Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы)

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Кедендік бақылау комитеті

Облыстардың және
оларға теңестірілген прокурорларға

НҰСҚАУ
ҚР ҚІЖК 62-бабы 5-бөлігі тәртібімен

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес анықтау органының және анықтаушының прокурор шешімдері мен нұсқауларына шағым беру құқығы жоқ.

Тергеушi ҚІЖК 64-бабына сәйкес тергеудегi iс бойынша прокурордың тек нұсқауымен келiспеген жағдайда ғана жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

Алайда, соңғы жылдары тергеушілердің ҚР ҚІЖК-нің 64 және 108-баптарына сүйене отырып, жоғары тұрған прокурорға прокурордың нұсқауларына емес, шешімдеріне шағымдануы сияқты заңсыз тәжірбиесі қалыптасқан.

ҚР ҚІЖК 103-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, процеске қатысушылар егер жүргiзiлген iс жүргiзу әрекетi өздерiнiң мүдделерiне қатысты болса, прокурордың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне шағымдануы мүмкiн. Осылайша аталған бапта мына процеске қатысушылар туралы айтылған: күдікті,  айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер және азаматтық жауапкер, олардың заңды өкілдері, азаматтар мен ұйымдар. 

Сонымен қатар, егер қылмыстық қудалау органының басшысы прокурор қабылдаған шешімді заңсыз деп санаса, ол өзінің жоғары тұрған басшысы арқылы жоғары тұрған прокурорға қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру туралы өтінішпен іс жүргізу тәртібімен емес, жалпы қалыптасқан тәртіппен жүгінуіне болады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, ҚР ҚІЖК 62-бабы 5-бөлігін басшылыққа ала отырып;

ТАЛАП ЕТЕМІН:

1. Тергеушілер мен анықтаушылардың ҚР ҚІЖК 108-бабы тәртібімен прокурордың шешімдеріне заңсыз шағым беру тәжірибесін тоқтатуды.

2. Қылмыстық қудалау органының басшысы (оның орынбасары) прокурор шешімімен келіспеген жағдайда, ол нақты және негізделген уәждерді келтіре отырып, жоғары тұрған прокурорға (оның орынбасарына) қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру туралы өтінішпен жалпы қалыптасқан тәртіппен жүгінуді.

3. Осы нұсқаудың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Н.М. Исаевқа жүктеуді.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.