100%-ға қамтамасыз етіледі.

1. Құқық қорғау жүйесіне қоғамның сенімі деңгейін арттыру

1.1. Сенімді құқық қорғау жүйесін қалыптастыру.

Міндеті: құқық қорғау органының имиджін арттыру.

Нәтиже көрсеткіштері:

құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне негізделген шағымдардың үлесі 2016 жылы - 10%-ды, 2020 жылы  – 5%-ды құрайды;

2020 жылы құқық қорғау органдары ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерді 100%-ға стандарттау қамтамасыз етілетін болады;

электрондық нысанда және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің үлесі  мемлекеттік қызмет көрсетулердің жалпы санының 2020 жылы - 60%-ын құрайды;

құқық қорғау органдары ұсынатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 2020 жылы - 70%-ды құрайды;

азаматтардың өз қауіпсіздігін қабылдау (қорғалуы) деңгейі  2016 жылы - 40%-ды, 2020 жылы 60%-ды құрайтын болады.

1.2. Құқық бұзушылықтарға қарсы күреске және олардың профилактикасына халықты, азаматтық қоғам институттарын тарту нысандарын дамыту

Міндеті: халықтың, азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы нысандарын дамыту.

Нәтиже көрсеткіштері:

анықтауға және жолын кесуге азаматтардың және олардың бірлестіктерінің қатысуы ықпал еткен құқық бұзушылықтардың үлесі
2016 жылы - 8%-дан, 2020 жылы 10 %-дан артады;

құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құралымдар құрамында болатын азаматтардың саны 2016 жылы 7%-дан, 2020 жылы 16 %-ға артады.

1.3. Азаматтардың құқықтық мәдениетін және құқықтық санасын қалыптастыру

Міндеті: халықты құқықтық тәрбиелеу, құқықтық мәдениетін және құқықтық санасын арттыру жөніндегі шаралар жүйесін жетілдіру;

Нәтиже көрсеткіштері:

оқушыларды құқықтық тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының үлес салмағы 2016 жылы – 80%-ды, 2020 жылы 100%-ды құрайтын болады;

жасалған және жасалатын құқық бұзушылықтар бойынша белсенді азаматтық ұстанымды арттыру 2016 жылы – 20%-ға, 2020 жылы 50%-ға  артатын болады.

1.4. Сот актілерінің және өзге де актілердің орындалуын қамтамасыз ету

Міндеті: сот актілерін және өзге де актілерді орындаудың тиімді жүйесін құру.

Нәтиже көрсеткіштері:

аяқталған атқарушылық іс жүргізулердің жалпы санындағы толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі 2016 жылы – 83%-ға дейін, 2020 жылы 85%-ға дейін артады, жиынтық түрінде 2016 жылы –  15%-ға дейін, 2020 жылы 25%-ға дейін артады;

орындау мерзімдері бұзылған атқарушылық іс жүргізулердің үлес салмағы 2016 жылы – 20%-ға, 2020 жылы 30%-ға азаяды.

2. Құқық қорғау органдары қызметі мен сот-сараптамалық қызметі жұмысының тиімділігін арттыру

2.1. Құқық қорғау жүйесінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерінің тиімділігін арттыру

Міндеттері:

  1. құқық қорғау қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру;
  2. құқық қорғау органдарының нақты міндеттерді орындаудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметін оңтайландыру;
  3. ювеналдық әділет жүйесін жетілдіру;
  4. пенитенциарлық сипаттағы, соның ішінде қоғамның құқық қорғау органдарымен шоғырланған кездегі, шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету.

Нәтиже көрсеткіштері:

2020 жылы құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің 100%-ы құқық қорғау органының енгізілетін стандарттарына сәйкес келтірілетін болады;

қайталанған қылмыстардың деңгейі 2017 жылы – 4%-ды, 2020 жылы 3,6%-ды құрайды;

кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы
2017 жылы – 5,6%-ды,  2020 жылы 5,3%-ды құрайды;

құқық бұзушылықтардан келген залалды өтеу 2017 жылы –
50%-ды, 2020 жылы 80%-ды құрайтын болады;

бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету 2017 жылы – 40%-ды, 2020 жылы 50%-ды құрайды;

Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласында әзірленген ұлттық стандарттарының үлесі 2020 жылы 87,7%-ды құрайды;

 «жасыл дәліз» бойынша электрондық декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды кедендік тазалау бойынша уақытты 2015 жылы – 50%-ға, 2020 жылы 70%-ға қысқарту.

2.2 Жаңа технологияларға қолжетімділік және құқық қорғау органдарының инфрақұрылымын дамыту

Міндеті: құқық қорғау органдарының ақпараттық-талдамалық жүйелерін құру және жетілдіру.

Нәтиже көрсеткіштері:

жедел-қызметтік қызметінде ақпараттық массивтерді пайдаланушы қызметкерлердің үлесі 2016 жылы – 50%-ды, 2020 жылы 90%-ды құрайды;

қағаз жүзіндегі құжат айналымы 2016 жылы – 40%-ға, 2020 жылы   70%-ға қысқарады;

ақпараттық-талдамалық жүйені пайдалана отырып тергеудің нәтижелілігі 2016 жылы – 15%-ға, 2020 жылы 30%-ға артады;

есепке алу объектілері бойынша құқық қорғау органдарының криминалистикалық есептерінің толықтығы 2016 жылы – 60%-ға дейін,
2020 жылы 80%-ға дейін артады;

құқық қорғау органдарын ақпараттық-коммуникациялық жарақтандыру деңгейі 2020 жылы 75%-ды құрайды.

