You are here

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 40-бабының 2-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы «___» ______
№___ қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының
қызметкерлеріне түсетін жүктеме нормативтерін айқындау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне түсетін жүктеме нормативтерін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкер) түсетін жүктеме нормативтерін айқындау тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:

Еңбек (уақыт, жасап шығару, қызмет көрсету, сан, басқарушылық, нормативтік тапсырмалар) нормалары – қол жеткізілген техника, технология, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру деңгейіне сәйкес тиісті біліктіліктегі қызметкер үшін белгіленетін еңбек шығындарының шамасы;

еңбек нормаларының жинағы – қызметкерлерге түсетін жүктеме нормативтерін айқындау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы құжат;

жұмыс әдістемесі – еңбек жөніндегі нормативтік материалдар әзірлеудің әдістерін, сондай-ақ оларды тексеру (апробациялауа) тәртібін айқындайтын құжат;

жұмыстарды орындаудың ұйымдастыру-техникалық шарттары – қызметкердің еңбек әрекетін, басқару деңгейін (құқық қорғау органының оның бөлімшелерінің құрылымы), жұмыстың ауқымы мен күрделілігін, ақпараттандыру деңгейін (жұмыс орнын, еңбек процесін), материалдық-техникалық қамсыздандырылуды, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруды ұйымдастыруды, еңбек және демалыс режимін регламенттейтін құқықтық актілер;

жүктеме нормативі – нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда орындалатын және нормативтік штаттық санды есептеу үшін негіз болып табылатын бір штаттық бірлікке арналған белгіленген жұмыс көлемі;

зерттеу объектісі – еңбек процестері, жұмыс орындары;

норма құрау факторы – еңбек шығындарының (еңбек нормаларының) шамасына әсер ететін фактор;

сан нормативі – жүктеме нормативтеріне кері шама болып табылатын жұмыс бірлігін орындау үшін қажетті сан;

уақыт нормасы – негізінде жүктеме нормативтері айқындалатын адам-сағатта өлшенетін жұмыс бірлігін орындау үшін қажетті уақыт шығындарының шамасы.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа да ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

3. Жүктеме нормативтерін айқындаудың құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық актілері және өзге де құқықтық актілер құрайды.

2. Жүктеме нормативтерін айқындау тәртібі

4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне түсетін жүктеме нормативтерін айқындау мақсатында нормативтік жүктемелер әзірленеді, олар еңбек процесін (қызметкерлер орындайтын жұмыстарды) ғылыми зерттейулер нәтижелеріне және құқық қорғау органының қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді талдауға негізделеді.

5. Қызметкерлерге түсетін жүктеме нормативтері басқарудың барлық деңгейлері (орталық аппарат, ведомстволар, аумақтық органның аппараты, қалалық және аудандық органдар, ведомстволық қарасты мемлекеттік мекемелер) бойынша және құқық қорғау органы қызметінің әрбір бағыты бойынша айқындалады.

6. Қызметкерлерге түсетін жүктеме нормативтерін әзірлеу рәсіміне мынадай іс-шаралар кіреді:

1) ұйымдастыру-техникалық жағдайларды, қызметкерлердің жұмысты орындау тәсілдері мен әдістерін зерделеу;

2) жүктеме нормативтері әзірленетін қызметкерлер лауазымдарының тізімін айқындау;

3) қызметкердің қызметінің бағыттарының ерекшелігін ескере отырып жұмыс әдістемесін дайындау;

4) бекітіліп берілген учаскеде қызметкерлер орындайтын функциялардың (жұмыстардың, операциялардың) тізбесін жасау (құқық қорғау органы қызметінің әрбір бағыты бойынша);

5) зерттеу объектілерін таңдау;

6) қызметкердің еңбек процесін фотохронометраждық бақылау жүргізу;

7) қызметкер орындайтын жұмыстардың көлемі мен еңбек сыйымдылығын көрсететін статистикалық, есептік және өзге де деректер жинау;

8) зерттеу материалдары мен статистикалық деректер жинау, өңдеу, талдау, функцияларға (жұмыстарға, операцияларға) уақыт нормаларын есептеу, технологиялық карталар, функциялардың матрицаларын жасау;

9) экономика-математикалық есептер жүргізу, қажетті еңбек шығындары (еңбек сыйымдылығы, уақыт нормалары) мен норма құрау фактілерінің арасындағы байланыстарды (тәуелділікті) белгілеу;

10) мазмұны еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық актілерінде реттелетін еңбек нормалары жинағының жобасын дайындау;

11) әзірленген еңбек нормалары жобалары негізінде сан нормативтерін есептеуді жүзеге асыру, нақты және штаттық санмен салыстыру (еңбек нормасы жобасын апробациялау);

12) апробация нәтижелерін ескере отырып еңбек нормалары жобасын пысықтау, оны тапсырыс беруші (құқық қорғау органы) алдында қорғау.

7. Қызметкерлерге түсетін жүктеме нормативтерін әзірлеу кезінде орындалатын функциялардың (жұмыстардың) еңбек сыйымдылығына әсер ететін факторлар белгіленеді.

Орындалатын функциялардың (жұмыстардың) ерекшелігіне қарай еңбек нормаларын белгілеу және дифференциациялау үшін норма құрау факторлары мыналар болып табылады:

1) жұмыстарды (функцияларды орындаудың ұйымдастыру-техникалық жағдайлары;

2) тікелей норма құраушы факторлар: шамалары қызметкердің функцияларды орындауының еңбек сыйымдылығын тікелей көрсететін заттай бірліктерде көрінетін және ресми және ведомстволық статистикада сандық көрініс табатын көрсеткіштер;

3) жанама және жалпыланған норма құраушы факторлар: шамалары қызметкердің функцияларды орындауының еңбекке сыйымдылығына әсер ететін ресми және ведомстволық статистикада сандық көрініс табатын көрсеткіштері;

4) табиғи-климаттық, экономика-географиялық және демографиялық факторлар: қызметкердің қызмет өткеретін жерінің ерекшеліктерін ескеретін факторлар.

8. Қызметкерлерге түсетін жүктеме нормативтерін әзірлеу нәтижелері бойынша мазмұны еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық актілерінде реттелетін еңбек нормаларының жинағы жасалады.

9. Құқық қорғау органдары оларда тиісті құрылымдық бөлімшелер болған кезде қызметкерлерге түсетін жүктеме нормативтерін өздері әзірлейді және (немесе) еңбек жөніндегі білікті мамандарды тартады не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларды әзірлеуге тапсырыс орналастырады.

Тартылатын мамандарға мынадай талаптар қойылады:

нормативтік материалдар әзірлеуді жүзеге асыратын басшы мен қызметкерлердің жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) білімі болуы (экономикалық, инженерлік-экономикалық, техникалық);

басшы мен қызметкерде кәсіби шеберлігін, білімін (диплом мен сертификаттар), ғылыми немесе практикалық қызметін, жұмыс орны туралы мәліметтерді, практикалық тәжірибесін, еңбек өтілін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де ақпаратты растайтын құжаттардың болуы.

10. Қызметкерлерге түсетін жүктеме нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша құқық қорғау органының бірінші басшысы бекітеді.

11. Қызметкерлерге түсетін жүктеме нормативтерін ауыстыруды немесе қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіпке сәйкес, сондай-ақ онымен келісім бойынша құқық қорғау органдары жүзеге асырады.

12. Қызметкерлерге түсетін жүктеме нормативтері қызметкерлерге түсетін нақты жүктеме мен олардың штаттық санын айқындау үшін, сондай-ақ қолданыстағы және қосымша бөлінген ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар жасап шығару үшін негіз болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба

Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Құқық қорғау қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-1-тармағын іске асыру мақсатында 

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды 

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру Республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындар қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу, әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін регламенттеу    

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкестендіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Талап етілмейді

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелерді) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында, интернет-порталында немесе басқа да ақпараттық жүйесінде) орналастырылуы туралы ақпарат

А.ж. 25 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілер порталында, сондай-ақ а.ж. 25 қазанда Бас прокуратураның ресми сайтында орналастырылды,  161,5 КБ (165 376 байт), түсіндірме жазба – 43,5 КБ (44 544 байт)

12.

Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз баянының мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) орналастырылуы туралы ақпарат (баспасөз баянының атауы, күні)  

Талап етілмейді

13.

Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді

14.

Ұсынылған халықаралық шарт жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат  

Талап етілмейді

 

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры  Ж. Асанов

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.