Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 «Қазақстан Республикасының  құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы                    31 желтоқсандағы № 720 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
  2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):

1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С.Ахметов