2.3.  Кадр саясатын және ведомстволық білім беруді жаңғырту

Міндеттері:

1) жоғары кәсіби кадр құрамын қалыптастыру;

2) құқық қорғау органдарында ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру.

Нәтиже көрсеткіштері:

2020 жылы құқық қорғау органдарының негізгі бөлімшелерін сапалы кадрмен қамтамасыз ету 70%-ға қанағаттандырылады;

2017 жылы практикалық бөлімшелердің біліктілікті арттыру жүйесіне, оның практиканың сұранысына бағыттылығына 100% қанағаттанушылығы;

қызметкерлердің қызмет өткеру шарттарымен қанағаттандырылуы 2016 жылы – 70%-ды, 2020 жылы 90%-ды құрайды;

ведомстволық білім беру бағдарламаларының практикалық бағыт танушылығын 2016 жылы – 50%-ға,  2020 жылы 70%-ға қамтамасыз ету;

құқық қорғау органдарының қажеттіліктерін қызмет бағыттары бойынша мамандармен 2016 жылы – 70%-ға,  2020 жылы 90%-ға қамтамасыз ету;

халықаралық стандарттарға жауап беретін біліктілігін арттырудан өткен ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың саны 2016 жылы -40%-ды,  2020 жылы 70%-ды құрайды;

құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған ғылыми жұмыстардың саны 2016 жылы – 50%-ды, 2020 жылы 80%-ды құрайды;

құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 100%-ы 2020 жылға қарай құқық қорғау органдары ұсынатын мемлекеттік қызмет көрсетулер саласында біліктілігін арттырады.

2.4. Құқық қорғау жүйесін сот-сараптамалық қамтамасыз етуді жаңғырту

Міндеті: сот-сараптамалық қызметті аккредиттеудің халықаралық стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру.

Нәтиже көрсеткіштері:

2016 жылы сот сараптама органдарының 100%-ы бір ведомствода орталықтандырылатын болады;

2020 жылы медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қатысты комиссиялық сараптама іс жүргізуі кезінде денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз аккредиттелген сарапшылардың қатысуы 100%-ға қамтамасыз етілетін болады;

мемлекеттік органдардың сот сарапшыларының жүктемелері
2020 жылы 25%-ға төмендейді;

жеке сот сарапшылары жүргізген сот сараптамаларының үлесі
2020 жылы кемінде 5%-ды құрайды;

 «Сот сараптамасы» мамандығы бойынша магистрлердің үлес салмағы 2020 жылы -10%-ды, «Сот сараптамасы» мамандығы бойынша (PhD) құқық докторлары  2%-ды құрайды;

2020 жылы сарапшы кадрлармен қамтамасыз етілу кемінде
95%-ды құрайды;

2017 жылы сот сараптама органдарының 100%-ы жүргізілетін сараптамалардың мерзімдерін, сапасын бақылаудың ведомствоаралық жүйесіне енгізілетін болады;

сарапшы кадрларын, ССО-ны, СМО-ны  материалдық-жарақтандырудың 90%-ы 2020 жылы аккредиттеудің халықаралық стандарттарына сәйкестендірілетін болады;

2020 жылы сараптаманың 90%-ы заңнамада белгіленген мерзімдерде жүргізілетін болады;

2020 жылы сот сараптамасының аудандық және ауданаралық бөлімшелері аудандардың 90%-ында, өңірлік молекулярлық-генетикалық бөлімшелер облыс орталықтарының 70%-ында жұмыс істейтін болады;

2020 жылы қызметтік міндеттемелерін орындаған кезде сот сарапшыларын бюджет қаражаты есебінен сақтандыру 100%-ды құрайды;

расталмаған тұжырымдары бар қайта сараптаудың үлес салмағы 2020 жылға қарай 2%-ға дейін төмендейді.

V. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

1. Құқық қорғау жүйесіне қоғамның сенімі деңгейін арттыру

1.1. Сенімді құқық қорғау жүйесін қалыптастыру.

Құқық қорғау органы жеке құрамының кәсіби деңгейін арттыру, сапалы кәсіби өзегін қалыптастыру құқық қорғау органының қызметін бағалау нәтижелері негізінде, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүргізілетін халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізу жолымен жүзеге асырылатын болады.

Имидждік, ойындық және деректі фильмдер, бейнероликтер, телебағдарламалар, билбордтар шығару, ақпараттық-түсіндіру акцияларын өткізу және т.б. жолмен құқық қорғау органы қызметкерінің жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілетін болады.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының заңды мүдделеріне төнген қатердің алдын алуға бағытталған өрт қауіпсіздігінің талаптарын арттыру мақсатында бақылау қызметі мен әкімшілік практиканы реттеу саласындағы заңнаманың жекелеген   нормалары жетілдірілетін болады.

Құқық қорғау органдары қызметі саласында мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерін жетілдіру жөніндегі жұмыстар:

1) құқық қорғау органдары ұсынатын қызмет көрсетулерді талдау және түгендеу;

2) қызметтер мен құқық қорғау органдары бөлімшелері қызметінің бағыттары бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын қайта қарау;

3) құқық қорғау органдарының халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтерінің, соның ішінде құқық қорғау органдары қызметтері мен бөлімшелерінің азаматтар алдындағы міндеттемелерін ретке келтіретін және нақтылайтын стандарттарын жетілдіру;

4) жер-жерлерде құқық қорғау органдарында халықпен жұмысты ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған халықпен жұмысты ұйымдастыру регламенттерін әзірлеу;

5) көрсетілген мәселелерді реттейтін ведомстволық бұйрықтарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу;

6)  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау арқылы жалғастырылатын болады.

Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері мен жоспарланып отырған іс-шаралар туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында (одан әрі – БАҚ) орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Азаматтың және адамның конституциялық, өзге де құқықтары мен бостандықтарын  бұзу фактілерін болдырмау мақсатында уақытша ұстау изоляторларының жауап алу бөлмелерінде және тергеу изоляторларында кезең-кезеңмен бейне қадағалау жүйелері енгізіліп, барлық құқық қорғау органдарына келушілерді электрондық есепке алу жүргізіледі.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтар профилактикасы мен оның жолын кесу жүйесін дамыту үшін қауіпсіздіктің интеллектуалдық жүйесі, халық көп жиналатын объектілерде қашықтан электрондық бақылау енгізілетін болады. Сонымен қатар тұрғын үй кешендерін қазіргі заманғы қашықтықтан электрондық бақылау құралдарымен жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейтін құрылыс нормативтерін өзгерту мәселелері пысықталады.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар кешені азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімі деңгейін 2020 жылы 60%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, «Полиция қызмет көрсетуінің сенімділігі» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде Қазақстан Республикасының позициясы 2020 жылы 56 орынға дейін жақсарады.

Халықаралық талаптарға (БҰҰ, Еуропа Кеңесі, ЕҚЫҰ) сүйене отырып, полиция қызметкері қызметінің тиімділігін бағалау бірінші кезекте оның халық проблемаларымен жұмыс істей білу қабілеті мен тұрғындарды құқықтық тәртіпті қорғау процесіне тарта білуін ескеретін болады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз ету, құқық қорғау органдары қызметіне азаматтардың сенімін нығайту, құқық бұзушылықтар профилактикасының пәрменділігі барынша ішкі істер органдары қызметімен (полиция, соның ішінде кәмелетке толмағандардың ісі бойынша учаскелік полиция инспекторы, патрульдік, жол және көші-қон полициясы қызметімен) байланысып жатыр.

Адамдар көп келетін, бірегей және техникалық күрделі объектілердің ауқымды құрылысын салуды білдіретін «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесін өткізуді қамтамасыз ету мақсатында өрттен қорғау жүйесінің жай-күйін бақылаудың жаңа аспаптық әдістері әзірленіп, бақылау органдарының практикасына енгізілетін болады.

1.2. Құқық бұзушылықтарға қарсы күреске және олардың профилактикасына халықты, азаматтық қоғам институттарын тарту нысандарын дамыту

Құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күреске қоғамды, әлеуметтік институттарды тарту нысандарын дамыту азаматтардың, қоғамдық ұйым өкілдерінің құқық қорғау органдары қызметін жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады. Анықтау мен жолын кесуге азаматтар мен олардың бірлестіктерінің қатысуы ықпал ететін құқық бұзушылықтар саны 2016 жылы – 8%-ға, 2020 жылы 10%-ға артатын болады.

Құқық қорғау органдарының азаматтармен, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар профилактикасы жөніндегі қоғамдық құралымдармен өзара іс-қимылын жетілдіру – адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастық нысандарын дамыту шеңберінде, соның ішінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша жүзеге асырылатын болады. Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құралымдарда тұрған азаматтардың үлесі  2016 жылы -  7%-ға, 2020 жылы 16%-ға артады.

Жұртшылықты құқық қорғау органдарының қызметі туралы, олар көрсететін қызметтер, оны көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы ведомстволық интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдары мен тағы басқаларында ақпарат орналастыру арқылы мақсатты әрі жүйелі құлақтандыру қамтамасыз етілетін болады.

Белсенді азаматтық ұстанымы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығы, соның ішінде бірлескен әлеуметтік жобалар жолымен ынтымақтастығы үшін азаматтарды марапаттаудың тетіктері жетілдіріледі.

Осы мақсатта қоғамдық ұйымдарды, мемлекеттік органдарды тарта отырып, ұйымдастырушылық, құқықтық, мәдени, әлеуметтік, педагогикалық, спорттық іс-шаралар кешені қабылданатын болады.

1.3. Азаматтардың құқықтық мәдениетін және құқықтық санасын қалыптастыру

Мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, халықтың қалың жігінің құқықтық ақпаратқа еркін және тегін қолжетімділігін қамтамасыз етудің жаңа нысандары мен әдістері дамытылатын болады.

Заңнамаға халық мүддесін тікелей қозғайтын жоспарланған өзгерістер мен толықтырулар туралы, БАҚ-ты қоса алғанда, кең ауқымды түсіндіру жұмыстары қамтамасыз етіледі.

