You are here

Жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1.       Қоса берілген Жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2.       «Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10202 тіркелген, 2015 жылы 27 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

3. Заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау жөніндегі департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомствалардың, мекемелер мен прокуратураның білім беру ұйымдарының басшыларына,  облыс, аудан прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан  Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы  «__» ____
№__ бұйрығымен
бекітілген

Жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және жазаларды орындау және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асыруды тәптіштейді.

2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен шартты белгілер:

1) айыппұл үй-жайлары - оңаша камера, тәртіптік изолятор, карцер;

2) арнайы мекемелер – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұдан әрі – ҰҚК) тергеу изоляторлары және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚМ) гаупвахталары;

3) атқарушылық іс жүргізу органдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті, олардың аумақтық органдары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар;

4) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура) заңды күшіне енген сот актілерінің және олардың орындалуының заңдылығын қадағалау жөніндегі құрылымдық бөлімшесі;

5) есепте тұрған адам – бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтеп жатқан және пробация қызметінде есепте тұрған тұлға;

6) «Еңбек» РМК – ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

7) жазаларды орындау – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 40-бабында көзделген және сот үкімі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп танылған тұлғаларға тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану;

8) ЖӨБА – жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру;

9) қадағалаудың аймақты-пәндік принципі – Бас прокуратура құрылымдық бөлімшесінің қызметкеріне жекелеген облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың осы Нұсқаулықтың талаптарын орындауды қамтамасыз ету және заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу бойынша қызметін және қылмыстық-атқару заңнамасының өзге де мәселелері бойынша қызметін бақылау жөніндегі функцияларды бекіту;

10) қадағалаудағы адам – «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сот оған қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген тұлға;

11) қадағалаушы прокурор – Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшесінің облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның, аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның жазалардың орындалуын және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының қолданылуын қадағалау жөніндегі қызметкері;

12) ҚАЖ – ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі;

13) өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану – қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтіру немесе айыптау бойынша күзетке алынған тұлғаларды ұстау және жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалардың және қадағалаудағы адамдардың өзін ұстауын бақылауды жүзеге асыру;

14) ШМББ – жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату;

15) пробация қызметі – қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазалардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша орындаушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын және оның есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін қылмыстық-атқару жүйесі органы;

16) төтенше оқиға – арнайы мекемелер мен ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндеретін, табиғи және техногендік сипаттағы дүлей зілзала, аталған мекемелер қызметкерлерінің, күзетпен ұсталатын тұлғалардың, сотталғандардың қылмыстар жасау, азаптау қолдану, күзетпен ұстауға алынған не бас бостандығын а      йыруды өтеп жатқан тұлғаның зорлықпен өлтірілу, арнайы мекемелер мен ҚАЖ мекемелері әкімшілігінің талаптарына топтанып бағынбау, дене мүшесіне зақым келтіру, адамдарды кепіл ретінде тұтқынға алу, қирату (мүлікті қасақана жою), жаппай тәртіпсіздік, қашу, жұмысты орындаудан, тамақтанудан ұжым боп бас тарту фактілері.

 3. ҚАЖ мекемелері мен арнайы мекемелерде тұлғаларды жазалауды және ұстауды орындау кезіндегі заңдылықты қадағалау, және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды баұылауды жүзеге асыру қылмыстық жазаларды, қылымыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындау кезінде қылмыстық, қылмыстық-атқару, қылмыстық-процестік, басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтауды, күзетпен ұсталатындардың, сотталғандардың, жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың, сондай-ақ оларға қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, арнайы мекемелер мен ҚАЖ мекемелерінде ұстаудың тәртібі пен шарттарын сақтауды, репрессияланған тұлғаларды ақтау тәртібін реттейтін заңнаманың орындалуын  қамтамасыз етеді.

4. Қадағалаудың басым бағыттары мыналар:

1) сотталғандардың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына ұшыраған тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау;

2) уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жазаларды орындайтын органдардың, арнайы мекемелердің және ҚАЖ мекемелерінің қызметіндегі заңдылықты сақтау;

3) жергілікті атқарушы органдардың және пробация қызметтерінің бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметтерінің есебінде тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу бойынша қызметіндегі заңдылықты сақтау.

5. Жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік шараларды қолданудың заңдылығын қадағалау заңдылықтың жай-күйін талдау, тексеру, оның ішінде құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу базасын қолдана отырып талдау, тексеру жолымен қамтамасыз етіледі.

6. Жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалуды жүзеге асыру кезінде прокурордың өкілеттіктері Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінде, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

7. Прокурордың күзетпен ұсталатын және қылмыстық жазасын өтеп жатқан тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару және қылмыстық-процестік заңнамасында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.

2. Жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату

8. Бас прокуратураның, облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралардың, аудандық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралардың тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру және олардың қызметіндегі қайталануды болдырмау мақсатында, жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде өкілеттіктерді ажырату мынадай тәртіпте белгіленеді:

1) Бас прокуратура:

ҚАЖ уәкілетті мемлекеттік органының (Комитеттің), «Еңбек» РМК-ның, айыппұл және мүлікті тәркілеу түріндегі жазаларды орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, жеке сот орындаушыларының, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметін қадағалауды жүзеге асырады;

қылмыстық жазаларды орындау және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелері бойынша құқықтық  актілердің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

прокураутра органдарының жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалаудың жекелеген бағыттарын басым деп айқындау туралы ұсыныстар енгізеді;

2) облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар өз өкілеттіктері шегінде:

ҚАЖ аймақтық органдарының (департаменттерінің), ІІМ аумақтық органдарының (департаменттерінің) ШМББ-ны бақылау бойынша қызметіндегі және ҰҚК мен ІІМ қадағалаудағы, аумақтық органдарына (департаменттеріне) қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу бойынша қызметіндегі, уәкілетті мемлекеттік органның уәкілетті органдарының (әділет департаменттері) айыппұл және мүлікті тәркілеу түріндегі жазаларды орындау бойынша қызметіндегі, жергілікті атқарушы органдардың, жазаны орындайтын органдардың, арнайы мекемелер мен ҚАЖ мекемелрінің, «Еңбек» РМК филиалдарының, жеке сот орындаушыларының қызметіндегі заңдылықты қадағалауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

қылмыстық жазаларды орындау және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелері бойынша құқықтық актілердің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

аудан прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

3) Бас әскери прокуратура мен оның аумақтық бөлімшелері:

тұлғаларды гаупвахтада ұстаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

әскери қызметшілерге қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ҚАЖ мекемелерін күзету, қамауға алынғандарды бақылау және айдап апару қызметін өткеру бойынша қызметіндегі заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады;

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

4) аудандық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралар әкімшілік-аумақтық белгі бойынша жазаларды орындау және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану органдары мен мекемелерінің қызметіндегі заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады.

3. Жазаларды орындау жұмысын және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын Бас прокуратураның қадағалауын ұйымдастыру

9. Бас прокуратураның құрылымдық бөлінісінің қызметкері жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған кезде:

1) аймақтық-пәндік қағидаты бойынша заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратураның басқа да бөліністерімен, төмен тұрған прокуратуралармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады;

2) жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығының жай-күйін талдау нәтижелері, төтенше жағдайлар фактілері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалалар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, оның ішінде жергілікті жерлерге шыға отырып тексерістер жүргізеді;

3) заңда белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) жазаларды орындайтын мекемелердің әкімшілік актілерімен келісу мәнін қарастырады;

4) Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі құрылымдық бөлінісімен бірге ҚАЖ-дағы жедел-іздестіру қызметінің заңдылығы мәселелері бойынша бірлескен тексерістер өткізуге бастама көтереді;

5) жергілікті жерлерде жедел ден қоюды талап ететін заңдылықты бұзу фактілері бойынша тексерістер жүргізген кезде прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін өз бетінше қабылдайды;

6) Бас прокуратура басшылығының тапсырмасы бойынша төмен тұрған прокурорлардың, құқық қорғау, арнайы және басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ сот актілері шешімдерінің заңдылығын зерделеу мақсатында қылмыстық істер мен өзге де материалдарды талап етеді;

7) рақымшылық актілерін қолдану мәселелері бойынша материалдарды зерделеу нәтижелері бойынша қорытындылар құрастырады;

8) тоқсан сайын жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын қадағалау жай-күйіне, сондай-ақ қадағалаудың басым бағыттары бойынша талдау жүргізеді;

9) ведомствоаралық жедел кеңестердің, алқа және Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарында мәселелерді қарауға бастама көтереді;

10) қадағалаудың қазіргі заманауи әдістерге бастама көтереді, қадағалау қызметінің оң тәжірибесін таратады, прокуратура органдарының имиджін көтеру бойынша жұмысты атқарады, құрылымдық бөлініс басшысының тапсырмасы бойынша облыс, аудан және соларға теңестірілген прокуратуралардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін оларға тағылымдама өткізеді;

11) Бас Прокурордың, оның жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын қадағалау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының, Бас прокуратура құрылымдық бөлініс басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды;

4. Облыс және соларға теңестірілген прокуратурасының жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын қадағалау бойынша  жұмысты ұйымдастыру

10. Облыс прокуроры, соған теңестірілген прокурор және олардың орынбасарлары жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған кезде:

1) ҚАЖ аумақтық органдарының (департаменттерінің), ІІМ аумақтық органдарының (департаменттерінің) – МШБ-ны бақылау және қадағалауда тұрған адамдарға қатысты, ҰҚК және ІІМ-нің аумақтық органдарының (департаменттерінің) Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару бойынша, айыппұл және мүлікті тәркілеу түріндегі жазаларды орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың (әділет департаменттері) аумақтық органдарының, жергілікті атқару органдарының, жазаларды орындайтын органдардың, ҚАЖ арнайы мекемелері мен мекемелерінің,  «Еңбек» РМК филиалдарының, жек сот орындаушыларының қызметіндегі заңдылықты қадағалауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

2) «Жаппай саяси құғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңын сақтауына қадағалауы қамтамасыз етеді;

3) жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді;

4) азаптау фактілеріне, қамаққа алынған адамдарға және сотталғандарға заңсыз ықпал ету шараларына кідірмей ден қоюды қамтамасыз етеді;

5) жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығының жай-күйін талдау нәтижелері, төтенше жағдайлар фактілері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалалар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, оның ішінде жергілікті жерлерге шыға отырып тексерістер жүргізуді қамтамасыз етеді;

Жүйелі сипаттамасы жоқ бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексеріс жүргізуді құзыретіне тиісті мәселелерді қарау жататын бақылау мен қадағалаудың уәкілетті мемлекеттік органдарына тапсырады;

6) ұлттық превентивті тетікке қатысушылардың және қоғамдық бақылау комиссиялары мүшелерінің анықталған заңдылықты бұзу бойынша өтініштерін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді, прокурорлық қадағалау және ден қою шараларын қабылдайды;

7) Бас прокуратураның құрылымдық бөлінісіне төтенше жағдай фактілері туралы хабарламаны 1 сағат ішінде телефон немесе өзге де байланыс түрі арқылы жеткізуді қамтамасыз етеді;

Төтенше жағдай фактілері туралы толық ақпарат 2 сағат ішінде ұсынылады және онда мынадай ақпарат қамтылуы тиіс: төтенше жағдай болған күні, уақыты, орны және мән-жайы, себептері, мақсаты, тәсілдері, оқиға болған кезде пайдаланылған заттар мен құралдар, олардың тегі, аты, әкесінің аты, сотталған ҚК-нің баптарының атауы, олардың жедел-профилактикалық есепте тұруы (5 адамнан артық болған жағдайда олар туралы деректер тізім бойынша ұсынылады) көрсетілген оған қатысқан адамдардың жалпы саны;

8) денесіне зақым келтірудің, тамақтанудан бас тартудың, өзіне-өзі қол жұмсаудың және арнаулы құралдарды қолданудың бірлі-жарым фактілері бойынша 24 сағат ішінде Бас прокуратураның құрылымдық бөлінісіне төтенші жағдайдың болу себептері мен қабылданған шешім нәтижелері туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;

