You are here

Құқық қорғау органдары арасындағы республикалық байқауы жайлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Рухани жаңғыру – патриотизм  негізі» атты құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелерінің ведомствоаралық республикалық байқауы биыл үшінші рет өткізілгелі отыр.

2014 жылдан бастау алған бұл шара  әр жыл сайын өткізілуде.

Негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен  патриоттық рухты күшейтуге қадам жасау.  осы бастама аясында құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелердің қызметкерлерінің  бір ортада басын қосып, ел мүддесі жолында аянбай қызмет атқаруына, бойларындағы бар қабілет пен қазақ тарихы мен рухани мұрасын тануға жағдай туғызу.

Байқауды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдастырып келеді.

Байқауға 6 мекеме қатысады. Олар:

1.Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі;

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;

4.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;

5.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

6.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

Аталмыш шара а.ж. 24-қарашасында сағат 17.00-де Астана қаласындағы «Қазақстан» концерт залында өткізіледі.

 

ТіркемеКөлем
PDF icon Байқау ережесі87.48 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.