You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

жоба

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

2017 жылғы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
        2017 жылғы «      »
          №       өкімімен бекітілген

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

2017 жылғы ____________ Заңын іске асыру мақсатында

қабылдануы қажет құқықтық актілердің

тізбесі

 

р/с№

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актіні сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Анықтаудан, тергеуден, соттан және жазасын өтеуден жасырынып жүрген немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды, жеке басы анықталмаған мәйіттерді, туысқандарымен байланыс жоғалтқан, өзі туралы мағұлмат беретін деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

 

БП

(келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

М.М. Ахметжанов

2.

«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

 

БП

(келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

 

М.М. Ахметжанов

3.

«Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің Сипаттамасын және оларды беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 132қбпү бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

 

БП

(келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

 

М.М. Ахметжанов

4.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

 

МҚІСЖҚІА

(келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

 

А.А. Шаимова

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

МҚІСЖҚІА – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.