9) қажет болған жағдайда ҚАЖ мекемелеріндегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша тексерістерді ұйымдастырады;

10) аудан прокурорларының және соларға теңестірілген прокурорлардың жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын қадағалау бойынша қызметін бақылауды жүзеге асырады, ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді, қызметкерлерді тағылымдамадан өткізеді және оқытуды жүргізелі;

11) төтенше жағдайларды тексеру үшін аудан прокурорларының және соларға теңестірілген прокурорлардың шығуын қамтамасыз етеді;

12) қылмыстық-атқару жүйесінің, ҰҚК-нің тергеу изоляторларының, гауптвахталарының қызметіндегі заңдылықты қадағалауды қамтамасыз етеді;

13) сотталғанды айыппұл үй-жайына шығару туралы қаулының заңдылығын, сондай-ақ оның  24 сағат ішінде, ал мекеме алыс болған жағдайда 48 сағат ішінде қажет болған жағдайда прокурорлық қадағалау және ден қою шараларын қабылдай отырып, ұстау жағдайларын тексеруді қамтамасыз етеді;

14) сотталғандары минималды қауіпсіздік мекемесіне, ШМББ-ға көшіру, есепте тұрғандардың қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын бас бостандығынан айырумен алмастыру мәселелерін қадағалайды; 

15) үкімді орындаумен байланысты мәселелерді шешу кезінде шығарылған сот қаулыларына шағымдану және өтініш білдіру кезінде апелляциялық сатыдағы сотқа прокурордың қатысуын қамтамасыз етеді;

Қажет болған жағдайда сотқа қатысу міндетін бейіндің құрылымдық бөлініске жүктеу мүмкін.

16) жылына 2 реттен кем емес сотталғандарды қабылдауды, ҚАЖ мекемелеріндегі тұрғын үй кешеніне, медициналық-санитарлық бөліміне, айыппұл және басқа да үй-жайларына кіріп-шығуды қамтамасыз етеді. Облыс прокурорларының орынбасарлары және соларға теңестірілгендер бұл жұмысты тоқсан сайын, қадағалаушы прокурорлар ұдайы жүргізеді.

17) ҚАЖ мекемесінің облыс орталығында орналасқан жағдайда, облыс прокуратурасы мен аудан және соларға теңестерілген прокуратуралары арасында өкілеттіктерді қайта бөледі;

18) аудан және соларға теңестірілген прокурорлардың төтенше жағдайлар фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша қабылдаған процессуалдық шешімдердің заңдылығын тексереді;

19) жарты жылдық және бір жыл қорытындысы бойынша қадағалаудың басым бағыттары бойынща заңдылықтың жай-күйін талдайды, талдау нәтижелері бойынша ақпаратты есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-іне дейін Бас прокуратураның құрылмдық бөлінісіне ақпарат ұсынады;

20) қадағалаудың қазіргі заманауи әдістеріне бастама көтереді және енгізеді, қадағалау қызметінің оң тәжірибесін таратады, біліктілігін арттыру үшін аудан және соларға теңестіріліген прокуратураларының қызметкерлеріне оқу семинарларын, тағылымдаманы, сондай-ақ прокуратура органдарының имиджін көтеру бойынша жұмысты жүргізеді;

21) Бас Прокурордың, оның жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын қадағалау  мәселелеріне басшылық ететін орынбасарының, Бас прокуратураның құрылымдық бөлінісі басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

11. Мемлекеттік органдарға және олардың лауазымды адамдарына жіберілетін прокурорлық қадағалау актілері Бас прокуратураның құрылымдық бөлінісімен келісе отырып, жолданады.

