You are here

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

                                                                                                            Жоба

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

1-бап.Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат, № 21-III, 137-құжат; № 22-I,140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI,159-құжат):

1) Мазмұны мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын:

«380-1-бап. Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қол сұғу»;

2) 108-бабы алынып тасталсын;

3) 109-бабы алынып тасталсын;

4) 379-бапта:

1-бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;

2-бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Төтенше жағдай жарияланған жерлерде не терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған не жиналыстар, митингілер, пикеттер, көше шерулерін және демонстрациялар өткізу барысында құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган өкілінің, әскери қызметшінің өз қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты оларға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет, - »;

5) 380-бапта:

1-бөлігінің екінші абзацындағы:

«екі мыңға дейінгі» деген сөздер «бес мыңға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«екі жылға дейінгі» деген сөздер «бес жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-бөлікпен толықтырылсын:

«3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, бірнеше рет жасалған не Төтенше жағдай жарияланған жерлерде не терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған не жиналыстар, митингілер, пикеттер, көше шерулерін және демонстрациялар өткізу барысында құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган өкілінің, әскери қызметшінің өз қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты оларға қатысты жасалғанәрекет,

- жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

6) мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын:

«380-1-бап. Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қол сұғу

Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты оның не оның жақын туыстарының өміріне қол сұғу, –

он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

2.  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21,122-құжат):

1)  32-бабының 2-бөлігіндегі «108, 109,» деген сөздер алынып тасталсын;

2)  58-бабының 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, тәртіпте және шектерде, прокурор өз қаулысымен істерді өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте тергеуші өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды осыған уәкілеттік берілген прокурор жүзеге асырады.»;

3)  59-бабының 2-бөлігі мынадай мазмұндағы 10) тармақпен толықтырылсын:

«10) тергеушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне жасалған шағымдарды қарауға.»;

4)  60-бабының 8-бөлігіндегі «нұсқауларымен» деген сөздер «шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен)» деген сөздермен ауыстырылсын;

5)  62-бабындағы:

3-бөлігінің 3) тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Анықтау органының бастығы прокурордың шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол оларға жоғары тұрған прокурорға шағым жасауға құқылы.»;

4-бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:

«5) анықтаушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне жасалған шағымдарды қарауға.»;

6) 63-бабының 2-бөлігіндегі «Анықтау органының бастығы бекіткен» деген сөздер алынып тасталсын;

7) 105-бабының 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына не прокурорға берiледi. Прокурордың әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдар жоғары тұрған прокурорға берiледi. Өзiнiң жеке әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым түскен лауазымды адам шағымды өзiнiң түсiнiктемесiмен бiрге дереу тиiстi прокурорға жіберуге мiндеттi. Егер лауазымды адам шағымды негiздi деп есептесе, онда ол шағым жасалған әрекетiн (әрекетсіздігін) тоқтатады немесе шағым жасалған шешiмінің күшін жояды, бұл туралы прокурорға хабарлайды.»;

8)  148-бабында:

3-бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Күзетпен ұстауды санкциялауға байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу судьясы істің көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты материалдарын зерттеумен қатар, адамға қылмыс жасады деп күдік келтірудің негізділігін тексереді.»;

5-бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Прокурордың осы өтінішхатын қарау барысында күдікті, айыпталушы және олардың мүддесінде қорғаушы осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.»;

7-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Тергеу судьясы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санциялау туралы өтінішхатты қарау нәтижесі бойынша мынадай қаулылардың бірін шығарады:

1) күзетпен ұстауды санкциялау туралы;

2) екі ай мерзіміне күзетпен ұстауды санкциялау үшін жеткілікті негіздер болмаған жағдайда, он тәулікке дейінгі мерзімге күзетпен ұстауды санкциялау туралы;

3) күзетпен ұстауды санкциялаудан бас тарту туралы. Күзетпен ұстауды санкциялаудан бас тартқан жағдайда, тергеу судьясы өз бастамасы бойынша үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы;

4) осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге де бұлтартпау шарасын қолдану туралы.»;

9-бөлікте:

1) тармағындағы «жасады» деген сөзден кейін «қасақана» деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:

«3-1) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекеттерді жалғастыруы туралы деректер бар болған;»;