Құқық бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту орталығының деректер базасын «Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі» базасымен интеграциялау, сондай-ақ сот шешімін және өзге де шешімдерді орындамаған адамдарға мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулер ұсынуына шектеу енгізу мәселелері қаралатын болады.

Құқық қорғау органдарының профилактикалық жұмыстары азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға бағытталады.

Қылмыстан келген зиянды өтеудің кепілі ретінде, меншікке қарсы жасалған қылмыстан өз мүліктерін ерікті сақтандыруға азаматтарды ынталандыру тетіктері дами бастайды.

Құқық қорғау органы қызметінің маңызды бағыты сыбайлас жемқорлыққа төзбеу бойынша азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру болады.

Халықты мектепке дейінгі білім беруден бастап құқықтық тәрбиелеудің тиімділігі – білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларына құқықтық тәрбиелеу мен оқыту бойынша пәндер мен сабақтар енгізу жолымен қамтамасыз етіледі.

Оқушыларды құқықтық тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының үлес салмағы 2016 жылы – 80%-ды, 2020 жылы 100%-ды құрайды.

Кәмелетке толмағандар арасында мәдени-имандылыққа тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған іс-шаралар жүйесі одан әрі дами түседі.

Барлық білім беру мекемелерінде мектеп оқушылары мен  оқытушыларға арналған өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық іс-шаралар енгізілетін болады.

1.4. Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету

Сот актілерін және өзге актілерді мәжбүрлеп орындатудың тиімді жүйесін қалыптастыру жолдарының бірі атқарушылық іс жүргізу органдарында атқарушылық құжаттарды мәжбүрлі түрде орындатуға сот орындаушысына көмек көрсететін мамандандырылған бөлімше құру болады.

Атқарушылық іс жүргізу органдарында күшпен ықпал ететін мамандандырылған бөлімше  құру борышкерлер тарапынан талаптарға кедергі жасау және ден қоймау тәуекелін едәуір төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл сот актілерінің орындалуына жағымды әсер етеді.

Бұдан басқа, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау кезінде атқарушылық іс жүргізу органдарына сот актілерін орындау тәртібін бұзуға және сот шешімдерін орындамауға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді тергеу бойынша өкілеттіктер беруді көздейді.

Осыған байланысты, келесі қадам Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің құқық қорғау функцияларын жүзеге асыратын жекелеген қызметкерлеріне құқық қорғау органының қызметкері мәртебесін беру болып табылады. Бұл сонымен қатар белгілеріне «адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерін сақтау және қорғау» жатқызылған құқық қорғау қызметі туралы қолданыстағы заңнама критерийлеріне жауап береді.

Ұсынылып отырған шараларды қабылдау атқарушылық іс жүргізу органдарына Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында қойған міндеттерінің бірін орындауға, сот актілерін орындауға байланысты ахуалды түбегейлі өзгертуге, соның ішінде сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін жауапкершілікті күшейту, жосықсыз борышкерлерге қатысты шектеу шараларын одан әрі қолдану жолымен өзгертуге мүмкіндік береді.

Аяқталған атқарушылық іс жүргізудің жалпы санында толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі 2016 жылы – 83%-ға дейін, 2020 жылы 85%-ға дейін артады, жиынтық түрінде 2016 жылы – 15%-ға дейін, 2020 жылы 25%-ға дейін артады.

Орындау мерзімдері бұзылған атқарушылық іс жүргізулердің үлес салмағы 2016 жылы – 20%-ға, 2020 жылы 30%-ға  азаяды.

Бірқатар атқарушылық құжаттарды  орындау жөніндегі өкілеттіктерді  жекеше сот орындаушылардың айрықша құзыретіне  кезең-кезеңмен беру қойылған мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін болады. Бұл ретте  мемлекеттік сот орындаушыларының мемлекет қатысатын, сондай-ақ мемлекет үшін өзге де мәні бар мәселелердегі құжаттарды орындаудағы өкілеттіктері сақталатын болады.

Атқарушылық құжаттарды орындауды жүзеге асыратын жекеше сот орындаушылары институтын дамыту олардың қызметін әкімшілендіру қажеттігін білдіреді.

2. Құқық қорғау органдары қызметі мен сот-сараптама қызметінің жұмысын жетілдіру

2.1. Құқық қорғау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру

Құқық қорғау жүйесін толыққанды жаңғырту үшін құқық қорғау органдарының жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру тәртібі модификацияланады, оның құқықтық негіздері, соның ішінде құқық қорғау қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жолымен жетілдірілетін болады.

Құқық қорғау органы қызметінің нақты міндеттерді орындауға арналған бағыттарын оңтайландыру үшін нақты құқық қорғау органына, оның құрылымдық бөлімшелеріне тән емес функциялардың қосарлануын олардың қызметін талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар қабылдау арқылы болдырмау жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

Жол және әкімшілік полициясы қызметтерін біріктіру қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтарға ықпал етудің ұтқырлығы мен жеделдігін қамтамасыз етеді.

Өзін тән емес функциялардан арылту мақсатында бас бостандығынан айыруға сотталған және тергеу-қамаудағы адамдарға медициналық қызмет көрсетуді, сондай-ақ  қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ІІМ-нен Денсаулық сақтау министрлігіне беру мәселесі пысықталатын болады.

