You are here

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша өкілеттіктер беру туралы

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы В№ 379-V ҚРЗ Заңының  1-бабының 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруда мемлекеттік әріптес ретінде шығуға уәкілдік берілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

 

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша өкілеттіктер беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

№ р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі 

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1                  

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

2                  

Жобаны қабылдаудың қажеттілігіне негіздеме

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруы мақсатында

3                  

Жобаны қабылдау жағдайында күтілетін әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды

4                  

Жобаны іске асыру жағдайында күтілетін қаржы шығындар

Жобаны іске асыру Республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді

5                  

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаты, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжамдалатын тиімділік

Бас прокуратураның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға қатысуы

6                  

Жобада қаралатын және оларды іске асыру қорытындылары мәселелері бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері туралы мәліметтер

Жоқ

7                  

Заңнаманы кейін жобаға сәйкестендірудің қажеттілігі

Қажет етілмейді

8                  

Басқа ұйымдарда Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша оны жүргізген жағдайда қосымша сараптамалардың (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) қорытындылары

Жүргізілген жоқ

9                  

Басқа мәліметтер

Жоқ

10             

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құралдарына материалдар (үзінділер) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11             

Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында, интернет-порталында немесе басқа да ақпараттық жүйеде) орналастырылуы туралы ақпарат

2016 жылғы «___» қыркүйекте Бас прокуратураның ресми сайтында орналастырылған

12             

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) қаулы жобасына әлеуметтік маңызы бар баспасөз хабарламасының орналастырылуы туралы ақпарат (баспасөз хабарламасының атауы, күні)

Қажет етілмейді

13             

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Қажет етілмейді

14             

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейін ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Қажет етілмейді

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж.Асанов

 

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша өкілеттіктер беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
АНЫҚТАМА

Бүгінгі күні Бас прокуратура МЖӘ тетіктері арқылы іске асыру жоспарланған жобаларды бастама етіп көтеріп отыр.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы»  2015 жылғы 31 қазандағы Заңға сәйкес, мемлекеттік әріптес – Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ олар уәкілдік берген басқа да мемлекеттік органдар шығады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша өкілеттіктер беру туралы» Қазақстан Республиксы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына, мемлекеттік кірістердің азаюына, сондай-ақ жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқпайды.

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
бірінші орынбасары
И. Меркель

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.