You are here

Прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы құқық қорғау функцияларын іске асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы құқық қорғау функцияларын іске асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 85 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 1 қазандағы №9773 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 10 қазанда жарияланған) және «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 18 қарашадағы № 172 бұйрығына(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 14554 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған)қосымшасының 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті:

1) Мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының веб-порталына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының бұйрығымен
бекітілді

Прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы
құқық қорғау функцияларын іске асыру жөніндегі
нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы құқық қорғау функцияларын іске асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін нақтылайды.

2. Жоғары қадағалаудың мәні мыналар болып табылады:

1)  әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау;

2) экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау.

3. Прокуратура органдарының құқық қорғау функциялары:

1) заңның қолданылуына тексеру жүргізу;

2) заңдылық жағдайына талдау жүргізу;

3) заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар.

2-тарау. Құқық қорғау функцияларын іске асыру тетіктері

4. Заңнаманың қолданылуын тексерулер қадағалауындағыаумақтазаңдылықжағдайын, аймақерекшеліктерінмұқиятталдаунегізіндежоспарланады.

Бұлмақсатта, прокурорларда, қадағалауындағыаймақтысипаттайтын өзекті мәліметтер қамтылған паспорт болу керек.Аймақ паспорты жарты жылда бір рет жаңартып отыруға жатады.

5. Тексерулер жүргізу «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылсын.

Тексерулер жүргізу негіздері:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе жоғары тұрған прокурордың тапсырмалары;

2) өтініштер, шағымдар, хабарламалар және заңнаманы бұзушылықтар туралы басқа да деректер;

3) тікелей заңнаманы бұзушылық белгілерін анықтау.

6. Тексерулер жүргізу туралы тапсырмаларды Бас Прокурор, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары жолдауға құқылы.

Тапсырма беру үшін негіздер:Мемлекет басшысының және оның Әкімшілігінің, Бас Прокурордың және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау, Бас прокуратураның, облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың операциялық жоспарын және жоспарлы іс-шараларын іске асыру, заңдылық жағдайын талдау нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар.

Тексеру тақырыбына қарай тапсырма мыналарды қамтуға тиіс:

1 )тапсырма беру негіздері;

2) істің мән-жай фабуласы не оған тән бұзушылықтар;

3) тексеруге жататын кезең;

4) зерделеуге жататын мәселелер;

5)орындау мерзімі.

Өз құзыретіне сәйкес прокурорға тиісті құзыретті органға прокуратураға келіп түскен материалдарды, өтініштерді тексеру жүргізуді тапсыру және оның нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеу құқығы берілген.

7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері құзыреті бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдансын.

Прокурор жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және дереу шешім қабылдауды қажет ететін басқа да деректер бойынша, сондай-ақ құзыретті органның не оның лауазымды адамдарының мүдделер қақтығысы жағдайында тексеру жүргізеді.

8. Заң бұзушылықтар тікелей анықталған кезде тексерулер олардың нәтижелері туралы хабарлауды талап етумен тиісті құзыретті органға тапсырылсын.

Дереу жоюды талап ететін бұзушылық анықталған және (немесе) құзыретті органның не оның лауазымды адамдарының қызметінде мүдделер қақтығысы орын алған жағдайларда тексеру құзыретті органға тапсыырла алмайды және оны прокурор жүргізеді.

Тиісті мәліметтер алған прокуратура қызметкері облыс, аудан прокурорына немесе оларға теңестірілген прокурорға дәлелді рапорт береді, онда келесі мәлметтер қамтылуға тиіс:

1)ақпарат алу көзі және мерзімі;

2) дереу жоюды қажет ететін бұзушылық сипаты;

3) аталған тексеруді құзыретті органға тапсыруға болмайтын себептер;

4) тексеру жүргізу ұсынылатын субъектінің (объектінің) атауы.

9. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулерді прокурор облыс прокурорымен немесе оған теңестірілген прокурормен не олардың орнындағы тұлғамен келісім бойынша келесі жағдайларда жүргізеді:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың шешімдерінің заңдылығын қарсы тексеру қажет болғанда;

2) жаппай сипатқа ие, азаматтардың көп бөлігінің құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын заң бұзушылықтарды жою үшін;

3) қызметкерлер алдындағы жалақы бойынша берешек туралы мәліметтер болған кезде;

4) мемлекет қаражаттарын және квазимемлекеттіксектор қаражаттарын игерудің заңдылығын анықтау;

5) егер оларды жүргізуді уәкілетті (құзыретті) мемлекеттік органдарға тапсыру мүмкін болмаған кезде. 

Қалған жағдайларда жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісім бойынша жүргізілсін.

