You are here
«ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысының күші жойылды деп тану туралы


«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі№ 292 қаулысыныңкүші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
«Қазақстан Республикасының құқыққорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/с |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1 |
Жобаныәзірлеушімемлекеттікорган |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
2 |
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі |
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның 2015 жылғы 23 желтоқсанның № 20-5/И-271 хаттамасының 1.2 тармағы |
3 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар |
Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды |
4 |
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар |
Жобаны іске асыру Республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындар қажет етпейді |
5 |
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі |
Мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту |
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы «__» _____________ № __ Жарлығы |
7 |
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі |
Талап етілмейді |
8 |
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері |
Талап етілмейді |
9 |
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі |
Рұқсат етіледі |
10 |
Өзге де мәліметтер |
Жоқ |
11 |
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат |
2016 жылғы «___» маусымында ашық нормативтік құқықтық актілер порталында, сондай-ақ 2016 жылғы «___» маусымында Бас прокуратураның ресми сайтында орналастырылды |
12 |
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) |
Талап етілмейді |
13 |
Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса) |
Талап етілмейді |
14 |
Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат |
Талап етілмейді |
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж.Асанов
2016 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
АНЫҚТАМА
Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 92-қадамын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 20-5/И-271 (мәжіліс хаттамасының 1.2 тармағы) шешімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемжаңғырту бағдарламасы) жойып, оның негізгі ережелерін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына біріктіру жөніндегі ұсынысын мақұлдады.
Осыған сәйкес Қазқстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 182 Жарлығымен «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына осы Тізбеден Мемжаңғырту бағдарламасын алып тастау көздейтін өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы «__» _______ № __ Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Мемжаңғырту бағдарламасы жоюға қойылған.
Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурамен «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасын іске асыру мемлекеттік шығындардың ұлғаюына, мемлекеттік кірістердің азаюына, сондай-ақ жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
бірінші орынбасары
И.Меркель
Қаулы жобасына ұсыныстар мен ескертулер 2016 жылдың 30 маусымына дейін күтіледі.
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу