You are here

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесінің негізгі элементтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (01 маусым 2016 ж.)

Жоба

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
құқық қорғау жүйесінің негізгі элементтерін жетілдіру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заң жобасына
тұжырымдама

1. Заң жобасының атауы.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесінің негізгі элементтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы).

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі.

Мемлекет басшысынының құқық қорғау жүйесінің негізгі элементтерін жетілдіру мәселелері бойынша тапсырмасын орындауына сәйкес Жоспарланған іс шараларын жүзеге асыру мақсатында (____ мақүлданған_____ ),қылмыстық қудалау және прокуратура органдарының негізгі өкілеттіктерін неғұрлым айқын тәптіштеу туралы шешім қабылданды.

Жаңа қылмыстық-процестік заңнама жағдайларындағы жұмысты талдау қылмыстық қудалау органдарының қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өз функцияларын, оның ішінде прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру, тергеушіге прокурордың шешімдері мен әрекеттеріне жоғары тұрған прокурорға шағым беру құқығын беру, сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істер бойынша баламалы тергеулікті кеңейту, тергеу судьясына күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені қарау кезінде күдіктің негізділігін тексеру құқығын беру бөлігіндегі функцияларын іске асыру тетіктерін жетілдіру және нақтылау қажеттігін көрсетті.

Аталған тәсілдер Қылмыстық-процестік кодекске «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы»,«Білім туралы» және «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңдарға, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңнамалық түзетулер енгізуді талап етеді.

Осыған орай мыналар қажет:

Бірінші. Прокурор Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына кез келген негіздегі қылмыстық істерді прокуратура органдарының қабылдау жағдайларын айқындау құқығын сақтай отырып, қылмыстық істерді тергеп-тексере алатын негіздерді заңнамалық түрде бекіту.

Екінші. «Прокуратура туралы» Заңда тиісті қадағалау салаларында, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық саладағы прокуратура органдарының өкілеттіктерін неғұрлым толық айқындау. Тиісті заңдарда өзге де құқық қорғау және арнайы органдардың құқықтары мен міндеттерін айқындау.

Үшінші.«Прокуратура туралы» Заңда және қажет болған жағдайда өзге де заңнамалық актілерде Бас Прокурордың жалпы заңнама жүйесіне қатысты қылмыстық-процестік нормалар мен жедел-іздестіру туралы заңнаманы қолдану мәселелері жөніндегі нормативтік нұсқауларының құқықтық мәртебесін және соның ішінде олардың нормативтік-құқықтық актілермен ара қатынасын айқындау.

Төртінші.Тергеушіге прокурордың кез келген шешімдері мен әрекеттеріне жоғары тұрған прокурорға шағым беру құқығын беру.

Бесінші.Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау рәсімін жеңілдету, оның ішінде тиісті өтінішхатты қарау кезінде процестік шығындарды және судьяның құзыретін кеңейту арқылы жеңілдету.

Алтыншы. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен қатар, арнайы органдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық туралы істерді тергеп-тексеру құқығын беру.

3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары.

Заң жобасының мақсаты құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру және құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттерін тәптіштеу болып табылады.

4. Заң жобасын реттеудің мәні.

Заң жобасын реттеудің мәні прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық сот ісі мен қызметті реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.

5. Заң жобасының құрылымы.

Заң жобасы Қылмыстық-процестік кодекске, «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» «Білім туралы» және«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

6. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатан құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар.

Заң жобасын қабылдау теріс және басқа да жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

7. Өзге заңнамалық актілерді әзірленіп отырған жаң жобасына бір мезгілде (кейін) сәйкестендіру қажеттілігі.

Заң жобасы тиісті кодекстер мен заңдарға өзгерістер енгізуді қамтиды.

8. Заң жобасы мәнінің өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі.

Қазіргі уақытта оларға енгізілген тиісті өзгерістермен және толықтырулармен Қылмыстық-процестік кодекс, «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» және «Білім туралы» Заңдар қолданылады.

9. Қаралатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің бары.

Тергеуліктің тергеулікті ажырату бөлігіндегі халықаралық тәжірибені талдау посткеңестік елдердің ҚПК-нде прокурордың белгілі бір санаттағы істі тергеп-тексеру құқығы заңнамада бекітілгендігін көрсетті (Белоруссия, Молдова,Қырғызстан)

Белоруссияның ҚПК-і бойыншапрокурартураның тергеушілері Өкілдер палатасының депутаттарына, Республика Кеңесінің, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының мүшелеріне, жауапты орындарда отырған лауазымды тұлғаларға, Беларусь Республикасы ішкі істер және Мемлекеттік бақылау комитеті қаржылық тексеру органдарының қызметкерлеріне қатысты, олардың қызметтік және кәсіби қызметіне байланысты, әскери қызметші мәртебесі қолданылатын тұлғларға, сондай-ақ Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің және басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының азаматтық қызметкерлеріне қатысты олардың қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты істер бойынша, сондай-ақ сот төрелігіне, басқару тәртібіне, қоғамдық қауіпсіздікке және басқаларына қарсы жекелеген қылмыстарды алдын ала тергеуді жүзеге асырады.

Молдова Республикасындапрокурордың құзыретіне Молдова Республикасының Президентіне, депутаттарға, Үкімет мүшелеріне, судьяларға, сот орындаушыларына, қылмыстық қудалау жөніндегі офицерлерге, полиция және арнайы іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексеруді жүзеге асыру кіреді.

Прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған прокурорға шағым беру бөлігіндегі халықаралық тәжірибені талдау тиісті нормалардың посткеңестік кеңістік елдерінің көпшілігінде (Эстониядан, Молдовадан басқа)көзделгендігін көрсетті.

Грузияның, Латвияның, Беларусь пенӘзірбайжанның ҚПК-і бойынша тергеуші тиісті уәждерді көрсете отырып, жоғары тұрған прокурорға өз бетінше шағым беруге құқылы.

Украина менРесей Федерациясының ҚПК-і бойынша тек сотқа дейінгі тергеп тексеру органы (тергеу органы) басшысының келісімімен ғана тергеуші прокурордың шешіміне жоғары тұрған прокурорға шағым беруге құқылы.

Осы елдердің ҚПК-інде жоғары тұрған прокурорға шағым беру үшін мәселелер тізбесі шектелген.

Грузия, Латвия мен БеларусьҚПК-інде қылмыстық іс бойынша тек прокурордың нұсқауларына ғана шағым берілуі мүмкін.

Ресей ФедерациясыныңҚПК-і бойынша айыпталушылардың әрекеттерін саралау, айыптау қорытындысын қайта жасау, басқа да кемшіліктерді жою мәселелері бойынша қосымша тергеу ісін жүргізу үшін істі қайтару туралы прокурор шешіміне шағым берілуі мүмкін.

УкраинаҚПК-і бойынша тергеу және немесе жасырын тергеу (іздестіру) амалдарын жүргізу туралы өтінішхатпен тергеу судьясына берілген өтінішті келісуден бас тартуға шағым берілуі мүмкін.

Әзірбайжанның ҚПК-і бойынша адамды айыпталушы ретінде тарту, бұлтартпау шарасын қолдану, өзгерту немесе күшін жою, қылмысты саралау, айыптау көлемі, істі тоқтату немесе оны сотқа жіберу мәселелері бойынша прокурордың нұсқауына, сонымен қатар қаулысына жоғары тұрған прокурорға шағым берілуі мүмкін.

10. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Бұл заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджет шығындарына әкеп соқпайды.

 

Тұжырымдама жобасына ұсыныстар мен ескертулер бір ай ішінде қабылданады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.