Білім беру ұйымдарының (балалар үйлері, балабақшалар, мектептер, мектеп-интернаттар, гимназиялар, колледждер, жоғарғы оқу орындары және тағы басқа)және денсаулық сақтауұйымдарының (жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдары, емханалар, ауруханалар және тағы басқа) қызметінде заңдылықтың сақталуын тексеру осы Нұсқаулыққа сәйкес және облыстың прокурорымен немесе оған теңестірілген прокурормен келісім бойынша жүргізілсін.

Жоғары тұрған прокуратураның барлық тексерулерге келісім беруі үш тәулік ішінде, ал кейінге қалдыруды қажет етпейтін жағдайларда, жиырма төрт сағаттың ішінде жүзеге асырылады.

10. Бақылау және қадағалау органдарының атына тексерулер жүргізу туралы талаптаркелесі жағдайларда жолдауға жатады:

1) жаппай сипатқа ие, азаматтардың көп бөлігінің құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын заң бұзушылықтарды жою үшін;

2) сараптама арнайы ғылыми білімді қажет ететін және оны тағайындамай тексеру жүргізу мүмкін болмайтын жағдайларда;

3) заңдылық жағдайына талдау жүргізген және заң бұзушылықтарды анықтау және жою үшін басқа мүмкіндіктер болмаған кезде;

4) егер тексеру мәселесі өтініш берушінің, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғаса, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың нақты заң бұзушылық фактілері бойынша қаралатын өтініштері бойынша.

Талаптарды Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратура Департаменттерінің, дербес басқармаларының басшылары, облыстардың, қалалардың, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары жолдайды.   

11. Заңдылық жағдайын жоспарлы және жоспардан тыс талдаулар тексеру жүргізуді талап етпейтін жағдайларда, Конституцияның, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолданылуы туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау және зерделеу арқылы жүргізілсін.

Жоспардан тыс талдаулар жүргізу облыс прокурорымен, оның орынбасарымен, қала, аудан прокурорымен және оларға теңестірілген прокурормен не олардың міндеттерін атқарушы тұлғамен келісілген дәлелді баянат бойынша бастамаланады.

Баянатта:

1) күні, рапорт беруші лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және лауазымы; 

2) талдау мәні;

3) дәлелді негіздер;

4) талдау кезеңі;

5) талдау жүргізу мерзімі қамтылуға тиіс.

Заңдылық жағдайын талдау прокурорлар субъектілерге (объектілерге) бармай, статистикалық деректерді, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінің материалдарын сұрату және зерделеу арқылы жүргізіледі.

Талдау жүргізу мерзімі отыз күннен аспауға тиіс, ал ерекше жағдайларда отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді, онда келесі бөлімдер қамтылуға тиіс:

1) талдау жүргізу күні, негізі және мәні;

2)  ағымдағы заңдылық жағдайы (статистиканы келтіре отырып);

3) талдау нәтижесінде алынған заңдылық жағдайы туралы объективті қорытындылар, оның ішінде құқық бұзушылықтар жасау себептері мен жағдайлары;

4)  нәтижелеріне қарай құқық бұзушылықтарды, заңнамадағы бар проблемаларды, кемшіліктер мен олқылықтарды шешу және жою тәсілдері туралы нақты ұсыныстар.

Талдау нәтижелері бойынша тексерулер бастамалануы, прокурорлық қадағалау актілері және (немесе) өзге де шаралар енгізілуі мүмкін.

Заңдылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша тексерулер осы Нұсқаулықтың 8-тармағының ережелерін сақтай отырып тағайындалады.

12. Тексеру жүргізу туралы қаулының мазмұны:

1) нөмірі, күні, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және лауазымы, тексеру негіздері;

2) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері, Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);

3) тексерілетін кезеңді көрсете отырып тексеру мәні (мәселесі);

4) тексеру кімге тапсырылған және оған тартылатын мамандар туралы мәліметтер;

5) тексеру жүргізу мерзімі (басталуы және аяқталуы);

6) тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері.

Тексеру жүргізу туралы қаулы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда тіркеледі, онда оның нөмірі және тіркелген күні көрсетіледі.

Тексеру жүргізуді ұзарту, тоқтата тұру және қайтадан бастау туралы қаулыларда олардың себептері көрсетілсін. 

13. Тексерулер барысында тексеруді іске асыру үшін елеулі маңызы бар жасырын заң бұзушылықтарды анықтау үшін басқа мүмкіндіктер болмаған кезде құзыретті органдардың жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру қажеттілігі туралы мәселе шешілсін.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Бас Прокурор, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар тағайындай алады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы қаулыда:

1) оларды жүргізу негіздері;

2) тексерілетін мәселелер шеңбері;

3) жүргізу мерзімі және алынған нәтижелерді ұсыну нысаны көрсетіледі.