4)тармақта «кепіл» деген сөздің алдында «тергеп-тексерілетін қылмыстық іс бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 153-бабының 5-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Тергеу судьясы санкциялаған күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдауы кезінде бұлтартпау шарасының күшін жою прокурордың келісімімен жүргізіледі.»;

10) 187-бабында:

1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 184, 185, 186 (екінші бөлігінде), 255, 256, 257, 259, 260, 267, 270, 275, 291 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды жымқыруға не қорқытып алуға қатысты), 360, 373, 374, 375, 392 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 445 (екінші бөлігінде), 458 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208(екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде),  210(екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға, ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (үшiншi бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 439 (үшінші бөлігінде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 459 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ұрыс жағдайында жасалса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 362 (үшінші бөлігінде, төртінші бөлігінің 3-тармағында), 366 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 367 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды әскери қызметшілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің не арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаса, алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері жүргізуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзге баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды тергеп-тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеулігіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп алу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүргізуі мүмкін.»;

2-бөлігінде «380» деген сөзден кейін «, 380-1» деген сөздермен толықтырылсын;

11)  193-бабында:

1-бөлігінің 12)тармағындағы «не өз бастамасы бойынша» деген сөздер «не қылмыстық процесс қатысушыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 12-1) тармақпен толықтырылсын:

«12-1)Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 17-тарауында көделген азаптаулар, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

Бас Прокурор ерекше жағдайларда өз бастамасы бойынша осы Кодексте белгіленген тергеулікке қарамай, прокурорға сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді тапсыруға құқылы.»;

12) 486-бабының 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарларықылмыстық істі тиісті соттан кассациялық тәртіппен тексеру үшін талап етіп алдыруы мүмкін. Облыстың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарларының тапсырмасын орындау мақсатында не өз бастамасы бойынша сот шешімдерінің заңдылығын тексеру үшін талап етіп алдыруға құқылы.».

13)  527-бабының 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға, нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің басқа да дәлелдерін бекітетін тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізуге құқылы.

Осы Кодекстің 189-бабының төртінші бөлігі тәртібінде қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша анықтау тағайындалған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.».

3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24,145, 146-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжат; № 22-II, 144, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII,161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2,  9-құжат):

1) Мазмұны мынадай мазмұндағы 73-1 және 73-2-баптардың атауларымен толықтырылсын:

«73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру»;

«73-2-бап. Ұрып-соғу»;

2) 54-бабының 1-бөлігінің бірінші абзацында «73» деген сөзден кейін «, 73-1, 73-2» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 64-бабының 1-бөлігінде «73» деген сөзден кейін «, 73-1, 73-2» деген сөздермен толықтырылсын;

4) мынадай мазмұндағы 73-1 және 73-2-баптармен толықтырылсын:

«73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

1. Қысқа мерзімге денсаулық бұзылуына не жалпы еңбекке жарамдылықтың болмашы тұрақты бұзылуына әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, -

он айға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға не он тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, -

он бес тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамақ қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер, –

жиырмадан елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұл салуға әкеп соғады.

73-2-бап. Ұрып-соғу

1. Тән ауруына ұшырататын, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға не он тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –

он бес тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамақ қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер, –

оннан жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұл салуға әкеп соғады.»;

5) 684-бабының 1-бөлігінде «73» деген сөзден кейін «, 73-1, 73-2» деген сөздермен толықтырылсын;

6)  804-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасындағы «73» деген сөздер «, 73-1, 73-2» деген сөздермен толықтырылсын.

7) 

4.  «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж.,  № 18,84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):

1)    4-бабында:

10) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредiжәне сот актілерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:

«14-3) жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды;»;

2)    мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

«4-1-бап. Прокуратура органдарының міндеттері

Прокуратура органдары өз құзыреттері шегінде:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне елдегі заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат беруге;

2) Қазақстан Республикасының мүдделері үшін Конституцияға, осыЗаңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес, Республика аумағында заңдардың Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуын, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-іздестіру қызметінің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асыруға;

3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға шаралар қабылдауға;

4) құқық қорғау және арнайы органдардың құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруге;

5) прокуратура органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізуге, объективті және дәйекті статистикалық есептілік пен арнайы есепке алуды қалыптастыруға;

6) құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық зерттеулерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды үйлестіруге және жүзеге асыруға;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыруға міндетті.»;

3)    5-бабында:

2-тармағының  3-1) тармақшасы алынып тасталсын;

3-тармағындағы «құзыретті» деген сөз«уәкілетті» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Заңнаманың қолданылуын тексеру отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Тексеріс жүргізу туралы қаулы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда тіркеледі, онда оның тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі. 

Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеріс көлемінің айтарлықтай болуына байланысты, тексеріс жүргізу мерзімін прокурор (не оны алмастыратын тұлға) отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мұмкін.

Тексеріс мерзімдері ұзартылған жағдайда, прокурор міндетті тәртіпте құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексерісті ұзарту туралы қаулы ресімдейді, онда тексеріс белгілеу туралы алдыңғы қаулының нөмірі мен тіркеу күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.

Тексеріс бір айдан аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін.

Жүргізілетін тексеріс шеңберінде айтарлықтай маңызы бар мәліметтер мен құжаттарды шетелдік мемлекеттерден алу, арнайы зерттеулерді, сынақтарды, сараптамаларды осы бапта көрсетілген мерзімдерден артық мерзімге жүргізу қажет болған жағдайларда, тексеріс жүргізу мерзімі оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.

Тексеріс тоқтатыла тұрған не қайта басталған кезде тексерісті тоқтата тұру не қайта бастау туралы қаулы шығарылады, бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган хабардар етіледі.

Тоқтатыла тұрған тексерісті жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«Заңдылықтың жай-күйін талдау Конституцияның, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолданылуы туралы мәліметтер мен ақпараттар жинау, мониторингілеу және зерделеу арқылы тексеруді талап ететін жағдайларда жүргізіледі.

Заңдылықтың жай-күйін талдау прокурорлардың субъектілерге (объектілерге) баруынсыз жүргізіледі.»;

4) 8-бабының 3-тармағындағы «азаматтардың» деген сөз «жеке» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 1-бабындағы:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының, ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық қызметкерлерi және жұмыскерлері орындауға мiндеттi, Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру және оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларын іске асыру тәртiбiн реттейтiн бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады, өзінің орынбасарларына, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволар, мекемелер, білім беру ұйымдарының басшыларына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға өкілеттіктер береді;»;

4-1)-тармақшасында бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«прокуратура органдарында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудың тәртібін белгілейтін;»;

6) 18-бабының 1-тармағының 1) тармақшасынан«,заңға түсіндірме»деген сөздер алынып тасталсын;

7)  21-бабының 1-тармағының 4-тармақшасындағы «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 22-бабының 2-тармағындағы «нормативтік сипаттағы» деген сөздер алынып тасталсын;

9)  26-бабы алынып тасталсын;

10) 28-бабының 1-тармағының 1) тармақшасындағы «азаматтардың» деген сөз «және жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын.

11)  29-бабында:

1-тармағының 1) тармақшасындағы «тексеріс» деген сөзден кейін «не қаралатын өтініш» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокуратура органдары заңнамада белгіленген тәртіпте, айтарлықтай азаматтар санының әлеуметтік құқықтарына қатысты, физикалық, психикалық және басқа да кемістіктері себебінен өз құқықтарын өз бетінше қорғауды жүзеге асыра алмайтын азаматтар мүддесі үшін, сондай-ақ Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша өтініштерді қарайды.»

12)  Мынадай мазмұндағы 29-1 және 29-2-баптармен толықтырылсын:

«29-1-бап. Прокурордың міндеттері және тексерістерді жүзеге асырумен байланысты шектеулер.

1. Тексерістерді жүзеге асыру кезінде прокурорлар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) тексерілетін субъектіге тексеріс белгілеу туралы қаулыны, қызметтік куәлікті және қажет болған кезде мемлекеттік құпияларға қолжетімділікке рұқсатын көрсетуге;

3) осындай әрекеттер (актілер қабылдау) жасау заң бұзушылықтарды болдырмау, жолын кесу және жою үшін қажет болатын, және бұл мақсаттарға басқа әрекеттер мен актілер арқылы қол жеткізу мүмкін емес жағдайларды қоспағанда, тексерілетін субъектілердің қалыпты жұмыс істеуі үшін кедергі келтіретін әрекеттер мен актілерге жол бермеуге;

4) тексеріс нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

2. Тексерісті тек тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілген прокуратураның қызметкері ғана жүргізе алады.

