Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Дулатов көшесі, 208-31
Семей қаласы, ШҚО, 070004

Сіздің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының ұйғарымымен келіспей оған қадағалау тәртібінде наразылық енгізуді сұраған өтінішіңіз қаралды.

Анықталғаны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының 2009 жылғ,ы 11 ақпандағы қаулысымен Сіздің әкеңіз С.Дүйсембектің «Ақтоғай» ШҚ-ғы, «Борсықбай» ШҚ-ы, «Кеңгірбай би» ауылдық округінің әкімшілігі, Абай аудандық жер қатынастар бөлімімен арадағы азаматтық-құқықтық дау бойынша қойылған талабы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Жоғарғы Соттың 2011 жылғы 2 маусымдағы ұйғарымымен С. Дүйсембектің қабылданған сот қаулысын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды сұраған өтініші АІЖК-нің 406-бабында көзделген мерзімнің өтіп кетуіне байланысты қараусыз кейін қайтарылған.

АІЖК-нің 384-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес жоғары сатыдағы сот алқасының қаулысына наразылық келтіруге процессуалдық мүмкіндік жоқтығын хабарлаймын.

Тіркеме ______ парақта.

Сотқа қатысушылардың
өтініштері мен прокурорлардың
ұсыныстарын қарау бөлімінің бастығы
М. Әбішев

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.