You are here

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы
арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты
ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі  
Б. Сағынтаев

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

№ п/п

Түсіндірме жазбада

көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды тудырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Осы Шарт № 001 «Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға бағынысты актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Қаралудағы жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша шағындарды қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділгі

Сербия соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан азаматтарын және Қазақстан соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған Сербия азаматтарын бұдан әрі жазасын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беру

6.

Жобада қаралатын Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған мәселелері бойынша актілер туралы мәліметтер және іске асырылатын нәтижелер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 71 Жарлығы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша оны басқа ұйымдарда жүргізілген жағдайда қосымша сараптаманың нәтижелері (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да)

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті» РМК 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1-9-2462 ғылыми құқықтық сараптамасы, «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ-нің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 18-07/999 ғылыми лингвистикалық сараптамасы

9.

Өзге де мәліметтер

Басқа мәліметтер жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

http://www.prokuror.gov.kz

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоқ

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Ратификациялауға жатады

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

2016 жылғы «        » _____________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы
сотталған адамдарды беру туралы шартты
ратификациялау туралы

2016 жылғы 24 тамыздағы Белградта жасалған Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті
 

Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
түсіндірме жазба

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) 2016 жылғы 24 тамызда Белград қаласында қол қойылған.

Шарт Сербия Республикасы соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасы азаматтарын және Қазақстан Республикасы соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған Сербия Республикасының азаматтарын бұдан әрі жазасын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беруді іске асыруға бағытталған.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес Шарт ратификациялауға жатады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 және 13-баптарына сәйкес «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді.

Келісімді ратификациялау кезінде оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі  
Б. Сағынтаев

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасының Заң жобасына
Анықтама парақ

1

Заң жобасының бастамашысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі.

2

Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

Ұйымдасқан жоқ.

3

Заң жобасы жөніндегі бас комитет

 

4

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні

 

5

Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары

 

6

Заң жобасының ғылыми сараптамасы

 

Мынадай қорытындылары бар:

1) «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК жүргізген ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысы;

2) «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ жүргізген ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы.

Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

Ғылыми құқықтық сараптама бойынша 1 ескерту қабылданды, 2 ескерту қабылданған жоқ.

Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

Ғылыми құқықтық сараптаманың ескертулерін қабылдамаудың негіздемелері қоса берілді.

7

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары

Өткізілген жоқ.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

 

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

 

8

Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілген өзгерістермен толықтырулар

 

9

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге.

10

Балама жобалардың бар-жоғы

Жоқ.

11

Қазақстан Республикасы Парламентінің Заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

12

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымда дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган

 

13

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі

Шығарылған жоқ

14

Комитеттің Заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)

 

15

Қазақстан Республикасы Парламентінің Заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

16

Заңның күшіне енетін уақыты

 

17

Өзге де белгілер

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен
Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңын қабылдаудың мүмкін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық салдардың болжамы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңның жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес әзірленген.

Шартқа сәйкес Тараптар бір-біріне Тараптар соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды, бұдан әрі жазасын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беруге міндеттенеді.

Шартпен сотталған адамдарды беру мен одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген.

Шартты ратификациялау сотталған адамдардың өздерінің азаматтығы тиесілі қоғамына қайта араласуына жәрдемдеседі.

Осы заң жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатты талап етпейді және теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет жүйесінде заң жобасын талқылау нәтижелері туралы анықтама

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа Қазақстан Республикасы Президентінің Сербия Республикасына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен 2016 жылғы 24 тамызда Белград қаласында қол қойылған.

Шарт Сербия Республикасы соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасы азаматтарын және Қазақстан Республикасы соттарымен бас бостандығынан айыруға сотталған Сербия Республикасы азаматтарын бұдан әрі жазасын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беру мақсатында әзірленген.

Шартта сотталған адамдарды беру мен одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген. Шартты жүзеге асыру өз кезегінде Сербиямен адам құқықтарын қорғауындағы оң халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа әкеп соқтырады.

Шарт туралы және оған қол қою туралы ақпарат келесідей сайттарда орналастырылған:

www.prokuror.gov.kz (24.08.2016)

www.today.kz (24.08.2016)

www.dailynews.kz (24.08.2016)

www.thenews.kz (24.08.2016)

www.24.kz (24.08.2016)

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

№п/п

Мемлекеттік орган

Т.А.Ә.

Қолы

1.      

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

 

 

2.      

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

 

 

3.      

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

 

4.      

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

 

 

5.      

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

 

 

6.      

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

 

 

7.      

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

 

 

8.      

Қазақстан Республикасының Әділет министрліг

 

 

 

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Алынған күні

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтар-ылған күні

1

2

3

4

5

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының
(Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің)
жобасына қоса берілетін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

Р/с № 

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.

ҚР Үкіметі қаулысының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) жобасы

 

 

2.

Жобаға түсіндірме жазба

 

 

3.

Жіберу көрсеткіші

 

 

4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері

 

 

5.

Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) көшірмесі

 

 

6.

Мемлекеттік орган басшысының Міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі

 

 

 

   «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының анықтама парағына
ҚОСЫМША

№ п/п

«Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті» РМК-нің ұстанымы

Бас прокуратураның ұстанымы

Халықаралық шартты жақсарту бойынша ұсыныстар

1.

7-бап 3-тармағының «b» тармақшасы

Шарт жобасының 7-бабы 3-тармағы «b» тармақшасын нақтылау үшін «ережелер туралы» деген сөздермен толықтырып, келісідей редакцияда беруді ұсынамыз: «қолданылатын өзінің заңнамасының ережелері туралы расталған үзінді көшірмелері».

Қабылданбайды. Шарттың 7-бабы 3-тармағы «b» тармақшасының ұсынылып отырған редакциясы оның мағыналық мазмұнын өзгертпейді, сол себепті серб тарапымен қабылданған жоқ.

2.

7-баптың 2-тармағы

7-бап 2-тармағының келесі редакциясы ұсынылады: «Егер Үкім шығарушы мемлекет сотталған адамды беруге келісімін берсе, онда ол бұл туралы Үкімді орындаушы мемлекетті хабардар етеді және осы Ұкімді орындаушы мемлекетке мынадай құжаттар мен ақпаратты:»

Қабылданбайды. Шарттың 7-бабы  2-тармағының ұсынылып отырған редакциясы оның мағыналық мазмұнын өзгертпейді, сол себепті серб тарапымен қабылданған жоқ.

3.

1 және 2-баптар

Шарттың мәтінінде 1-баптың 2-тармағында (қайталау) және 2-баптың «с» мен «d» тармақшаларында (жалғау) техникалық қателіктер кездеседі.

Қабылданды. Бар жаңылыс жазулар жойылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.