3. Тексеріс тексерілетін субъектінің (объектінің) ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүргізіледі. Заң бұзушылықтар тікелей жасалған сәтте олардың жолын кесу қажет болған жағдайларда, тексеріс негізгі уақыттан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.

4. Тексерісті жүзеге асыру кезінде прокурор:

1) егер олар тексеріс объектілері болып табылмаса немесе тексеріс нысанасына жатпаса, құжаттар, ақпарат беруді талап етуге;

2) тексеріс жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыруға;

3) тексерілетін субъектілердің есебінен шығынды сипаттағы іс-шаралар жүргізуге құқылы емес.

29-2-бап. Тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері.

1. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері прокурорлар тексерісті жүзеге асыру кезінде:

1)тексерістағайындау туралы қаулы болмаған;

тексерілетін субъектіге тексеріс тағайындау туралы қаулы ұсынылмаған;

бұндай тіркеу міндетті болған кезде, тексеріс тағайындау туралы қаулыны құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеусіз тексеріс жүргізілген;

осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеріс тағайындау туралы қаулыда көрсетілген мерзімдер асып кеткен не аяқталған;

тексеріс жүргізу оған тиісті өкілеттіктері жоқ тұлғаларға тапсырылған;

тексеріс мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен артық ұзартылған жағдайларда, объектіге тексеріс жүргізу үшін келген прокуратура органдарының лаузымды тұлғаларын тексеріске жібермеуге;

2) егер олар жүргізілетін тексеріс нысанасына жатпаса не актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, мәліметтер бермеуге;

3) осы Заңда белгіленген тәртіпте тексеріс тағайындау туралы қаулыға және тексеріс нәтижелеріне, сондай-ақ прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы;

2. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері прокуратура органдары тексеріс жүргізген кезде:

1) прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының тексерілетін субъектінің аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) коммерциялық, салық не басқа да құпияны сақтау бойынша талаптарды сақтай отырып, прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларына тексеріс нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық тасымалдауыштарда құжаттар (мәліметтер) беруге, сондай-ақ тексерістің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

3) тексеріс тағайындау туралы қаулының екінші данасына танысқандығы және алғандығы туралы қол қоюға;

4) жүргізілген тексеріс нәтижелері туралы анықтаманың екінші данасына танысқандығы және алғандығы туралы қол қоюға;

5) осы объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан объектіге тексеріс жүргізу үшін келген тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

6) жүргізілетін тексеріс кезеңінде жұмыс орнында болуға міндетті.»;

13) 43-бабының 4) тармақшасында «істер» деген сөздерден кейін «және басқа да атқару құжаттары» деген сөздермен толықтырылсын;

14) 44-бабы мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

«9) атқарушылық іс жүргізу органдарына атқарушылық құжаттарды орындау мәселелері бойынша жазбаша нұсқаулар беруге;

10) жеке сот орындаушысының іс жүргізуінен атқарушылық құжатты алуға және оны заңда белгіленген негіздер бойынша, орындау үшін мемлекеттік сот орындаушысына беруге.»;

15) 46-бабының 1-) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға, оны анықтау немесе тергеу органына тергеп-тексеру жүргізу үшін беруге не оны қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген жағдайларда, тәртіпте және шектерде өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы;».

5.  «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат;2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12,  53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат;  № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат):

22-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында» деген сөздермен толықтырылсын.

6. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11,102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат):

1) 6-бабы мынадай мазмұндағы  12-6) тармақшамен толықтырылсын:

«12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, сақтауды және беруді жүзеге асырады.»;

2) 12-бабының 3-тармағы мынадай мазмұндағы 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«16-2) туыстарымен байланысын жоғалтқан адамдарды;

16-3) өзі туралы нұсқаушы деректер бере алмайтын адамдарды;».

7.  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж.,  № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23,24-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16,128-құжат; № 18,142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72-құжат, 75; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжат; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I,9-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат;№ 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжат; № 23-II, 170, 172-құжат):

1)  50-бабының 1-тармағының екінші абзацы «арнаулы атақтары» деген сөздерден кейін «, сыныптық шені» деген сөздермен толықтырылсын.

