Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасытуралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жалпы штаттық саны және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі бар);

3) сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендер тізбесі(«Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі бар);

4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының рәмізі туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1159 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 235-құжат) және «Сыныптық шендер берілетін Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымдарының тізбесін және соларға сәйкес шекті сыныптық шендерді бекіту туралы» 2012 жылғы 10 қыркүйектегі №376 қбп жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу