You are here

Қылмыстық-процестік кодекстің 105-бабы тәртібінде шағымдарды қарау бойынша нұсқау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокурорлары мен
оларға теңестірілгендерге

Мемлекеттік органдарға
(тізім бойынша)

Қылмыстық-процестік кодекстің
105-бабы тәртібінде шағымдарды
қарау бойынша

Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды уақытылы қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК) 105-бабына сәйкес шағымдарды қарау бойынша біркелкі практика жасап шығару мақсатында, прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының аталған санаттағы шағымдарды көп буынды түрде шешуін қысқарту және аталған норма тәртібінде қарауға жатпайтын, шағым берілетін шешімдердің нақты тізімін айқындау талап етіледі.     

Сонымен қатар, ҚПК 100-бабының 1-бөлігіне сәйкес, анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың әрекеттеріне шағым беру құқығына қылмыстық процеске қатысушылар, сондай-ақ жүргізілетін процестік әрекеттер мүдделерін қозғайтын жеке және заңды тұлғалар ие екендігін ескеру қажет.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік заңнамасы ережелерінің біркелкі қолданылуын, қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, ҚПК 58-бабының 6-бөлігін және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабын басшылыққа ала отырып, -

МІНДЕТТЕЙМІН:

1. Облыс, қалалар мен аудандар прокурорларына және оларға теңестірілгендерге:

1) ҚПК 105-бабы тәртібінде, сотқа дейінгі өндіріс барысында қылмыстық іс бойынша түскен ұстап алу, тiнту, алу, мүлікке тыйым салу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау кезiнде заңды бұзу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғалардың, прокурордың, әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне берілген шағымдарды қарауды;

2) қылмыстық істі қозғаудан бас тарту, қылмыстық істі тоқтата тұру (ҚПК 1997 жылғы редакциясы), тоқтату туралы шешімдермен келіспеу туралы шағымдарды, сондай-ақ осы Нұсқаудың 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысына түспейтін өзге де шағымдарды ҚР Бас Прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген ҚР прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес қарауды;

3) қылмыстық қудалау органдарынан қылмыстық істің тек қана шағым жасалатын әрекетке (әрекетсіздікке), шешімге қатысы бар құжаттар мен материалдар сұратуды;

4) қылмыстық қудалау органдарының ҚПК 106-бабы тәртібінде қылмыстық процеске қатысушыларды олардың шешімдерге тікелей сотта шағым жасау құқықтары туралы міндетті хабардар ету туралы талаптарды сақтауын қамтамасыз етуді;

5) шағым қанағаттандырылған кезде кідіріссіз арызданушының бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге, оның заңды мүдделерін қамтамасыз етуге жан-жақты шаралар қабылдауды;

6) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – СДТБТ) жүргізу қағидаларына сәйкес үлгі бойынша ресімделген азаптау, күш қолдану, қоқан-лоқы көрсету туралы шағымдарды дереу СДТБТ-де тіркеуді.

2. Прокурорлар мен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) және шешімдеріне шағым жасаумен байланысты (ҚПК 105-бабы) түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын шешу кезінде прокуратура органдарындағы көп буынды рәсімді қысқарту мақсатында, қаулылар мынадай тәртіпте шығарылады немесе бекітіледі:

1) аудандық, қалалық прокуратураларда тек қана қала, аудан прокурорының қолы қойылып;

2) облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларда облыс прокурорының қолы қойылып;

3) Бас прокуратурада Бас Прокурор мен оның орынбасарының қолы қойылып.

3. Барлық деңгейдегі қылмыстық қудалау органдарының басшыларына:

1) Қылмыстық процеске қатысушыларға оларға ҚПК талаптарына сәйкес жіберілетін және берілетін жазбаша хабарламаларда, қаулылар мен хаттамаларда ҚПК 106-бабы тәртібінде тікелей сотқа қабылданған процестік шешімдерге шағым жасау құқықтары туралы түсіндіруді қамтамасыз етуді;

Осы талапты орындамау кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне әкеп соғатын қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын өрескел бұзушылық болып саналсын;

2) прокурорға оның сауалы бойынша ҚПК 105-бабы тәртібінде шағым жасалған қылмыстық істердің (материалдардың) дереу, бірақ 24 сағаттан кешіктірмей берілуін қамтамасыз етуді;

3) жоғары тұрған органға (орталық және облыстық аппараттар) төмен тұрған органның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) және шешімдеріне шағымдар түскен кезде бұндай шағымдарды кідірмей тергеп-тексеру орны бойынша қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық прокурорға жіберуді.

4. Барлық деңгейдегі қылмыстық қудалау органдарының басшыларына, облыс прокурорларына, қалалардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілгендерге ҚПК 105-бабы тәртібінде шағымдардың жобаланған үлгісінің (қосымшаға сәйкес) қылмыстық қудалау және прокуратура органдарының әкімшілік ғимараттарындағы көзге түсетін жерлерде (ақпараттық стенділерде) орналастырылуын қамтамасыз етуді.

5. Осы Нұсқаудың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Н.М. Исаевқа жүктелсін.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.