Шекара маңындағы кеден бекеттерінің  лауазымды адамдарына анықтаушы  өкілеттіктері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесін беру мәселесі пысықталады.

Мемлекеттік органдардың қызметі құқыққа қарсы әрекет салдарына ден қоюдан бірінші кезектегі міндеттер қатарына профилактикалық қызметті шығара отырып, олардың алдын алуға және жолын кесуге қайта бағдарланатын болады. Аталған міндеттерге қол жеткізу құқық бұзушылық профилактикасы саласында жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметі мен өзара іс-қимылын үйлестіру есебінен жүзеге асырылатын болады.

Қоғамдық ұйымдарды сотталғандардың әлеуметтік проблемаларын шешуге, соның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейін еңбекке және тұрмыстық орналастыруға тарту қылмыстың қайталану деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік береді.

Бұл ретте сотталғандардың еңбегін пайдаланушы қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік кәсіпорындары үшін мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын пысықтау қажеттілігі туындайды.

Ішкі істер органдары жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің  кадрлық  әлеуетін нығайту, қаржы полициясы органдарында жалған ақша жасауға байланысты қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуде зерттеулер  жүргізу жөніндегі уәкілетті орган құру арқылы сотқа дейінгі іс жүргізуде арнайы танымдар институты жетілдірілетін болады.

Мемлекеттік-жекеше әріптестік институты дамитын болады, ол жаңа түзеу мекемелерінің құрылысын жүргізуге және сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

Ювеналды әділет жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ер балаларға және қыз балаларға арналған ерекше режимі бар республикалық арнайы білім беру ұйымын, өмір сүруі мен тәрбие жағдайы бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде (тергеу кезеңінде) одан әрі тұруы мүмкін болмаған жағдайда қылмыс жасағаны үшін айыпталған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемелер құру мәселелері пысықталатын болады.

Қалалық және ірі ауылдық мектептерде полицияның «мектеп» инспекторлары қызметі одан әрі дамитын болады.

Есірткіге тәуелді адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін кеңейту  мәселелері пысықталады.

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жетілдіру, оларға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін дамыту, экономиканың ашықтығына ықпал ететін ақша қаражатының қолма-қол емес айналымын енгізу мәселелерін пысықтау, электрондық мемлекеттік сатып алуды дамыту, жалған кәсіпкерлік, жалған ақша жасау фактілерін анықтау мен жолын кесу қамтамасыз етілетін болады.

Азаматтарға қылмыстық әрекеттермен келтірілген зиянды, соның ішінде арнаулы Қылмыстан зардап шеккендерді қолдау қорын құру және қылмыстық қол сұғушылықтардан сақтандыру жүйесін дамыту жолымен,  өтеу тетігі қылмыс нәтижесінде жәбірленушілердің құқықтарын қалпына келтірудің жаңа жолдарының бірі болады. Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігі кепілдерін құру құқық қорғау органдарының тиісті қызметінің кадр әлеуетін нығайту жолымен іске асырылады.

Киберқылмысқа қарсы күрес бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету – ішкі істер органдарындағы арнаулы бөлімшелердің кадр әлеуетін нығайту мен оларды озық техникалық құралдармен жарақтандыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Кеден одағы елдерінің экономикалық кеңістігінде дамудың келесі қадамы өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік техникалық реттеудің бірыңғай халықаралық талаптарына сәйкес келетін 28 ұлттық стандартты әзірлеу болып табылады.

2.2. Жаңа технологиялардың қолжетімділігі және құқық қорғау органдарының инфрақұрылымын дамыту

Қазіргі заманғы инновациялық әдістерді енгізуді ескере отырып, құқық қорғау органдарының қолданыстағы ақпараттық-талдамалық жүйелерін одан әрі жетілдіру, соның ішінде қазіргі заманғы болмыс талаптарына жауап беретін жаңа деректер базалары бар ақпараттық жүйелер құру құқық қорғау жүйесіндегі маңызды аспект болып табылады.

Осы мақсатта Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасында мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдардың, мекемелердің мәліметтер базасынан ақпарат жинақталған бағдарламалық өнім жасалып, құқық қорғау органдарына оған енуге қолжетімділік берілетін болады. Бұл ақпараттық-талдау жүйесін пайдалана отырып тергеу нәтижелілігін 2016 жылы 15 %-ға,  2020 жылы 30%-ға арттыруды қамтамасыз етеді.

Құқық қорғау органдарының деректерін өңдеу орталығы құрылады, ведомстволық деректерді жіберу желісі мен телефониясы, интеграцияланған деректер банкі мен ІІМ-нің Ахуалдық орталығы жаңғыртылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (соның ішінде көші-қон полициясы үшін), еліміздің шағын қалалары мен облыс орталықтарының жедел басқару орталығы дамитын болады. Бұл ретте жедел-қызметтік қызметіндегі ақпарат массивтерін пайдаланатын қызметкерлердің үлесі
2016 жылы – 50%-ды, 2020 жылы 90%-ды құрайды, ал құқық қорғау органдарын ақпараттық-коммуникациялық жарақтандыру деңгейі 2020 жылы 75%-ды құрайды.

