You are here

«ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі№ 292 қаулысыныңкүші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов

 

«Қазақстан Республикасының құқыққорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі   № 292 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1                  

Жобаныәзірлеушімемлекеттікорган

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

2                  

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның 2015 жылғы 23 желтоқсанның № 20-5/И-271 хаттамасының 1.2 тармағы

3                  

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық

және/немесе құқықтық салдар

Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды 

4                  

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру Республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындар қажет етпейді

5                  

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту

6                  

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы «__» _____________ № __ Жарлығы

7                  

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8                  

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Талап етілмейді

9                  

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

10             

Өзге де мәліметтер

Жоқ

11             

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

2016 жылғы «___» маусымында ашық нормативтік құқықтық актілер порталында, сондай-ақ 2016 жылғы «___» маусымында Бас прокуратураның ресми сайтында орналастырылды

12             

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Талап етілмейді

13             

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді

14             

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Талап етілмейді

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж.Асанов

2016 жылғы «___» ___________

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

АНЫҚТАМА

Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 92-қадамын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 20-5/И-271 (мәжіліс хаттамасының 1.2 тармағы) шешімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемжаңғырту бағдарламасы) жойып, оның негізгі ережелерін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына біріктіру жөніндегі ұсынысын мақұлдады.

Осыған сәйкес Қазқстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 182 Жарлығымен «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына осы Тізбеден Мемжаңғырту бағдарламасын алып тастау көздейтін өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің     2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы «__» _______ № __ Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Мемжаңғырту бағдарламасы жоюға қойылған.

Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурамен «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.

Қаулы жобасын іске асыру мемлекеттік шығындардың ұлғаюына, мемлекеттік кірістердің азаюына, сондай-ақ жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқтырмайды.

 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
бірінші орынбасары
И.Меркель

Қаулы жобасына ұсыныстар мен ескертулер 2016 жылдың 30 маусымына дейін күтіледі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.