8.  «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34-құжат, 36; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8;49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16; 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-V,154-құжат):

1) 10-бабының 1-бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.»;

2) 20-бабының 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметтік куәліктің сипаттамасын және жетондардың үлгілерін, сондай-ақ оларды беру тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.»;

3) 44-бабының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу демалысын бере отырып оқыту.»;

4)  46-1-бабындағы:

2-тармағы мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10 және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жұбайы (зайыбы) шетелге шығатын кезеңге бірге жүретін отбасы мүшесі ретінде жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы баянатпен жүгінуі;

8) қызметкердің судьялыққа кандидат болып тағылымдамадан өту үшін жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы баянатпен жүгінуі;

9) қызметкердің жүктілік және бала туу бойынша демалысқа, жаңа туған бала (балалар) асырап алған қызметкердің демалысқа шығуы;

10) қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа шығуы;

11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда,  осы Заңның 65-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын түрлі аурулар бойынша қызметкердің еңбекке жарамсыздығы.»;

3-тармағында:

екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«осы баптың екінші тармағының 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған қызметкерлердің қарамағында болу мерзімі, заңнамаға сәйкес айқындалады.»;

үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы баптың 2-тармағының 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қарамағына есепке алынған қызметкерді қоспағанда, құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты, ал осы заңда көзделген жағдайларда, ақшалай ризық  сақталады.»;

төртінші абзацында «білім беру ұйымдары;» деген сөздерден кейін «күзетпен ұстау уақыты» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы баптың 2-тармағының 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қарамағына есепке алынған қызметкерлерді қоспағанда, құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге, құқық қорғау органының белгіленген күн тәртібі толық көлемде таратылады.»;

6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы баптың 2-тармағының 7), 8), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қарамағына есепке алынған қызметкерлерді қоспағанда, құқық қорғау органының қарамағында тұрған және атқаратын лауазымынан босатылған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге пайдаланылмаған демалысы берілуі мүмкін. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытына оларға ақшалай ұстау, қарамағында болу мерзіміне қарамай, құқық қорғау органының қарамағына есепке алыну күніне негізгі лауазымы бойынша алынатын мөлшерде төленеді.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Осы баптың 2-тармағының 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған қызметкерлерге, соңғы жұмыс орны (лаузымы) сақталады.»;

5) 48-бабының 2-тармағының 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Аттестаттауға жататын қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлауын анықтау үшін компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі – шекті мәндер) құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілеріндебелгіленеді.»;

6)  65-бабының 3-1-тармағындағы «шығарып беріледі» деген сөздер «есепке алынады» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 77-бабының 3-тармағының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жүктілігі және босануы бойынша, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алу бойынша демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде қызметкер тиісті органның немесе мекеменің қарамағына есепке алынады. Жүктілігі және босануы бойынша, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алу бойынша демалыс, үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша жалақысы сақталмай берілетін демалыс уақытында қызметкердің соңғы жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алу бойынша демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбын беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.»;

8) 81-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жұмыстан шығарылатын қызметкерлер, сондай-ақ құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар қызметтік куәлігін тапсырады. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге құқық қорғау органдарының зейнеткері куәлігі беріледі. Зейнеткердің қызметтік куәлігінің сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.».

9. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат):

6-бабының 2-тармағының 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, сондай-ақ полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың фототүсірілім мен бейнежазба жасауына (өз құқықтарын және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қорғау мақсатында фототүсірілім мен бейнежазбаны жүзеге асыратын адамдардан басқа) тыйым салуға. Осы талаптар орындалмаған жағдайда, тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға;».

10. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына:

1) 58-бабының 4-тармағындағы «осы Заңның 60-бабының 1-тармағындакөзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздер алынып тасталсын;

2)  59-бабының 3-тармағы алынып тасталсын;

3)  60-бабының 1-тармағы алынып тасталсын;

4)  62-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың талаптары осы Заңның 60-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.».

2-бапОсы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті

 

ТіркемеКөлем
Салыстырмалы кесте133.71 KB

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.