You are here

Консулдық мекемелер басшыларының олардың қызметкерлері барған елде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды жүргізу Қағидаларын бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ЖОБА

 

 

 

Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«____» ________ 2016 ж.
№_______
Астана қ.

 Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«____» ________ 2016 ж.
№ _______
Астана қ.

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Консулдық мекемелер басшыларының
олардың қызметкерлері барған елде
жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар
туралы істер бойынша анықтауды жүргізу
Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 61-бабының 2-бөлігінің 8) тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 24-тармағының 7) тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған консулдық мекемелер басшыларының анықтау жүргізу Қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін, және де Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық акпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары  М.Б.Тілеубердіге жүктелсін.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
___________ Ж. Асанов

Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
__________Е. Ыдырысов

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 ж. «____» _______
№ ______

 

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2016 ж. «____» _______
№ ______
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Консулдық мекемелер басшыларыныңолардың қызметкерлері
барған елдежасаған қылмыстық құқық бұзушылықтартуралы істер бойыншаанықтауды жүргізу Қағидалары

1. Орналасқан еліне өз қызметкерлерімен істелінген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша Консулдық мекемелер басшыларының анықтау жүргізу Қағидалары Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 61-бабының 2-бөлігінің 8) тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 24-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және консулдық мекемелер басшыларының олардың қызметкерлері барған елде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы консулдық мекемелер басшыларының олардың қызметкерлерібарған елде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойыншаанықтауды жүргізу Қағидаларында мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) консулдық мекеменің басшысы – консулдық мекемені басқаратын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері;

2) консулдық мекеменің қызметкері – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын консулдық лауазымдық тұлға, консулдық мекеменің консулдық күтуші қызметші мен қызметкер персоналы;

3) құқықтық өкілетті адам – қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдауға және есепке алуға жауапты Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның қызметкері;

4) прокуратура басшысы – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орнын басатын тұлға, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.

3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын консулдық мекеме қызметкерлерінің қызметтік әрекетімен немесе Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетімен байланысты оларға қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының, №107508 нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде тіркелген (бұдан әрі - Қағидалар)9, 10 және 11-тармақтарында көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер бар болған кезде Консулдық мекеменің басшысы консулдық мекеме шегінде ҚПК 196-бабының бірінші бөлігінде көзделген шұғыл тергеу амалдарын жүргізуге құқылы.

Қағидалардың 16-тармағының талаптарына сәйкес, Консулдық мекеменің басшысы жазбаша түрде, байланыс құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын тиісті материалдарды қоса беріп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабардар етеді.

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 23-бабына сәйкес, Консулдық мекеменің басшысы дипломатиялық қызметтің қызметкерін Қазақстан Республикасына шұғыл кері қайтару туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне хат жолдайды.

Бас прокуратураға Консулдық мекеме басшысының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламасы мен тиісті материалдар келіп түскеннен кейін, құқықтық өкілетті адам Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда баянат жасайды және прокуратура басшысының бұрыштамасы бойынша оны Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеп, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін тергеулік бойынша жібереді.

Іс бойынша одан әрі іс жүргізу ҚПК-де көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.