You are here

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы (30 мамыр 2016 ж.)

Жоба

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 40-бабының 2-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

2.Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы «___» маусымдағы
№___ қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары
қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.Осы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін әзірлеудің және бекітудің тәртібін белгілейді.

2.Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар:

жүктеме нормативі – қызметкер белгілі бір ұйымдастыру-техникалық жағдайларда жұмыс уақытының бірлігін (адам-сағат) орындауы тиіс жұмыс көлемі;

еңбек жөніндегі уәкілетті орган –  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік-еңбек саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органы;

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және бюджет жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар жасап шығаруды, сондай-ақ бюджеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасап шығаруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

құқық қорғау органдары – прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі.

3.Жүктеме нормативтерін әзірлеудің және бекітудің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, еңбек жөніндегі уәкілетті органның құқықтық актілері және өзге де құқықтық актілер құрайды.

2. Жүктеме нормативтерін әзірлеу тәртібі

4.Жүктеме нормативтерін құқық қорғау органдары олардың қызметінің ерекшелігіне қарай, өз бетінше әзірлейді.

5.Жүктеме нормативтері құқық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелері қызметінің бағыттарына қарай бөлінеді (жедел, тергеу, патрульді-бекеттік, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадрлық, мемлекеттік құпияларды сақтау, арнайы және т.с.с.).

6.Жүктемелер нормативтерін әзірлеу кезінде мынадай өлшемшарттар ескеріледі:

1) қызмет өткеру жағдайлары.

Бұл өлшемшартқа құқық қорғау органдары қызметкерлері қызметінің қауіп-қатермен және адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен байланысты ерекшеліктері кіреді;

2) қаралатын (тергеп-тексерілетін) істердің саны мен күрделілігі.

Өлшемшарттар анықтау органдары, тергеу бөлімшелері үшін басым түрде пайдаланылады және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс жүргізуінде тұрған істердің сипатын (құқық бұзушылықтардың түрлеріне, олардың ауырлығына қарай істердің санаттары және т.с.с.) ескеруі тиіс;

3) қызмет өткеретін жердің ерекшеліктері.

Жердің аумақтық-әкімшілік құрылысы, мекендейтін тұрғындардың тығыздығы мен өмір сүру деңгейі, табиғи-климаттық жағдайлар, экология ахуалы, аумақтың шекарамен шектес болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жүктемесін айқындайтын міндетті факторлар болып табылады;

4 )белгілі бір аумақтағы криминогендік ахуал.

Жердің нақты аудандары кесініндегі қылмыстылық деңгейі және осы аудандарда басым түрде жасалатын құқық бұзушылықтардың түрлері туралы мәліметтер ескерілуі тиіс өлшемшарттар;

5) тиесілік нормаларына қарай құқық қорғау қызметтерінің материалдық-техникалық қамсыздандырылуы және олардың ақпараттық-техникалық құралдармен жарақтандырылуы;

6) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметте қару-жарақ, өзге де қорғау құралдарын, сондай-ақ арнайы техниканы падалануы.

7.Жүктемелер нормативтерін әзірлеуге еңбек жөніндегі білікті мамандар тартылуы мүмкін.

Мамандардың біліктілігі:

1) жүктеме нормативтерін әзірлеуді жүзеге асыратын басшы мен қызметкерлердің жоғары білімінің (экономикалық, инженерлік-экономикалық, техникалық);

2) басшы мен қызметкерлердің кәсіби біліктерін, білімін (диплом, сертификат), ғылыми және практикалық қызметін растайтын құжаттардың, жұмыс орны туралы мәліметтердің, осы саладағы өндірістік тәжірибесі мен еңбек өтілінің болуымен расталады.

8.Жүктеме нормативтерін әзірлеу ғылыми-зерттеу деректеріне және функционалдық және лауазымдық міндеттерді талдауға негізделуі тиіс.

9.Жүктеме нормативтерін әзірлеу процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

1) қызметкерлер орындайтын жұмыстардың тізбесін белгілеу;

2) нормативтер әзірленетін қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін белгілеу;

3) әдістемелік және нормативтік материалдарды, әдебиетті, құқықтық актілерді, қызметкерлердің жұмыстарды орындау тәртібі туралы мәліметтерді, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, лауазымдық міндеттерді зерделеу;

4) ұйымдастыру-техникалық жағдайларын және жұмыс орындарында жұмысты орындау әдістерін алдын ала зерделеу;

5) жұмыс нәтижелерін көрсететін статистикалық мәліметтерді зерделеу;

6) байқау жүргізу үшін жұмыс орындарын таңдау және жұмыс орындарында іріктеме түрінде жекелеген өлшемдер жүргізу;

7) еңбек шығындарының мөлшеріне әсер ететін факторларды анықтау;

8) хронометраждық, фотохронометраждық, жұмыс күнінің фотосуреттерін байқау және өзге де зерттеу жұмыстарын жүргізу;

9) еңбек шығындарының мөлшеріне әсер ететін негізгі фактілер тізбесін нақтылау;

10) әсер ететін факторлар мен еңбек шығындары мөлшерлерінің мәндері арасындағы тәуелділіктің эмпирикалық формулаларын шығару;

11) нормативтік мөлшерлер есептерін жүргізу;

12) өндірістік жағдайларда әзірленген жобаны (жүктеме нормативтерін) апробациялау тәртібі туралы нұсқамалық материалдар дайындау;

13) апробация нәтижелерін өңдеу және жүйелеу;

14) қосымша материалдар жинау (апробациядан кейін).

3. Жүктеме нормативтерін бекіту тәртібі

10. Әзірленген жүктеме нормативтерін:

1) прокуратура органдары үшін – Қазақстан Республикасының Президенті;

2) ішкі істер органдары үшін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі сондай-ақ жергілікті полиция қызметі басшысының ұсынымы және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімімен келісім бойынша жергілікті полиция қызметі үшін жүктеме нормативтерін бекітеді;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі;

4) экономикалық тергеу қызметі үшін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бекітеді.

11. Әзірленген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін құқық қорғау органдары еңбек жөніндегі, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен келіседі.

Ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне жүктеме нормативтері сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісіледі.

4. Қорытынды ережелер

12. Жүктеме нормативтері құқық қорғау органдарында орындалатын жұмыстарды стандарттау, қызметкерлер қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін басқару жүйесін енгізу, сондай-ақ олардың штаттық санын оңтайландыру үшін негіз болып табылады. 

 

«Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Құқық қорғау қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-1-тармағын іске асыру мақсатында 

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды 

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру Республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындар қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктеме нормативтерін әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін регламенттеу    

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкестендіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Талап етілмейді

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелерді) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында, интернет-порталында немесе басқа да ақпараттық жүйесінде) орналастырылуы туралы ақпарат

А.ж. «___» мамырында ашық нормативтік құқықтық актілер порталында, сондай-ақ а.ж. «___» мамырында Бас прокуратураның ресми сайтында орналастырылды,  124,0 кб (126 976 байт): түсіндірме жазба – 42,5 кб

12.

Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз баянының мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) орналастырылуы туралы ақпарат (баспасөз баянының атауы, күні)  

Талап етілмейді

13.

Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді

14.

Ұсынылған халықаралық шарт жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат  

Талап етілмейді

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

Қаулы жобасына ұсыныстар мен ескертулер он күн ішінде күтіледі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.