You are here

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы
арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек
туралы шартты ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы
арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек
туралы шартты ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

№ п/п

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды тудырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Осы Шарт тиісті жылдың республикалық бюджетінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына көзделген қаражат есебінен және оның шеңберінде жүзеге асырылатын болады

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділгі

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы өзара негізде қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді, ол қылмыспен күрес саласындағы екі мемлекет ынтымақтастығының тиімділігін арттырады

6.

Жобада қаралатын Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған мәселелері бойынша актілер туралы мәліметтер және іске асырылатын нәтижелер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы               20 тамыздағы № 70 Жарлығы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша оны басқа ұйымдарда жүргізілген жағдайда қосымша сараптаманың нәтижелері (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті РМК-нің 2015 жылғы 29 маусымдағы №1-9-2470 ғылыми құқықтық сараптамасы, «Қазақстан Республикасының Заң шығару» ММ-нің 2015 жылғы 3 шілдедегі №18-071998 ғылыми лингвистикалық сараптамасы

9.

Өзге де мәліметтер

Басқа мәліметтер жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

http://prokuror.gov.kz

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоқ

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Ратификациялауға жатады

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

2016 жылғы «        » _____________

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы
арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек
туралы шартты ратификациялау туралы

2016 жылғы  24 тамызда Белградта жасалған Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы
арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек
туралы шартты ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
түсіндірме жазба

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) 2016 жылғы 24 тамызда Белград қаласында қол қойылған.

Шарт Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мәселелерін реттейді.

Құқықтық көмектің көлемі өзіне келесі іс-шараларды: адамдардың немесе заттардың орналасқан жерін анықтауды және оларды сәйкестендіруді; қылмыстық іс жүргізуге қатысы бар құжаттар мен материалдарды табыс етуді; Сұрау салушы Тараптың әділет құзыретті органының алдына өз еркімен келуі үшін куәларды, жәбірленушілерді, күдіктілерді, айыпталушыларды және сарапшыларды шақыруды; құжаттарды, материалдар мен дәлелдемелерді алуды және беруді; жауап алу жүргізуді және айғақтар алуды; күзетпен ұсталатын адамдардың айғақтарын алу немесе басқа да процестік әрекеттерге қатысуы үшін оларды уақытша беруді; құжаттарды немесе заттарды қарап тексеруді; тінтуді жүзеге асыруды, дәлелдемелерді алып қоюды және активтерді тәркілеуді; ұлттық заңнама бойынша ақпарат алмасуды және Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін кез келген басқа да нысанын қамтиды.

Шарт тиісті жылдың республикалық бюджетінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына көзделген қаражат есебінен және оның шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес Шарт ратификациялауға жатады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасының    Үкіметі «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»        Қазақстан Республикасы Заңының 11 және 13-баптарына сәйкес «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді.

Аталған Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен
Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша
құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»

Заңын қабылдаудың мүмкін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық салдардың болжамы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес әзірленген.

Шартқа сәйкес Тараптар өзара негізде және онда көрсетілген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық істер бойынша бір-біріне құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді.

Шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттырады.

Осы заң жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатты талап етпейді және теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет жүйесінде
заң жобасын талқылау нәтижелері туралы анықтама

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен 2016 жылғы 24 тамызда Белград қаласында қол қойылған.

Шарт Сербия Республикасымен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмекті алу мен көрсету мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеу арқылы қылмыстылыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.

Шартты жүзеге асыру Сербия Республикасымен қылмысқа қарсы күрестегі оң халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа әкеледі.

Шарт туралы және оған қол қою туралы ақпарат келесідей сайттарда орналастырылған:

www.prokuror.gov.kz (24.08.2016)

www.today.kz (24.08.2016)

www.dailynews.kz (24.08.2016)

www.thenews.kz (24.08.2016)

www.24.kz (24.08.2016)

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы
арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек
туралы шартты ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ

1

Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы)

Қазақстан Республикасының Үкіметі

2

Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

Құрылған жоқ

3

Заң жобасы жөніндегі бас комитет

 

4

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні

 

5

Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары

 

6

Заң жобасының ғылыми сараптамасы

 

Мынадай қорытындылар бар:

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті РМК-нің ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысы

2) «Қазақстан Республикасының Заң шығару» ММ-нің ғылыми лингвистикалық сараптамасының қорытындысы

Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

Ғылыми құқықтық сараптама бойынша 3 ескерту қабылданды, 2 ескерту қабылданған жоқ

Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

Ғылыми құқықтық сараптаманың ескертулерін қабылдамаудың негіздемелері қоса берілді

7

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары

Өткізілген жоқ

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулер

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

 

8

Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

 

9

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге

10

Балама жобалардың бар-жоғы

Жоқ

11

Қазақстан Республикасы Парламентінің Заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

12

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган

 

13

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі

Шығарылған жоқ

14

Комитеттің Заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)

 

15

Қазақстан Республикасы Парламентінің Заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

16

Заңның күшіне енетін уақыты

 

17

Өзге де белгілер

 

 

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер
бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасының анықтама парағына
ҚОСЫМША

Р/с №

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті РМК-ның ұстанымы

Бас прокуратураның ұстанымы

Халықаралық шартты жақсарту жөніндегі ұсынымдар

1.