Құқық қорғау қызметі мен көші-қон саясаты саласындағы шетелдік және халықаралық ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимыл одан әрі дами бастайды.

ҚР ЭСЖКА-ның ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесін жаңғырту    шеңберінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ертерек анықтап, жолын кесуге бағытталған талдау жүйесі одан әрі дамытылатын болады.

Жалған кәсіпорындар мен қылмыстың осы түріне қатысы бар адамдарды қылмыстық есепке алу бойынша деректер базасы құрылатын болады және ол Әділет және Қаржы министрліктерінің жүйелерімен интеграциялануы қамтамасыз етілетін болады.

Қоғамдық қауіпсіздікті, полиция учаскелік инспекторларының жұмысын тиісінше қамтамасыз ету мақсатында учаскелік тірек пунктері үшін үй-жайлар салу және сатып алу, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі пысықталатын болады.

ЭКСПО-2017-ні өткізу шеңберінде Астана қаласының әуежайында желілік полиция бөлімінің әкімшілік ғимараты құрылысын салу мәселесі өзекті болып отыр.

Шекаралас аудандарда және кеден аумағының ішінде көліктік-логистикалық орталықтарды дамыту кеден қызметінің дамуына, оның ашықтығы мен жеделдігі рәсімдерін қамтамасыз етуге  ықпал ететін болады.

Экономикалық дамуға және Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға ықпал ететін, тұрақты, тиімді жұмыс істейтін кеден жүйесін қалыптастыру кедендік тазарту уақытын, шекарадан өту уақытын қысқартуды, электрондық декларациялауды енгізуді, кеден қызметі туралы жұртшылықты ақпараттандыруды және т.б. қамтамасыз ететін болады.

2.3. Кадр саясатын және ведомстволық білім беруді жаңғырту

Қазіргі заманғы құқық қорғау жүйесін дамыту талаптарына жауап беретін қызметкердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жүйесін іске асыру кәсіби ортаны нығайтуға мүмкіндік береді және қызметкердің жүктемесін объективті айқындауды қамтамасыз етеді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тәрбиелік және құқықтық жұмысты арттыру олардың жалпы құқықтық мәдениетін, моральдық-имандылық сапасы мен кәсіби деңгейін дамытуға бағытталатын болады. Жауынгерлік және қызметтік даярлық жөніндегі оқу-әдістемелік орталықтарын жаңғырту қызмет бейіні бойынша қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырады.

Қызметкерлердің қызметін бағалауға қойылатын жаңа талаптар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы элементтер кешенін енгізу қолданыстағы Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексіне өзгерістер енгізу жолымен іске асырылатын болады.

Кадр әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып, соның ішінде қызметкерлердің санатын айқындау үшін аттестатаудан өткізудің бірыңғай стандарттары нормативті түрде айқындалады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін санаттаудың негізгі элементтері мыналар болады: басқарушылық сапа мен ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, белгілі бір қызмет (қызмет желісі) саласы бойынша жұмысқа икемділігі, ғылыми-педагогикалық қызметке бейімділігі.

Қызметке кандидаттар резерві туралы ақпаратты, қызметкерді даярлау, ауыстыру және босату, жаза қолдану, ынталандыру  туралы мәліметті, жас мамандар туралы деректерді қамтитын орталық деректер базасын құру кадр процестерін басқарудың жаңа ғылыми тәсілдері мен инновациялық технологиялары негізінде құқық қорғау органдарының кадр бөлімшелерін жаңғыртуды қамтамасыз етеді, кадрлардың тұрақтамауына әсер ететін факторларды жоюға мүмкіндік береді, кадрларға қажеттіліктерді жоспарлауды және олардың сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Басшылық құрамға қажеттілікті есепке алуға, қылмыстылықтың жай-күйін талдауға, құқық қорғау органдарының қызметін болжамдауға, өңірлер бойынша құқық бұзушылықтардың санын ескере отырып, штатты ұтымды қайта бөлуге (ротациялауға) негізделген, жұмыста жоғары көрсеткіштегі жетістіктерімен және тиімділігімен сипатталатын қызметкерлерді жоғарылатуға бағдарланған кадрларды жоспарлаудың  инновациялық жүйесі енгізілетін болады. «Бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші» жүйесі енгізілетін болады.

Бұл ретте, басшы кадрлармен және орынға ұсыну резервімен жұмыс істеу жүйесінде: басқарушы буын кадрларын ауыстыру және орналастыру жоспарларын іске асыруда жүйелілік пен сабақтастық; құқық қорғау органдары басшыларының номенклатурасына кіретін басшылар лауазымы тізбесін қайта қарау; билік органдарымен келісім бойынша барлық деңгейдегі басшылар резервін оны келешегі бар қызметкерлермен ұдайы толықтыра отырып жаңарту; басшылық құрам лауазымдарын тиісті даярлықтан өткен адамдармен ғана ауыстыру; жекелеген өңірде қылмыстық жағдай қиындаған жағдайда немесе нақты бөлімшелерді жедел нығайту үшін пайдаланатын кадр резервін қалыптастыру қамтамасыз етілетін болады.

Қызметкердің біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылдамау басшының қызметтік міндеттемелерді бұзуы ретінде қаралатын болады.

Тестілеу мен тексерудің қазіргі заманғы әдістерін енгізуді қоса алғанда, оның ішінде жанасымды және жанасымсыз психодиагностикалық кешендер мен полиграфиялық құрылғыларды қолдана отырып, құқық қорғау органына қызметке кандидаттарды іріктеу және кадрларды аттестаттау критерийлері айқындалатын болады. Тестілеу нәтижелерін қызметкердің қызметтегі тәртібімен салыстыру практикасы енгізіледі.

Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру сапасын арттырудың тиімді тетігін құру, жұмыс күнінің 8 сағаттық режимін қамтамасыз ету, жұмыстың үстеме сағаттарын міндетті түрде есепке алу және ол үшін ақшалай өтемақы төлеу бөлігінде, еңбек заңнамасын бұлжытпай сақтау арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Қызметкерлердің қызмет өткеру жағдайына қанағаттануы, ұжымдағы және басшылықпен өзара қатынасы деңгейін айқындау – қызметкерлерге жыл сайын сауалнама жүргізуге негізделетін болады.

Тәжірибе алмасу, мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік және шетелдердің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды кеңейту шеңберінде ынтымақтастықты дамыту мен нығайту арқылы іске асырылатын болады.

Кадр процестерін басқару жүйесінде қызмет көрсететін учаскедегі халықтың тығыздығы, қызметтің ерекшеліктері мен көлемі, жұмыс шарттары, құрылатын инфрақұрылым ескеріле отырып, құқық қорғау органдарының ұйымдастырушылық-штат құрылымы мен қызметкерлері санының нормативі жетілдірілетін болады. Ол үшін құқық қорғау органдары қызметтері мен бөлімшелерінің 1 штат бірлігіне арналған жүктеменің ғылыми-негізделген нормативі әзірленетін болады, құқық қорғау органдарында ұйымдастырушылық-штат жұмысын регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық құжаттар қайта пысықталады, құқық қорғау органдары қызметкерлерін одан әрі кезең-кезеңімен қайта аттестаттау мәселелері пысықталады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін регламенттейтін құқықтық базаны жетілдіру құқық қорғау жүйесінде әрбір қызметкердің жоғары ақылы және беделді жұмысты сақтап қалудың, сондай-ақ қызметін өткеру уақытында және оны аяқтаған соң әлеуметтік жеңілдіктердің лайықты қоржынын алудың кепілі ретінде қызметтік міндеттерін адал орындауға жоғары жеке қызығушылығын қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ведомстволық білім беруді жаңғырту және құқық қорғау қызметін ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру білім беру жүйесінің, ғылыми-зерттеу институттар қызметінің сапасын жетілдіруді, халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту мен нығайтуды білдіреді.

Ведомстволық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының қосарлануын болдырмау, оқу орындарын нақты айқындалған мамандандықтар бойынша даярлауға қайта бейіндеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Бас прокуратура жанында  жоғары оқу орнын қалыптастыру мәселесін пысықтау шеңберінде ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді жүргізуге бағытталған  (оның ішінде білім беру саласымен  өзара тікелей байланыста) шаралар кешенін пысықтау арқылы құқық қорғау органдарының қызметін ғылыми қамтамасыз ету мен жетілдіру іске асырылатын болады.

 Басшы кадрларын даярлаудың жаңа білім беру саясаты қалыптастырылатын, тар бейіндегі жоғары білікті мамандарды даярлау қамтамасыз етілетін, құқық қорғау органдарының ғылыми-инновациялық кешені қалыптастырылатын, құқық қорғау органының қазіргі бар ғылыми әлеуеті нығайтылатын болады.

Халықаралық стандарттарға жауап беретін ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың, біліктілігін арттырудың ведомстволық жүйесі елеулі түрде дамитын болады.

Сонымен қатар шетелдік білім беру және ғылыми мекемелерімен халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың құқықтық тетігі тұжырымдалатын болады.

Қазіргі заманғы зертханалық базаны пайдалана отырып, зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу ғылыми қызметті мақсатты қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

Ведомстволық ғылыми практиканың қажеттілігіне, ғылыми зерттеулер нәтижелерін норма түзушілікке, практикалық қызмет пен оқу процесіне енгізуге бағытталатын болады.

2.4. Құқық қорғау жүйесін сот-сараптамалық қамтамасыз етуді жаңғырту

Қазіргі заманғы қылмыс әрекетінің ғылыми-техникалық жоғары деңгейі мен оның ұйымшылдығы құқық қорғау органдары мен соттар қызметін қамтамасыз етуде сот сараптамасының рөлі мен маңызын объективті түрде арттырады.

Сараптама функцияларын бір мемлекеттік органда орталықтандыру құқық қорғау жүйесі жұмысының тиімділігін түбегейлі арттырады, сот-сараптама қызметінің ішкі қарама-қайшылықтарын болдырмайды.

Сот-сараптама органдарын ұйымдастыруды жетілдіруге сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу функцияларын ДСМ-нен Әділет министрлігіне беру арқылы қол жеткізуге болады.