14. Қажет болған кезде тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін мамандар тартылсын.

Сараптама арнайы ғылыми білімді қажет ететін және оны тағайындамай тексеру жүргізу мүмкін болмайтын жағдайларда ғана тағайындалсын.

Сараптама тағайындау туралы қаулыны Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Департаменттердің бастықтары, Бас прокуратураның дербес басқармаларының басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар және олардың міндеттерін атқарушы тұлғалар, сондай-ақ облыстардың прокурорларымен және оларға теңестірілген прокурорлармен келісім бойынша қалалардың және аудандардың прокурорлары шығарады.

Келісу үш тәулік ішінде, ал кейінге қалдыруды талап етпейтін жағдайда, жиырма төрт сағаттың ішінде жүзеге асырылады. Тегін жүргізілетін сараптамалар келісуді қажет етпейді.

Сараптама тағайындау туралы қаулыда:

1) нөмірі мен күні, сараптама тағайындаған прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және лауазымы;

2) тағайындау уақыты және орны;

3) сараптамаға жіберілетін объектілер;

4) сарапшының қорытындыларына негіз болуы мүмкін тексеру материалдарында қамтылған мәліметтер;

5) сарапшының қарауына ұсынылатын басқа да материалдар және оның алдына қойылған мәселелер;

6) сот сараптамасы органының атауы немесе сараптама жүргізу тапсырылған адамның тегі қамтылуға тиіс.

15. Тексеру нәтижелері бойынша оның нәтижелері туралы анықтама жасалсын.

Тексеру нәтижелері туралы анықтама (тексеру субъектілеріне және тақырыбына байланысты) келесі бөлімдерді қамтуға тиіс:

1) анықтама жасалған күні және орны, тексеру негіздері;

2) тексерілетін субъектінің атауы, тексеру мәні (тақырыбы);

3) тексеру тақырыбы бойынша жалпы мәліметтер (статистика, тексерілетін субъект іске асырған іс-шаралар, игерілген бюджет қаражаттары туралы мәліметтер);

4) тексеру мәні (тақырыбы) бойынша заңдылықтың сақталуын бағалау (анықталған бұзушылықтардың мәні, мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің заңдылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуы);

5) тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар (қадағалау актілері, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастамалау, заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар және тағы басқа);

6) тексерілетін субъектінің басшысын (өкілін) анықтамамен таныстыру немесе таныстырудан бас тарту туралы мәліметтер. 

Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъектінің басшысы не оның өкілі оларды жазбаша түрде баяндайды.

Тексеру нәтижелері бойынша «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау актілер енгізіледі не басқа шаралар қабылданады.

Сотқа талап арыздар жаппай сипатқа ие, азаматтардың немесе денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өз құқықтары мен заңды мүдделерін дербес қорғай алмайтын адамдардың едәуір бөлігінің құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қозғайтын заң бұзушылықтарды жою мақсатында ғана беріледі. Қалған жағдайларда әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот тәртібімен дербес қорғауға құқығы түсіндірілсін.

Прокуратура органдарының кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық дауларына тартылуына, сондай-ақ азаматтардың мүдделеріне негізсіз талап арыздар енгізуге жол берілмесін.

Жүргізілетін тексеруді ұйымдастыруды, оның нәтижелерін, прокурорлық қадағалау актісінің орындалуын және заң бұзушылықтардың іс жүзінде жойылуын бақылау тексеруді тағайындаған прокурорға жүктеледі.

Облыстардың, қалалардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға сандық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында бірсарынды актілер енгізуіне жол берілмесін.

16.Іс-әрекеттермен актілерге жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым беріледі.

Жоғары тұрған прокурор жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурордың әрекеттері мен актілерінің заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1)прокурорлық қадағалау актілерінің заңдылығы күмән туғызған жағдайда түпкілікті шешім қабылдағанға дейін олардың күшін тоқтата тұрады;

2) заңдарда және осы Нұсқаулықта белгіленген құзыретті бұзған жағдайда прокурорлық қадағалау актілерін кері қайтарып алады;

3) прокурорлық қадағалау актілерінің не жекелеген талаптарының қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшылығы анықталған жағдайда олардың күшін жояды не өзгертеді;

4) прокурорлық қадағалау актілерін күшінде қалдырады.

3-бөлім. Қорытынды ереже

17. Қадағалаудың жекелеген бағыттары бойынша басымдықтарды айқындау Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар әзірлеген әдістемелік ұсыныстарға сәйкес ұйымдастырылады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.