Тармақтарда бөлікте номинативтік баяндалған жобасын  1 баптың 2 тармағының  ретінде барлық тармақшалар «d» т. қоспағанда., және сондықтан жалпы тәртiппен осы техникалық олқылық алып ұсынамыз.

Осылайша, «бас бостандығынан айыру жазасын өтеп ұсталған және тұлғалардың уақытша беру» орнына, "ұсталған және тұлғалардың уақытша аудару" болуы тиіс, бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер».

Қабылданбайды. Шарттың 1-бабы 2-тармағының ұсынылып отырған редакциясы оның мағыналық мазмұнын өзгертпейді.

2.

Жобаның 7 бабының 2 тармақ стилистикалық кездейсоқ құрастырылған: «Сұратылған Келісілген мемлекет сұратуға құқылы ...кез келген ақпаратты немесе дәлелдемелерді қолдануға болмайды …».

Белгіленген кемшіліктерді жою мақсатында мынадай мазмұндағы тиіс: «Сұратылған Келісілген Мемлекет сұрауға құқылы … кез келген ақпаратты немесе дәлелдемелерді қолдануға болмайды …».

Қабылданды. Бар жаңылыс жазулар жойылды.

3.

Жобаның 13 бабының 2 тармағында мынадай мазмұнда:: «Ол Келісілген Мемлекеттiң аумағында тыйым салу немесе тәркілеу бұл қылмыс, мылтық қылмыс, заттар мен құжаттарды түсімдер, сондай-ақ қолма-қол ақша, пәндік белгілі болды, онда, бұл туралы басқа Келісілген Мемлекет хабардар болуы мүмкін», «мүмкін» сөзі жіберілген  «бұл туралы мүмкін» және «ақпараттандырылған» сөздер арасында». Басқаша айтқанда, толық фраза бұл туралы хабардар болады «бұл туралы ақпараттандырылуы мүмкін».

Қабылданды. Бар жаңылыс жазулар жойылды.

4.

Жобаның 13 бабының 2 тармағының логикалық мағынасынан шыға, «егер белгілі болған жағдайда, кірістер, қылмыстық жолмен алынған, қылмыс заты, заттар мен құжаттар, сондай-ақ қолма-қол ақша, тәркілеуге немесе алуға жататын, Келісілген Мемлекеттердің біреуінің аумағында болған», басқа Келісілген Мемлекет,ең алдымен, міндетті түрде   хабардар болуы тиіс, мағынасын бойынша нормалар, бұл хабардар мемлекеттің қалауы бойынша  жүзеге асырылады.

Осы міндетті ақпаратты жасау үшін, біз формула  орнына қолдануды ұсынамыз «хабардар болуы мүмкін» заңдық күші тұжырымы «хабардар болуы мүмкін».

Жобаның 13 бап 2 т. ұсынылған басылымы: «егер белгілі болған жағдайда, кірістер, қылмыстық жолмен алынған, қылмыс заты, заттар мен құжаттар, сондай-ақ қолма-қол ақша, тәркілеуге немесе алуға жататын, Келісілген Мемлекеттердің біреуінің аумағында болған, басқа Келісілген Мемлекет,ең алдымен, міндетті түрде   хабардар болуы тиіс».

Қабылданбайды. Серб тарапы Шарттың 13-бабы 2-тармағының ұсынылып отырған редакциясынан бас тартты.

5.

Шарт жобаның 22 бабының 2 тармағында  артық бөлшектердің түрінде техникалық қате бар «по» «күшіне енеді» сөздер арасында және «алғаннан кейін»: «Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және алғаннан кейін күшіне енеді …».

Қабылданды. Бар жаңылыс жазулар жойылды.

 

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы
қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы
шартты ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

№п/п

Мемлекеттік органның атауы

Т.А.Ә.

Қолы

1.      

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

 

 

2.      

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

 

 

3.      

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

 

4.      

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

 

 

5.      

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

 

 

6.      

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

 

 

7.      

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 

 

 

8.      

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

 

 

9.      

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

 

 

 

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы
қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы
шартты ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Алынған күні

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтарылған күні

1

2

3

4

5

 

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының
(Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің)
жобасына қоса берілетін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

Р/с № 

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.

ҚР Үкіметі қаулысының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) жобасы

 

 

2.

Жобаға түсіндірме жазба

 

 

3.

Жіберу көрсеткіші

 

 

4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері\

 

 

5.

Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) көшірмесі

 

 

6.

Мемлекеттік орган басшысының Міндеттерін  уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі

 

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.