5. Аудан және оларға теңестірілген прокуратураның жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалау бойынша  жұмысты ұйымдастыру

12. Аудан прокурорлары, оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аудандық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметкерлері жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған кезде:

1) әкімшілік-аумақтық белгісіне сәйкес жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесі бойынша жазаны орындайтын органдардың, ҚАЖ мекемелерінің, пробация қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдарының, әділет органдарының аумақтық бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді орындайтын органдардың, ішкі істер органдары аумақтық бөлімдерінің, жергілікті полиция қызметтерінің, жеке сот орындаушылардың қызметіндегі заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады;

2) төтенше жағдайлар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалалар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, басқа да хабарламалар мен белгілер түріндегі негіздер болған жағдайда жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығының жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тексерістер жүргізеді;

Қажет болған жағдайда тексеріске дейін оқиғаның мән-жайларын анықтау үшін сотталғандармен алдын-ала кездесулер өткізеді.

Жүйелі сипаттамасы жоқ бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексеріс жүргізуді құзыретіне тиісті мәселелерді қарау жататын бақылау мен қадағалаудың уәкілетті мемлекеттік органдарына тапсырады;

3) ұлттық превентивті тетікке қатысушылардың және қоғамдық бақылау комиссиялары мүшелерінің анықталған заңдылықты бұзу бойынша өтініштерін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді, прокурорлық қадағалау және ден қою шараларын қабылдайды;

4) оқиға болған жерге шыға отырып, төтенше оқиға фактілері бойынша тексеріс жүргізеді, бұл туралы облыс прокурорына шұғыл хабарлайды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау немесе ден қою шараларын қабылдайды;

5) ҚАЖ әкімшілігінің іс-әрекеттерінің негізділігі туралы қорытынды құрастыра отырып, арнаулы құралдарды қолдану заңдылығын тексереді;

Қорытындыда адам, оқиға орны, уақыты және арнаулы құралдарды қолдану мән-жайлары туралы мәліметтер, оларды қолданған қызметкерлер туралы деректер, оны қолдану негізі, оларды қолдану заңдылығы туралы қорытындылар енгізіледі. Қорытындыға растайтын материалдар қоса беріледі;

6) денесіне зақым келтірудің, тамақтанудан бас тартудың және өзіне-өзі қол жұмсаудың бірлі-жарым фактілерін тексереді, болған оқиғаның себептерін анықтайды, мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне баға береді, заңды процессуалдық шешімнің қабылдануын қамтамасыз етеді. Көрсетілген фактілер туралы облыс прокурорына хабарлайды;

7) сотқа қатысады, сотталғандарды минималды қауіпсіздігі бар мекемеге көшіру, ШМББ-ға, ЖА ауыстыру, есепте тұрғандардың қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын бас бостандығынан айыруға алмастыру, жазаны орындауды кейінге қалдыру, әкімшілік қадағалауды белгілеу және ұзарту мәселелері бойынша сот актілерінің заңдылығын тексереді;

8) азаптаулар фактілерін, заңсыз ықпал ету шараларын, оның ішінде сотталғандар мен қамаққа алынған адамдардың өтініштеріне байланысты фактілерді анықтаған жағдайда, оларды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу бойынша шаралар қабылдайды, оларды тергелуі бойынша тапсырады;

9) 24 сағат ішінде, ал мекеме алыс болған жағдайда 48 сағат ішінде сотталғанды айыппұл үй-жайына шығару заңдылығын және оны ұстау жағдайларын тексереді,  заңдылық бұзылған жағдайда прокурорлық қадағалау және ден қою шараларын қабылдайды.

10) ай сайын сотталғандарды қабылдауды, ҚАЖ мекемелеріндегі тұрғын үй кешеніне, медициналық-санитарлық бөліміне, айыппұл және басқа да үй-жайларына кіріп-шығуды жүргізеді. Аудан прокурорлары және соларға теңестірілген қадағалаушы прокурорлар бұл жұмысты ұдайы жүргізеді.