Сот өндірісінде іс жүргізушілік дәлелдеменің ғылыми-техникалық деңгейін арттыру сот сараптамаларының жаңа түрлерін игеру мен енгізудің үздіксіздігін және оларды өткізу әдістемесін әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Сот-сараптама саласының кадрлық әлеуетін нығайту құқық қорғау органдары мен соттардың ғылыми-негізделген дәлелдемелік базаға қажеттілігін қамтамасыз етеді, тергеудің, істерді сотта қараудың сапасы мен жеделдігін көтеруге, іс-жүргізушілік дәлелдеменің ғылыми-әдістемелік деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

ССО және СМО базасында сараптама кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі орталықтар құру сарапшылардың кәсіби даярлықтарын күшейту мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сот-сараптама қызметін дамытудың жаңа тәсілдері айқындалатын, жүргізілетін сот сараптамаларының (лингвистикалық, дінтанушылық, генді-түрлендірілген нысандар; ақпараттық технологиялар саласындағы техногендік апаттар және т.б.) түрлері кеңейтілетін, әдіснамалық база жетілдірілетін, сараптама сапасы, соның ішінде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы артатын болады.

Сот-сараптама зерттеулерінің жаңа әдістері (сыбайлас жемқорлық, лаңкестік, діни экстремизм, киберқылмыс, әуе, теміржол және басқа да көліктердегі апат, жеке тұлғаны геномдық сәйкестендіру және т.б.) әзірленеді және енгізіледі.

Сараптаманың жаңа түрлерін енгізу үшін Әділет министрлігінің ССО зертханалық жабдықпен, аспаптармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен әрі инновациялық сот-сараптама технологияларымен жарақтандырылатын болады.

Республиканың шалғайдағы аудандары мен елді мекендерінде Әділет министрлігінің ССО жүргізетін сараптамалық зерттеулердің неғұрлым  талап етілетін түрлері бойынша сараптама өндірісі ұйымдастырылатын болады.

Сот-сараптама тәжірибесінде баламалы және бәсекелі орта құру мақсатында жекеше сот сарапшылары институты одан әрі дамитын болады. Елдің сот-сараптама органдарымен қамтылмаған 75 ауданы мен елді-мекенінде жекеше сот сарапшылары қызметі енгізіледі.

Әділет министрлігінің ССО зертханаларын халықаралық аккредиттеу үшін «ISO/IEC 17025 сапа менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.

Сот сарапшыларының әлеуметтік қорғалушылығын арттыру үшін тиісті нормативтік-құқықтық актілердің жобалары, заңнамаға ұсыныстар дайындалады.

VI. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Қазіргі заманғы жағдайларда заңнамалық және ұйымдастырушылық- практикалық шаралар кешенін қабылдау құқық қорғау органдары жүйесін жетілдіру, жеке басты, қоғам мен мемлекетті қорғаудың құқықтық тетіктерін жаңарту, құқық қорғау жүйесіне халықтың сенімі деңгейін арттыру үшін ұзақ мерзімді негіз болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

бірінші кезең – 2014-2016 жылдары

екінші кезең – 2017-2020 жылдар

Осы Бағдарлама шеңберінде барлық мақсатты индикаторлардың мәні көрсетілген екі кезең бойынша белгіленген.

Кезеңдердің әрқайсысында жылдар бойынша Бағдарламаны іске асыру барысын сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту және құқық қорғау жүйесін жаңғыртуға бағдарламалық іс-шаралардың әсері жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде (2014 - 2016 жылдары):

құқық қорғау жүйесін жаңғырту мақсатында заңнамалық және заңға тәуелді деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерді оларға тиісті өзгерістер енгізу қажеттігі тұрғысынан қайта қарау;

халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы құқық қорғау органдарына халықтың сенімі деңгейін бағалау;

құқықтық тәрбиелеу жөніндегі жүйесін жетілдіру жолымен халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеру;

Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінде сот приставтарының бөлімшелерін құру және осы Комитеттің құқық қорғау функцияларын жүргізетін жекелеген қызметкерлеріне құқық қорғау органының қызметкері мәртебесін беру  туралы мәселені пысықтау;

кадр саясатын және ведомстволық білім беру жүйесін қайта қарау;

құқық қорғау органдарының қызметін оңтайландыру;

қазіргі заманғы қойылатын талаптарға сәйкес құқық қорғау органдарының жаңа ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құру және қолданыстағыларын дамыту жоспарланып отыр.

Екінші кезеңде бірінші кезеңдегі ұзақ мерзімді іс-шараларды іске асыру жалғастырылатын болады, сондай-ақ алдыңғы кезеңде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған шараларды іске асыру көзделген.

Бұдан басқа, екінші кезеңде құқық қорғау органдарын жетілдіруге, құқық қорғау органдарының деректерін өңдеу орталықтарын құруға, мемлекеттік жекеше серіктестік бойынша түзеу мекемелерінің құрылысын салуға, сот-сараптама қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді пысықтау болжанады.

Екінші кезеңнің аяқталуы бойынша Бағдарлама мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін тиімді қорғауға елдің құқық қорғау жүйесін жаңарту арқылы қол жеткізілетін болады.

VII. Қажетті ресурстар

Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік бюджеттен Бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын жалпы шығын 34 162,5 млн. теңгені құрайды.

2014-2020 жылдарға арналған қаржы қаражатының көлемі жоспарланатын кезеңге тиісті бюджет жобасын қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

____________________________

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.