You are here

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура Сіздің білім туралы заңнаманың жекелеген нормаларын түсіндіру туралы өтінішіңізді қарады.

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабы прокурорға заң мазмұнын түсіндіру құқығын береді.

Алайда, мұндай түсінік жеке не заңды тұлғалардың заңдарды бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi заңдардың не азаматтың немесе шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн деп санауға жеткiлiктi негiздер болған кезде ғана беріледі (Заңның 26-бабының 1-тармағы).

Іс жүзінде бұл норма жүзеге асыруға болжанған іс-қимылдарды прокуратура органдарымен алдын ала келісу үшін негіздеме ретінде көбінесе дұрыс түсінілмей келеді.

Әсіресе бұл тәсіл қандай да бір іс-қимылдардың заңдылығына қатысты болашақта туындауы мүмкін наразылықтардан өзін осындай әдіспен қорғауға тырысатын жекелеген мемлекеттік органдарға тән.

Бұл ретте, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті функциялар сол мемлекеттік органдардың заң қызметтеріне жүктеледі.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру заң қызметтерінің негізгі міндеттері ретінде тікелей қарастырылған (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереженің 3-тармағы).

Оларға сондай-ақ мемлекеттiк органдардың қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жүктелген.

Дегенмен, іс жүзінде прокуратура органдары мүмкіндік болған жағдайда құқық қолдану қызметі барысында туындаған қандай да бір мәселе бойынша өзінің заңдық пікірі туралы сұрау салған мемлекеттік органдарға хабарлайды.

Алайда мұндай көмек көрсету прокуратура органдарының міндеті болып табылмайды және ол заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілердің Республика аумағында дәл және біркелкі қолданылуына ортақ жауапкершілікті түсінгендіктен көрсетіледі.

Осы көзқарас тұрғысынан заң нормаларын түсіндіруді әдеттегі хат алмасу ретінде қолдануға тырысып, прокуратура органдарын түрлі сот істерін талқылауға және ведомствоаралық дауларға араластыру не прокурорларға өздерінің заң қызметтерінің жұмысын арту сияқты ара-тұра байқалатын әрекеттер ерекше алаңдаушылық тудыруда.

Осыған байланысты, егер де мемлекеттік органдардан келетін заң мазмұнын түсіндіру туралы өтініштерде:

- көтерілген мәселелердің қоғамдық маңыздылығы айқын көрсетілмесе және оларды шешу қажеттігі ведомстволық не шектелген адамдар тобына қатысты болса;

- мемлекеттік органның не одан жоғары тұрған тиісті органның (мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты), ең алдымен – оның заң қызметтерінің өз күшімен мәселені жеткіліксіз қарау белгілері болса;

- өтініш берген субъект мәселеге қатысты құқық қолдану жағдайының нақты жайттарын жасырып қалуын болжауға негіздер болса, Бас прокуратура оларды мәні бойынша қарамау құқығын қалдырады. 

 

Департамент бастығы
Қ. Сейдгапбаров

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.