11) сотталғанды қабылдау барысында қолданыстағы заңнаманы түсіндіреді, жазаны өтеу жағдайларымен, мекеме әкімшілігінің іс-әрекеттерімен байланысты сұрақтарға жауап береді, ол сотталған қылмыстық іс бойынша өтініштер мен өтінішхаттар қабылдайды, оның жағдайын жақсарту үшін енгізілген наразылықтар туралы хабарлайды;

12) күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға жаза салудың және көтермелеулерді қолданудың заңдылығын тексереді;

13) әлеуметтік және өзге де көмек көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқару органдарының қызметіндегі заңдылықты тексереді;

14) жазаларды, оның ішінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қосымша жазаларды орындау жөніндегі пробация қызметінің жұмысындағы заңдылықты, сондай-ақ үкімді орындауды кейінге қалдыру, есепте тұрған адамдардың, жазадан шартты түрде мерзімнен бұрын босатылғандардың және бақылауға алынғандардың қайта қылмыс жасау деңгейінің жай-күйін тексереді;

15) ішкі істер органдары мен жергілікті полиция қызметінің жазадан шартты түрде мерзімнен бұрын босатылған және бақылауға алынған адамдардың жүріс-тұрысын бақылау бойынша қызметіне талдау жүргізеді,  пробация қызметі, ішкі істер органдары пайдаланатын электрондық ізіне түсу құралдарын қолдану кезіндегі заңдылықтың жай-күйін тексереді. Заңдылықты бұзуды анықтаған жағдайда прокурорлық қадағалау немесе ден қою актілерін енгізеді.

16) әділет органдарының аумақтық бөлімдерінің қызметінде қылмыстық айыппұлдарды өндіру және мүлікті тәркілеу мәселелері бойынша заңдылықты тексереді.

Қадағалау атқару өндірістерін зерделеу, әділет органдары аумақтық бөлімдеріне, жеке сот орындаушыларына қатысты тексерістер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

17) егер өзге де мерзімдерді облыс прокуроры және соған теңестірілген прокуроры белгілемесе, тоқсанына бір реттен кем емес жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын қадағалау жай-күйі туралы ақпаратты облыс және соларға теңестірілген прокуратураларға жолдайды.

13. Аудан және соларға теңестірілген прокуратуралары прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін жоғарыда тұрған прокуратураға хабарлай отырып, облыс деңгейіндегі аумақтық мемлекеттік органдарға және олардың лауазымды адамдарына енгізеді.

3. Қорытынды ережелер

14. Аудан, облыс прокуратураларының және соларға теңестірілген прокуратураларының  қызметіндегі жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығын қадағалау жөніндегі негізгі көрсеткіштер мыналар болып табылады:  

1) сотталғандардың сот әділдіне қол жетімділігіне, оның ішінде азаптауларды және басқа да қатал, адамгершілікке жатпайтын  ар-намысын қорлайтын  тәсілдерді және жазаларды қолдану туралы, ШМББ туралы өтінішхаттар, ЖА, минималдық қауіпсіздігі бар мекемелерге көшіру, үкімді қайта қарау, рақымшылықты қолдану, өтінішхаттар бойынша материалдарды уақтылы сотқа жіберу туралы арыздар мен хабарламаларды беру құқығын қамтамасыз етеді;

2) азаптауларға және басқа да заңсыз ықпал ету түрлеріне ықпал ететін заңдылықты бұзуға жол бермеу;

3) ҚАЖ аумақтық органының (департаменттің) сотталғандардың әлеуметтік-пайдалы байланыстарды сақтау және әлеуметтік-құқықтық көмек алу құқығын қамтамасыз ету

4) пробация қызметінің және ішкі істер органдарының аумақтық бөлімдерінде есепте тұрған адамдар арасындағы рецидивтің деңгейі;

5) есепте тұрғандардың жазасын бас бостандығынан айырумен алмастыру негізділігі;

6) қылмыстық айыппұлдардың орындалуы және мемлекет кірісіне мүлікті тәркілеу;

7) прокурордың соттағы ұстанымының дәйектілігі.

Аудан, облыс және соларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіндегі негізгі көрсеткіштер Бас прокуратураның құрылымдық бөлінісінің ұсынысы бойынша  жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану заңдылығының сақталуын қадағалау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне байланысты өзгеруі мүмкін.

 

ТіркемеКөлем
proekt_instrukcii_kaz.docx43.29 KB
proekt_prikaza_kaz.docx23.28 KB

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.